Конкурса «Золотой Гефест»


Бетті әзірлеген Ардақ БЕРІК



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата06.03.2017
өлшемі23 Mb.
#8463
түріКонкурс
1   2   3   4

Бетті әзірлеген Ардақ БЕРІК 

АрселорМиттал ТМД бас 

директоры Парамжит Калон 

металлургиялық комбинат 

ұжымымен екінші кездесуін 

өткізді. Халықаралық мәжіліс 

орталығының үлкен залында 

өткен кездесуге кәсіпорынның 

бүгінгі жағдайы туралы өз 

құлағымен естуге келгендердің 

көп болғаны сонша, залда ине 

шаншар орын болған жоқ. 

Парамжит Калон 

металлургтерді өз өмірін 

жақсартуға шақырды

БОЛАТШЫ


>

Еңбек ұжымымен кездесу/Proximity meeting

жүлдегерлерін, атақты суретшілер 

мен музыканттарды, әлемге танымал 

бишілер мен атышулы әншілерді 

тәрбиелейік, - деді металлургтерге. 

– Ертең осы бүлдіршіндердің кейбірі 

комбинаттың үздік болатшысы немесе 

ІТ-технологиялардың кәнігі шеберіне 

айналып, оның дамуына үлесін қосатын 

болады.     

Өндіріс және жөндеу 

мәселелері 

Болат департаментінің өндірістік 

мәселелер жөніндегі директоры 

Вадим Басин жасаған баяндамасында 

өндірістік қызметіндегі және дайын 

өнімді жөнелтудегі жақсартуларды 

қажетсінетін тұстарды атап 

айтты. Вадим Борисович кездесу 

қатысушыларын жұмысқа жауапты 

қарауға шақырды. Ол түсінікті 

де, өндірісте жіберілген кішігірім 

қателіктердің қаншалықты ауыр 

салдары болуы мүмкін екендігін білеміз.  

Күрделі және ағымдағы жөндеулер 

жайына келгенде өндірістік мәселелер 

жөніндегі директор үстіміздегі жылы 

ыстық илек станы, ДП-1 және №6 

агломашинаға күрделі жөндеу 

жүретінін айтты. Сондай-ақ ЖЭО-

БАС және ЖЭО-2 станцияларында 

бірқатар күрделі жөндеулер жүргізу 

жоспарланған. 

- Шешімі жоқ мәселе болмайды, - деді 

сөзінің соңында Вадим Басин. – Әрине 

барлық проблеманың басын бір күнде 

қайыру мүмкін емес, бірақ компания 

басшылығы туындаған мәселелерді 

шешуге дайын және шешіп те жатыр.  



Қауіпсіздік техникасы

Еңбек ұжымымен болған бірінші 

кездесуінде Калон мырза өткен жылы 

№3 домна пешінде қаза тапқан 

жігіттің жанұясына берген уәдесін 

көпшілік ұмытқан жоқ. Міне, осы жолғы 

кездесуге дейін берілген уәденің басым 

бөлігі орындалыпты. Қайтыс болған 

жұмысшының отбасының бір баласы 

компания бөлімшелерінің 

біріне жұмысқа алынып, оның 

отбасына 1 миллион теңге көлеміндегі 

бір реттік өтемақы берілген, сондай-

ақ қайтыс болған жігіттің анасына 

денсаулығын қалпына келтіруі үшін 

санаторийге жолдама бөлінген. Қазіргі 

уақытта отбасының тұрғын үй сатып 

алуына қарыз берілу мүмкіндіктері 

қарастырылуда.  

- Біз бұның ешқайсысы да олардың 

ұлдарын өмірге қайтармайтындығын, 

олардың қайғы-қасіретін 

бәсеңдетпейдігін түсінеміз, бірақ біз 

бұл отбасына тым болмағанда кішігірім 

көмегімізді көрсеткіміз келеді, - деді 

Парамжит Калон. – Естеріңізде болсын: 

қауіпсіз жағдайда жұмыс істегеннен гөрі 

бірнеше тонна болатқа кем өндіргеніміз 

әлдеқайда артық. Өздеріңізді және 

жақындарыңызды сақтауларыңызды 

өтінемін.   

