Конфликтінің дисфункциональды (негативті) жақтары: 1.Адамдардың арасындағы өнімсіз, конкурентті қатынас орнайды. 2.Достық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа ұмтылмау. 3.Қарсы жағын «жау», өз позициясын-дұрыс көру. 4.Нақты проблеманы шешуден гөрі, конфликтіде «жеңіске» жету. 5.Ренішті сақтау, қанағаттанбау, нашар көңіл күй.
Конфликтінің пайда болу себебін анықтау, зерттеу
↓
Конфликтіге қатысушылар санын өлшемдеу
↓
Конфликтіні шешу, басқару
/ / \
Өзара қарым-қатынастағы Әкімшілік- Әкімшілік күшпен
тәрбиелік тәсілдер ұйымдастыру шешу
тәсілі
↓ ↓ ↓
- қатысушылар психология- - талапты анық - қатысушылар-
сын ескеру қою дың қызығушы-
- әңгімелесу - бір орталықтан лығын басу
- тілек білдіру басқару - басқа жұмысқа
- нақты келіссөздер - ортақ мақсат шешу ауысу
- психотренинг - мадақтау - сот не әкімшілік
жолмен шешу.
Құрылымдық ұйымдастырушылық және өзара қарым-қатынастағы басқару әдісі
1.Талап қою – дисфункциональды конфликтіні болдырмау. Әрбір адамға, топқа өзінің міндеті мен правосын білу, жұмыс ережелерін түсіндіру.
2. Бірыңғай талапты орындау, бір орталықтан басқарылған талапты адам дұрыс қабылдауы. Егерде өндірістік сұрақтардан қайшылық туындаса, жоғарғы басшыға барады. Үлкен ұйымдарда арнайы жеке қызмет түрлерін атқаратын бөлімшелері болады.
3. Ортақ мақсатты қалыптастыру. Барлық қарамағындағы қызметкерлерінің, ұйымның оның барлық бөлімшелерінің жұмыс істеу стратегиясымен перспективасынан, жүргізіп отырған саясаттан хабардар болуы.
4. Мадақтау. Жұмыстың эффективті болу критериилерін жасақтау. Мысалы, жұмыстағы кемшілік бодырмау үшін көтермелесе, онда конфликтіде болмайды, қауіпсіздік сақталады.
Конфликтіде мінез ерекшелігіне сәйкес субьект типтері:
1.Деструктивті тип – конфликтіге дайын, компромиске бейім емес, қарсыласын жеңуге әзір. Тұрмыста эгоист, айқай-шудың бастаушысы, ұжымда жалған ақпарат жинаушы, көпшілікте-іс-әрекетке іріткі салушы, мемлекет аралық әрекетте-экстремист.
2.Конформист – пассивті, күреске шыққаннан гөрі, басқа адамдарды үгіттеп, басқаның агрессивті әрекетін пайдаланады.
3.Конструктивті тип – конфликтіні өршітпей шешім табады, екі жақтың қызығушылығын қанағаттандырады.
Деструктивті конфликтінің белгілері:
- конфликтінің ұлғаюы,
- конфликтінің эскалациясы, яғни негізгі себептерін жойғанмен, конфликтінің жалғасуы,
- конфликті кезіндегі – уақыттың, шығынның көбеюі,
- агрессивті әрекеттердің, ситуациялық жағдайлардың дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |