Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат министрлігінде 21.11.2012 жылы №13172-Г
куәлігімен қайта тіркелді.
Газет жеке кәсіпкер Казакова С.И. баспаханасында
басылды. Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 98/2.
Заказ №1473
Жауапты редакторлар -
К.К. Тобатаева,
Г.И. Құсманова,
Ш.С. Ибраимова
Көркемдеуші және беттеген -
С.М. Райымханова
Меншік иесі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Редакция мекенжайы: 070004, Өскемен қ., Қабанбай батыр к-сі, 160.
Тел.: 54-47-65, факс: 24-54-55, эл.пошта: red_PM_PV@mail.ru
Ай сайын шығады / Издается ежемесячно
Таралымы 1000 дана / Тираж 1000 экз.
Областная научно-педагогическая
информационная газета
8
№9
(145)
қараша
2014
ноябрь
Құрметті әріптес! «Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру
институтының «Ұстаз әлемі» газеті мен «Педагогика
жаршысы» журналы Сіздің төл басылымдарыңыз
заманауи талаптар аясында кәсіби өсіп-дамуыңызға
бастайтын құралдар.
Ай сайын шығатын «Ұстаз әлемі» газеті және екі
айда бір рет шығатын «Педагогика жаршысы»
журналы беттерінде келер 2015 жылда «Айтарым
бар...», «Пікір», «Педагогикалық ойтолғаулар»,
«Көкейкесті», «Біліктілік: талант пен талап»,
«Бағдарлама басымдықтары бағытымен», «Отан
отбасынан басталады», «Ұлт ұстаздарының ұлағаты»,
«Сұрақ, жауап бағанасы» т.с.с жаңа айдарларды іске
қосу жоспарлануда. Осы орайда газетіміз бен
журналымыздың мазмұны жаңа маусымда жаңарып,
білім саласының алдында тұрған міндет-талаптармен
қатар жүруге әзір екендігін айтпақпыз және бұған
Сіздің, облыстағы барлық әріптес ұстаздарымыздың
қосар үлестерін күтеміз.
Құрметті оқырман-әріптес! Біздің басылымдарда
Сіз өзіңізге күнделікті қызметіңізге қажетті
ақпараттармен, білім берудегі озық әдістемелік тәсіл,
тәжірибемен таныса аласыз, өз тәжірибеңізді ортаға
салып, шығармашылық табыстарыңызбен әріптестер-
іңізбен бөлісе аласыз.
2015 жылы Сіз бен біз төл басылымымыздың
қасында бірге бас қосатын болайық!
Уважаемые коллеги! Газета «Ұстаз әлемі» -
«Педагогический мир» и журнал «Педагогика
жаршысы» - «Педагогический вестник» филиала АО
«Национальный центр повышения квалификации
«Өрлеу» института повышения квалификации
педагогических работников по ВКО отвечают всем
современным требованиям и являются вашими
спутниками в профессиональном росте.
На страницах ежемесячной газеты «Ұстаз әлемі»
- «Педагогический мир» и журнала «Педагогика
жаршысы» - «Педагогический вестник», который
выходит раз в два месяца, в новом 2015 году
планируются новые рубрики: «Ваше мнение»,
«Актуально», «Квалификация: талант и стремление»,
«Родина начинается с семьи», «Колонка вопросов и
ответов», «По приоритетным направлениям
Программы». В связи с этим, обновится содержание
газеты и журнала, и мы готовы идти в ногу со
временем в освещении инновационных изменений в
системе образования. Для этого нужна и ваша
поддержка. Это прежде всего, своевременная
подписка учительства области на наши издания.
Уважаемые коллеги-читатели! В наших печатных
изданиях вы всегда можете найти полезные для
повседневного пользования материалы и
информацию о современных методиках в
образовании, познакомиться с передовым
педагогическим опытом ваших коллег, обобщить
свой опыт.
Напоминаем, что идет подписка на ваши
профессиональные печатные издания. Не забудьте
подписаться!
Надеемся, что в новом, 2015 году, мы с вами
встретимся на страницах ваших профессиональных
изданий!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алғашқы алған
білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушының логикалық
ойлауын, талдау, саралау, салыстыру
қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу
машықтары, есте сақтау, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының қызығушылығын
арттырып, білімқұмарлыққа баулу,
сыйластыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Талдау, көрнекілік, сұрақ-
жауап, ішінара ізденушілік, өз бетінше
жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, логикалық
тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
А) Оқушылардың оқу құралдарын
түгендеу.