Еңбек қорғау және өнеркәсіптік 

қауіпсіздік директоры Андрей Маркин 

өндірістік жарақаттанудың толық 

статистикасын келтіре отырып, ҚТ 

бойынша жағдайдың жақсарғандығын 

тілге тиек етті.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үздік 

өндірістік бөлімшесі» атағы №2 жайма илек цехының ұжымына берілген болатын. Еңбегі еленген 

бөлімшенің қызметі компания басшылығы тарапынан алғаш рет жоғары бағаға ие болып отырған жоқ. 

Цех басшысы Евгений Хицко бөлімшенің сәтті жұмысының құрамдас бөліктері туралы әңгімеледі. 

Өз ісінің шеберлері марапатталды

>

Үздік бөлімше



- Евгений Петрович, бірінші 

тоқсанда қалай жұмыс 

істедіңіздер?

- Көптеген бөлімшелермен 

салыстырғанда біздің 

көрсеткіштеріміз жаман болған 

жоқ: өндіріс және жарамдылық 

түсімі бойынша біз бизнес-

жоспарды орындадық, 

бірінші сұрыптың жоспарлық 

көрсеткішіне сәл жетпей 

қалдық. Наурыз айында 

соңғы бірнеше жыл ішіндегі 

рекордтық көрсеткішке қол 

жеткізілген, бұл өз кезегінде 

өндірістік жоспарды 115% аса 

орындауымызға мүмкіндік 

берді. Мамыр айында шамамен 

сол графиктен жоғары 

дәрежеде илек өндірілді. 

Мен былай дегім келеді егер 

металл жеткілікті болса, біздің 

адамдарымыз жақсы жұмыс 

істеуді қалайды, біледі және 

сүйеді. Қауіпсіздік техникасына 

келетін болсақ, есепті мерзім 

ішінде цехта бір де бір 

бақытсыз жағдай орын алған 

жоқ. Мүмкіндіктер іздеген адам 

сылтау айтпайды, деп дұрыс 

айтылған. Сол сияқты менің 

басқарып отырған ұжымымның 

жұмыста оң нәтижелерге 

қол жеткізуінің себебі де сол 

сылтау айтып, ақталудың 

орнына мүмкіндіктер іздеп, 

алға ұмтылуында деп 

ойлаймын.      



- Өндірістік көрсеткіштердің 

артында қашан да 

адамдардың еңбегі 

тұратындығы белгілі. 

Цех ұжымы туралы айта 

отырсаңыз?

- Біздің ұжымымыз тамаша 

бәрі өз ісінің шеберлері. Цех 

жұмысының нәтижелері менің 

бұл сөзімнің дәлелі. Біздегі 

адамдар негізінен тәртіпті, 

ұқыпты әрі жауапты. Сондай-ақ 

мұндағы адамдардың мінезіне 

жұмыстың қыры мен сыры да 

таңбасын қалдырады. Өндіріс 

кемшіліктерді кешірмейді. Бір 

қарағанда ұсақ-түйек болып 

көрінетін кемшіліктердің 

салдары үлкен шығын мен 

күрделі апаттарға әкелуі 

мүмкін. Сондықтан өндірісте 

кез келген ұсақ-түйектен 

бастап барлығына жіті назар 

қажет.      

- Компаниядағы қазіргідей 

ауыр жағдай кезінде өз 

жұмысшыларыңызды қалай 

ынталандырасыз?  

- Мен қамшымен тәрбиелеу 

тәсілін қолдамаймын. Бұндай 

тәрбиелеу тәсіліне өте 

сирек жүгінемін. Басшының 

күнделікті жұмысы еңбек 

ұжымымен араласып қарым-

қатынас орнатуда. Адаммен 

жұмыс жайында сөйлесу 

барысында мен оны ашық 

әңгімеге тартамын. Содан 

кейін әңгіме барысында 

нақты осы адамның жұмыс 

аясында туындаған мәселенің 

дұрыс шешімін табуы үшін 

бағыт беріп отырамын. Маған 

мәселе бойынша дұрыс шешім 

жұмысшының өз уысынан 

шыққаны маңызды. өйткені тек 

өз ойтолғауымен келген шешім, 

оның жеке таңдауы болып 

табылады. Бұл оны іштей өз 

жұмысын жақсы орындауға 

ынталандырады. Қысыммен 

немесе біреудің әмірімен 

жасалған дүние ешқашан 

жақсы болмайды. Әрине, бұл 

әркім қалағанын сала алатын 

көркемөнер ордасы емес

өндірістік нысан болғандықтан, 

мұнда белгілі деңгейдегі 

тәртіптілік шектерінің болуы 

заңдылық. Бастысы, адамның 

өз құзыреттілігі шеңберінде 

оның мойнына жүктелген 

жауапкершілікті түсінуі. 

Бұл оның өндіретін металл 

сапасына да өндіріс көлеміне 

де қатысты. Біздің цехтың 

қызметі бірегей: мұнда 

ЖИЦ-2, ЖИЦ-3, ЫМАЦ, құбыр 

цехының арасында металлды 

үйлестіреміз. Өнімнің бір 

бөлігі №15 тұйығында 

ыстықтай илектелген 

өнім ретінде жөнелтіледі, 

желіндіру бөлімшесінде біз 

барлық цехтар үшін суықтай 

илектелген және жабынды илек 

әзірлейміз. Бұның барлығы дер 

кезінде және қажетті көлемде 

әрі жақсы сапалы болуы тиіс. 

Бұның барлығы қиын, бірақ 

меніңше, цех ұжымы бұл 

міндетін жақсы атқаруда.                     

- Евгений Петрович, ЖИЦ-

2 отбасылық әулеттерімен 

атағы шыққан. Қалай 

ойлайсыз, бұның цехтағы 

жұмысқа оң әсері бар ма?

- Әлбетте. Өндірісте өтілі бар 

ата-анасы жас маман ретінде 

келген баласына ақылын 

айтып, дұрыс жолға қояды. 

Ал ата-анасының жолын қуып 

комбинатқа келген жас маман 

өз тегіне кір келтірмеу үшін 

ата-анасының жетістіктерін 

асыра орындауға тырысады. 

Басшылық үшін бұның тек 

жақсы жақтары бар. Біздің 

цехта шаңырақ көтерген және 

бала сүйген әулеттер көп. Ата-

анасының жолын қуып осында 

жұмыс істеуге келгендері де 

бар. Бұл тамаша емес пе?! 

Олар үшін комбинат екінші 

үйлері іспетті: олар оны 

қорғаштап, сақтауға және 

дамытуға тырысады.  

- Евгений Петрович, үздік 

бөлімше басшысы ретінде өз 

әріптестерңізге қандай кеңес 

бере аласыз?

- Әрине, барлық жағдайда 

жұмыс істейтін сәттіліктің 

әмбебап рецепті жоқ. Өйткені 

әр цехтың жабдық құрамы 

мен ұжымы бірегей. Менің 

бұл сөзіммен кез келген 

басшы келіседі деп ойлаймын. 

Сондықтан егер басшыны бір 

Кездесу басталмай тұрып, оған келген 

әрбір жұмысшыға кері байланыс 

анкетасы таратылған болатын. 

Анкетадағы сұрақтарға берілген 

жауаптар компания басшылығына 

аталмыш кездесулердің тиімділігі мен 

нәтижелілігін арттыруға көмектеседі.   

Калон мырза өз сөзін металлургиялық 

комбинаттың мамыр айындағы 

жұмыс нәтижелері жайындағы 

егжей-тегжейлі ақпараттан бастады. 

Шойын, болат, ыстық илек, үрлеу 

және бу өндіру бойынша өндірістік 

көрсеткіштер бизнес-жоспарда 

бекітілген цифрлардан жоғары болды. 