II. Психологиялық дайындық.
- Балалар, біздің туған жеріміз, Отанымыз
қалай аталады?
- Ал біздің Президентіміз кім?
- Ол бізге, сендерге кім?
- Ал, ендеше 1 желтоқсан қандай күн болып
саналады?
- Нұрсұлтан Әбішұлы нешінші жылы
дүниеге келді? (1940 ж.)
III. Үй жұмысын тексеру.
- Балалар, үй жұмысын бәріміз орындадық
па?
- Енді бәріміз тақтаға қараймыз, кім үй
жұмысын дұрыс орындады, сол оқушы
дәптерін жоғары көтереді.
Киім ілгіште - 50 пальто.
Киіп кетті - 10 пальто.
Ілді - 8 пальто.
Болды - ?
Ш: (50-10) +8 =48
Жауабы: Киім ілгіште 48 пальто болды.
4+3=
7
5-5=
0
10-9=
1
2+4=
6
- Қандай сөз шықты?
- Жылқы қандай жануар? (4 түліктің бірі,
қасиетті, пайдалы, жесең - ет, мінсең -
көлік, ішсең - қымыз).
Математикалық диктант:
7 мен 3 сандарының қосындысына 4-ті қос
(7+3)+4=14
14 пен 4 сандарының айырмасынан 3-ті азайт
(14 – 4)- 3=7
8 бен 2 сандарының қосындысынан 5-ті азайт
(8+2) - 5=15
15 пен 5 сандарының айырмасынан 2-ні азайт
(15-5) - 2= 8
IV. Жаңа сабақ
- Балалар, алдыңғы сабақта біз 4-ті қосу
және 4- ті азайту тақырыбымен
танысқанбыз. Енді бүгін сол тақырыпты
жалғастырамыз, қайталаймыз.
Кәне, бәріміз №1 тапсырмаға қараймыз.
Бізге қосындының және айырманың мәнде-
рін табу керек. Бәріміз тақтаға қараймыз.
8+4 = қосу үшін, алдымен 4 қандай
сандардың құрамынан тұратынын білуіміз
керек. 4 қандай сандардан тұрады?
4 4 4
2 2 3 1 1 3
- Ендеше, осының ішінде қай санның
құрамы ыңғайлы деп ойлайсыңдар? (2 2)
(8+ 2) +2 =
12
- Ал енді 12 – 4 =
азайту үшін, бізге
тағы
қайсысы
ыңғайлы? (2 2)
( 12 – 2 ) - 2=
8
Қалғаны ауызша
орындалады.
9+4=13 13-4=9 4+8=12
4+9=13 12-8=4 13-9=4
-Енді бәріміз дәптерімізді ашып, бүгінгі
күнді жазамыз.
№2 Теңдеуді шеш
- Қазір бірінші қатар теңдеудің бірінші
бағанын, екінші қатар екінші бағанды, ал
үшінші қатар үшінші бағандағы теңдеуді
орындайды.
4 +Х=11 12-Х=4 Х-4=8
Х=11-4 Х=12-4 Х=8+4
Х=7 Х=8 Х=12
4+7=11 12-8=4 12-4=8
11=11 4=4 8=8
- Енді әр қатардан бір-бір оқушы шығып,
тақтаға теңдеуді жазады.
- Ал енді №3 тапсырманы ойын ретінде
ойнайық. «Ғажайып дорба» ойыны
ойналады.
№3 Оқушылар бір-бір асық алып, сол
тапсырманы тақтаға орындайды.
50+4=54 9+4=13 57-4=53
53+4=57 54-4=50 13-4=9
V. Сергіту сәті.
№ 4 есеп. Оқушылар есепті оқып шығады.
Осы екі есептің ұқсастығы мен айырма-
шылығы неде?
Үйге тапсырма: 60-бет №5 есеп.
Бағалау.
М. ОМАРБАЕВА,
№22 бастауыш орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі,
Семей қаласы
Ө
Т
Т
Р
Б
іздің Шығыс Қазақстан облыс-
тық арнайы жетім балаларға арналған
мектеп-интернатына ата-анасынан
айрылып, жетім қалған, сонымен қатар
мүмкіндігі шектеулі балалар келеді.
Осы оқушыларға білім бере отырып,
алдағы өмірлеріне қобалжудамыз.