Бас директор осы қарқынмен алдағы 

үш айда жұмыс жасайтын болсақ, 

зауыт тұрақты өндіріс деңгейіне қол 

жеткізетіндігін атап өтті. 



Стратегия – көп өндіру 

және көп сату 

Калон мырза металлургтерге 

компанияның корпоративтік кеңсе 

өкілдерімен бірлескен комбинаттың 

даму стратегиясының әзірленіп 

жатқандығын айтты. Оның мәні 

келесіде: кәсіпорын пайда әкелуі 

тиіс. Бұл үшін өндірісті – тұрақты, 

шығындарды – минималды ету керек. 

Басқама жоспарлары – өзіміздің және 

сатып алынатын темір кен мен көмірді 

пайдаланудың оңтайлы тепе-теңдігін 

табу, ішкі және сыртқы логистиканы 

ұйымдастыру, екі ЖЭО-ның жұмысын 

тұрақтандыру, бүкіл өндірілетін өнімнің 

тиелуі мен сатылуын қамтамасыз ету. 

Парамжит Калон сондай-ақ компанияны 

кадрлық өзгерістер күтіп тұрғанын 

айтты.  Бұл өзгерістер илек цехтары, 

технологиялық қызмет және басқа 

да бірнеше бөлімше басшылығына 

қатысты болады. 



Ертеңгі ұрпаққа бүгіннен 

қолдау көрсету

Бас директор өз сөзінде қала 

құраушы кәсіпорынның Теміртау 

бүлдіршіндерінің шығармашылық 

және спорттық бейімдерін қолдау 

бағытындағы жұмысы жайында айта 

келе: 

- Әлеуметтік жауапкершілік – 



«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 

үшін басым бағыттардың бірі болып 

қала береді. Бір қарағанда бұның 

өндіріске, әсіресе қара металлургияға 

қандай қатысы бар деп ойлауыңыз 

мүмкін. Балалар – біздің ертеңіміз, 

оларға қолдау көрсетіп, түрлі байқаулар 

мен сайыстарға қатысуына ықпал 

етуіміз керек. Олар «АрселорМиттал 

Теміртау» компаниясы сияқты алпауыт 

әрі күшті қолдаушыларының бар 

екендігін сезінуі және осы сезімнен 

жеңіске деген шабыт алуы қажет. Олар 

өздерінің ең жақсыға лайық екендерін 

сезініп өсуі керек. Сіз бен біз болып 

бірлесе отырып болашақ олимпиада 

цехтан екіншісіне ауыстырса, 

оған өзінің басқару, қарым-

қатынас орнату және 

жабдыққа қызмет көрсетуді 

ұйымдастыру тәсілдерін 

өзгертуіне тура келеді. Әр 

жердің өз ерекшеліктері 

мен нюанстары бар. Барлық 

жағдайда жақсы жұмысқа бір 

нәрсенің нақ кепіл болатыны 

белгілі, ол – сенімді команда. 

Дұрыс іріктеліп алынған 

адамдамды қажетті орындарға 

қоюдың маңызы зор. Мен бұған 

дейін де айтқан болатынмын, 

басшының қызметінің ең 

күрделі әрі маңызды бөлігі 

– бұл адамдармен жұмыс. 

Адам – кез келген өндірістің 

ең үлкен құндылығы. Жабдық 

және оның жағдайы әрине 

маңызды, бірақ олардың күтімі 

тағы да адамдардың міндеті. 

Егер олар өз жұмысына мұқият 

және жауапты болса, олардың 

қарамағындағы жабдық та 

ұзақ әрі сенімді жұмыс істейтін 

болады. Адамдармен жұмыс – 

бұл алтын кілт іспеттес: жолын 

тапсаң, бәрі жақсы болады, 

ал таба алмасаң, цех жұмысы 

алға баспайды. 

Сондықтан да біздің 

цех ұжымына жоғары 

көресткіштермен дәлелденген 

сапалы жұмысы үшін 

алғысымды білдіргім келеді. 

Алдағы уақытта да тек биіктен 

көріне берейік!


1    АО "АрселорМиттал Темиртау"  22.06.2016 №25

1 Компания 1 Общество 1 Газета

10

«АрселорМиттал» кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «тікелей желісі»: 96-09-09. E-mail: Hotlinetemirtau@arcelormittal.com



>

Әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік

«АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ балалар 

мен жасөспірімдер 

орталығында әркім уақытын 

қызықты өткізе алады. 

Бұған жақында қаламызға 

Үндістан елінен қонаққа 

келген студенттердің де 

көзі жетті. Олар қатарынан 

бірнеше күн бойы БЖО 

ұжымының ұйымдастырған 

шараларына қатысты.   

Достар арасында

Үндістанның Джайпур 

қаласында орналасқан LNM 

Institute of Information Technology 

университетінің студенттері 

алғаш рет Теміртауға осыдан 

тура он жыл бұрын келген 

болатын. Олардың сапарының 

басты мақсаты - өндірістік 

іс-тәжірибеден өту болып 

табылады. Алайда олардың 

мүлдем бейтаныс елдегі бос 

уақытын қызықты әрі пайдалы 

өткізуіне де үлкен мән беріледі. 

Бұл міндет жыл сайын дәстүр 

бойынша «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ жанындағы 

балалар мен жасөспірімдер 

орталығына жүктеледі. Олар 

үнді студенттеріне арнап 

шеберлік сабақтарын өткізеді. 

- Өздерінің тығыз күнтәртібінен 

уақыт бөліп, біздің мәдени-

сауықтыру шараларымызға 

бар ынта-жігерімен қатысуы 

қуантады. Біздің олар үшін 

ұйымдастыратын шеберлік 

сабақтарымыздың мақсаты 

қандайда бір қолөнердің негізін 

үйрету ғана емес, сондай-

ақ Қазақстанның мәдени 

ерекшеліктерімен таныстыру 

болып табылады, - деді  

«АрселорМиттал Теміртау» 

АҚ жанындағы балалар мен 

жасөспірімдер орталығының 

директоры Ольга Кисличенко.

- Биылғы ұйымдастырылған 

бес шеберлік сағатқа 26 адам 

топтарға бөлініп қатысты. 

Қонаққа келген студенттердің 

әрқайсысы шеберлік 

сағаттардың барлығына 

қатысатын болады. Оларға 

орталық жетекшілері қолөнер, 

вокал және хореография 

негіздері мен дене шынықтыру 

бойынша шеберлік сағаттарын 

жүргізетін болады, - дейді Ольга 

Михайловна.      

Үндістандық қонақтар 

«Лепка» қолөнер студиясында 

Өткен аптада Самарқанд 

су қоймасының оң 

жағалауында орналасқан 

«Арман» демалыс 

орны өзінің алғашқы 

демалушыларын 

қабылдады. Өздерінің 

демалыс аймағының 

ашылу салтанатында 

қосалқы бөлшектер 

өндіру басқармасының 

жұмысшылары 

театрландырылған 

қойылым, үлкен 

шығармашылық концерт 

пен үлкендер мен кішілерге 

арналған спорттық 

сайыстар ұйымдастырды. 

Жазғы маусым ашылды

«Арман» демалыс аймағында 

комбинаттың төрт цехының 

жұмысшылары демалады, 

олар: механикалық, қалыптап 

құю, темір ұста-пресстеу 

және металлқұрылымдар 

цехтарының жұмысшылары. 

Бұл күні демалуға келгендерді 

оң жағалауға тасымалдау үшін 

«Самарқанд» теплоходына 

LNM Institute of Information Technology студенттері 

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ БЖО-ның шараларына қатысты

екі рейс жасауға тура келді. 

Демалыс аймағына келген 

бетте басқарма жұмысшылары 

концерттік алаңға асықты. 

Онда оларды «Біз салауатты 

өмір салтын қолдаймыз!» 

театрландырылған 

қойылымның қатысушысы әрі 

көрермені болу мүмкіндігі күтіп 

тұрды. 

Аталмыш демалыс зонасы осы 



жазғы маусымды бірінші болып 

ашқандығын атап өту керек.      