Себебі қазіргі кезеңде «бала тәрбиесі
бесіктен» демекші – бала интернатты өз
үйім деп есептеп, үйіндегі ата-аналар
жұмсағандай, еңбекпен тәрбиеленсе,
болашақта еңбек жолы ашық болмақ.
Біздің тәрбиеленушілер еңбек етсе:
өзін-өзі күту дағдылары, оның ішінде
сынып бөлмесін жинау, шаңын сүрту,
гүлдерін суару, өз шұлығын жуу, асхана-
да асты үстелге жасау. Баланы жұм-
сау, бала еңбегін пайдалану деп табы-
лып отыр. Бірақ осы дағдылары қалып-
таспаса, үлкен өмірге қадам басқан
кезде, кім оларға осының бәрін істеп
береді. Сондықтан әр оқушы өзін-өзі
күте алуы керек деп ойлаймыз.
Сонымен қатар біздің Елбасы-
мыздың Жолдауындағы қамқорсыз
қалған балаларға патронаттық тәрбие
беру керек делінген. Шығыс Қазақстан
облысының әкімі Бердібек Сапарбаев
елбасымызды қолдап, 2011-2015 жыл
аралығында облысішілік «Мейірім»
акциясы аясында, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалар мен
жетім балаларға әлеуметтік-патронат-
тық қолдау көрсету шараларын өткізуді
жоспарлады.
- тәрбиеленушінің қазіргі уақыттағы
өмір шарттарына бейімдеу үшін үнемі
түсіндірме және тәрбие жұмыстарын
жүргізу, коммуникативтік міндеттерді
қалыптастыру, корпоративтік, мере-
келік, спорт және басқа да мәдени ша-
раларға қатысуын қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның қызметімен таныс-
тыру арқылы Тәрбиеленушіні ұжымның
өміріне жақындастыру;
- тұрғынүйжинаққорының жүйесі
бойынша Тәрбиеленушінің есеп шотын
толықтыру үшін еңбек ұжымының еңбек
ақысынан немесе басқа да жолдармен
ақшалай қаражатты жіберу;
- Тәрбиеленуші кәмелеттік жасқа
толғанға дейін тұрғынүйжинаққоры жи-
налған қаражатты мақсатты пайдалану
мақсатында түсіндірме және тәрбие
жұмыстарын жүргізу;
- қолдау көрсету: мамандық
таңдауға, техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарына және жоғарғы оқу
орындарына түсуге және оқытуға, оқу
және өндірістік тәжірибеден өтуге;
- тәрбиеленушінің мамандық алған-
нан кейін жұмысқа орналасуына қолдау
көрсету;
- қолайлы тұрғын үйді таңдауға
және алуға қолдау көрсету (2012-2015
жылдары ШҚ облысында ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған
жетім-балалармен балаларды қолдау
бойынша Кешендік жоспар).
Мектеп-интернатта, балалар үйінде
тәрбиеленген кезінен бастап оқушының
есеп шотына ақша салу,мектеп бітір-
геннен кейін ары қарай оқытып, ма-
мандық алуға жәрдемдесу, тұрғын үй
және жұмыс орнын табуға көмектесуі:
әлеуметтік-патронаттық қолдау болып
табылады.
Біздің ұжым осы пікірге түгелдей
қосылады. Бұл Елбасының балаларға
деген ерекше қамқорлығы деп түсінеміз,
алғыс сезіміне бөленіп, айырықша риза
боламыз.
Осы бағдарламаның арқасында оқу-
шылар далада қалмай, өз орнын таба-
ды. Қажетті жағдай жасалғанда ғана ұс-
таздың еңбегі босқа кетпей, әр шәкірті-
нің тағдырын уайымдамайтын болады.
Сондықтан біз өз мектеп-интернаты-
мызға демеуші боламыз деген іскер
адамдарды шақырамыз.
Қысқаша айтқанда, «тоқсан ауыз
сөздің – тобықтай түйіні бар» демекші,
біздің жан айқайымызды естісе екен
дейміз.
«Жетімді көрсең, жебей жүр...», -
деп халқымыз бекер айтпаса керек,
біздің балаларға ірі мекемелер, ұжым-
дар, қалталы азаматтар қол ұшын
беріп, бала алғысына бөлене береді
деген сенімдеміз және соған шақыра-
мыз.
Г. ҚАЛИЕВА,
ШҚО арнайы жетім балаларға
арналған мектеп-интернатының
дефектолог маманы