- Бүгінгі шоу сценарийін ҚӨБ 

механигі Александр Левин 

жазған болатын. Ол және 

білдекші Николай Чубаров 

оның жүргізушісі болды,- 

дейді ҚӨБ басшысының 

орынбасары Михаил Макаров. 

– Қойылымда біздің жазғы 

демалысымызды қалай 

өткізетіндігіміз сатиралық 

формада көрсетілген. Әр цех 

өзінің нөмірін дайындады. 

Бұның барлығы жаңа 

концерттік алаңда өтті. Біз 

оның құрылыс жұмыстарын 

жазғы маусымның ашылуына 

дәлдеген болатынбыз. Шара 

соңы үлкен концертке ұласып, 

біз өзімізге сүйікті болып 

үлгерген және жаңа әндерді 

шырқадық.  

Жылдар бойғы қалыптасқан 

жақсы дәстүр бойынша бұл күні 

балаларға арналған көңілді 

старт ұйымдастырылды, 

жеңімпаздарды әкімшілік 

пен кәсіподақ тарапынан 

дайындалған сыйлықтар 

күтіп тұрды. Ал ересектер 

жағы болса, «Құрылысмет» 

ЖШС-нің теміртаулық және 

қарағандылық бөлімшелерінің 

арасындағы волейбол ойынын 

тамашалады. Қызықты әрі 

тартысты ойын қорытындысы 

бойынша теміртаулық 

металлургтер 3:0 есебімен 

қарағандылықтарды ұтты.   

Күннің жылы шуағына толы 

бұл күн әр демалушының 

жанына жақын демалыс 

түрінен ләззат алуға мүмкіндік 

берді. Белсенділері суға 

шомылып, күнге қыздырынса, 

екіншілері балық аулауға 

кірісті. Ал енді біреулері 

әріптестерімен әңгіме дүкен 

құрып, бір сөзбен айтқанда бар 

жан-тәнімен демалды...

- Демалыс аймағы жасыл 

өсімдіктер көлемі мен 

балаларға, футбол және 

волейбол ойындарына 

және би кештеріне арнайы 

жабдықталған алаңдары 

бар екен. Аймақ алаңының 

кеңдігі демалушыларға өз 

қалауы бойынша уақыт 

өткізуге мүмкіндік берді,- 

дейді Михаил Михайлович. 

– Маусымның ашылуына 

біз әбден дайындалдық: 

үйшіктерді жөндедік 

және боядық, жағажайды 

тазарттық, шөпті шаптық, 

маса-шіркейлерді уладық. 

Демалыстың жоғары деңгейде 

өтуі және демалыс аймағының 

сапалы жұмыс істеуі үшін 

қажеттің бәрі сатып алынды. 

Барлығы демалушылардың 

қамы үшін жасалды. Биыл біз 

жаңа демалыс үйшіктерінің 

құрылысын, жаяу жүргіншілер 

мен кірме жолдарына асфальт 

төсеу жұмыстарын жоспарлап 

отырмыз. Келешекте – 

волейбол алаңы мен айлақты 

жаңарту жоспарлануда. 

ұйымдастырылған шеберлік 

сабақтары барысында квиллинг 

техникасын пайдалана отырып 

ашықхат жасаудың негіздері 

үйретілген болатын. 

- Квиллинг – бұл жіңішке 

әрі ұзын шиыршықталған 

түрлі-түсті қағаздардан 

композициялар әзірлеу. Бұл 

техниканың көмегімен көлемді, 

кез келген бейнелі ашық хат 

дайындауға болады, - деп 

әңгімелейді студия жетекшісі 

Ирина Шефер. – Бұндай 

жұмысты орындау үшін 

шыдамдылық пен мұқияттылық 

сияқты қасиеттердің болуы 

маңызды. Студенттер мен 

берген тасырманы бар 

ынта-жігерімен, тіпті өзіндік 

ерекшеліктерін енгізе отырып 

орындады. 

«Қазақстанның ою-өрнек 

көркемөнері» деп аталатын 

шеберлік сабағында 

үндістандық студенттер 

қағаздан киіз үй дайындап, оны 

безендіруде бірнеше техниканы 

қолданды. 

- Дайын жұмысты алу үшін 

біз қатарынан бірнеше 

техниканы қолдандық. Атап 

айтатын болсақ, көлемді қағаз 

пластикасы, матрицалар, сәндік 

көркемсурет. Жұмысты орындау 

барысында үнді студенттері 

қазақ халқының ұлттық ою-

өрнек түрлерімен танысты. 

Бұл жолы да қыз-жігіттер өз  

жұмыстарына үнді мәдениетінің 

элементтерін енгізе отырып 

орындады, - дейді «Коллаж» 

бейнестудиясының жетекшісі 

Татьяна Бурова.

Студенттер шеберлік сабағы 

үстінде жұмыстарды орындау 

техникасынан гөрі, бұрын-

соңды көрмеген тұрғын үй түрі 

киіз үйге деген қызығушылығын 

жасырмады. Олар жетекшілерге 

киіз үйдің осынша қарапайым 

бола тұра қыста суықтан, 

жазда ыстықтан қалай 

қорған болатындығы туралы 

сұрақтарын қойған болатын.     

- Киіз үй – бұл құрылымы 

бойынша өте ерекше тұрғын 

үй, сондықтан да оны қағаздан 

жасау өте қызықты, - дейді 

студенттердің бірі Кратен Джин. 

– Жалпы мен үшін қағазбен 

және бояулармен жұмыс істеу 

–жаңа тәжірибе, өйткені мен 

мұндаймен балалық шағымнан 

бері айналыспағанмын. 

Оның өзінде қарапайым 

ағаштар мен үйлердің 

бейнесінен аспайтынмын. 

Бүгін сол балалық шағыма 

оралғандаймын. 

Бұнымен үнді студенттерін 

Қазақстан мәдениетімен 

таныстыру аяқталған жоқ. 

Қазақ және орыс ұлттық 

билерінің негізін үйретуге 

арналған бөлек шеберлік 

сабақтары ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ студенттер вокал 

өнерін «Подмомсковные 

вечера» әнінің сөзін жаттап, 

әуенін үйренді.      

- Маған бұл әннің мәтіні не 

туралы екендігін айтып берді: 

өзеннің жағасында отырған 

жігіт қызға өзінің сезімін айтып 

жеткізгісі келеді. Маған бұл 

әннің тек қана мазмұны ғана 

емес, сондай-ақ әуені де қатты 

ұнады. Алайда оны орындау 

оңай емес болып шықты: мен 

үшін ән мәтінінің сөздерін айту 

қиынға соқты, - дейді Шринки 

Ачара есімді студент. 

Барлық шеберлік сабақтар 

арасында дене тәрбиесі ерекше 

орын алды. Мұнда қонақтар 

серігіп қана қоймай, сондай-

ақ болашақта қажет болатын 

пайдалы машықтарды да 

меңгерді. 

- Біздің мақсатымыз – 

студенттерге салауатты өмір 

салтының жолын көрсету. Біз 

олармен жалпы әлдендіретін 

жаттығулар жасап, оларға 

күнделікті өмірде қажет болуы 

мүмкін өзін қорғау элементтерін 

және тыныс гимнастикасының 

негіздерін үйретеміз. Біз небары 

екі-үш жаттығуды көрсеткеннің 

өзінде сабақ қатысушылары 

жағымды эмоциялармен 

әсерленіп, ары қарай спортпен 

шұғылдануға ынталанды, - 

дейді шығыс жекпе-жектері 

студиясының жетекшісі 

Анатолий Жаркевич.

Қонақтар шеберлік сабақтары 

барысында игерген өнерлері 

мен дағдыларын «Достар 

арасында» концертінде 

көрсете алды. Оған сондай-

ақ «АрселорМиттал Теміртау» 

АҚ жанындағы балалар мен 

жасөспірімдер орталығының 

тәрбиеленушілері қатысты.

>

Демалыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет