Конкурстың өткізілу тілдері: ағылшын, қазақ, орыс. Конкурс келесі секциялардан тұрады: Секция 1



Дата09.03.2023
өлшемі62,07 Kb.
#72725
түріКонкурс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті





АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


16 - 17 наурыз 2023 ж.


АКТ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Конкурс Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің студенттері мен магистранттары арасында қашықтықтан өткізіледі.


Конкурстың өткізілу тілдері: ағылшын, қазақ, орыс.
Конкурс келесі секциялардан тұрады:
Секция 1. Компьютерлік графика және анимация, дизайн.
Секция 2. Инновациялық әдістер және оқыту құралдары.
Секция 3. Web-ресурстарды құру және ақпараттық қауіпсіздік.
Секция 4. Программалау.
Секция 5. Мехатроника және робототехника.
Секция 6. Компьютерлік және математикалық модельдеу.


Конкурсқа келесі материалдар жіберіледі:

  1. Автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы ақпарат берілетін белгіленген үлгідегі өтінім (Қосымша 1).

  2. Өзектілігі, жаңалығы, маңыздылығы және оны пайдалану перспективалары көрсетілген жұмыстың сипаттамасы.

  3. Шығармашылық жобаны (бағдарламалық өнімді) әзірлеу кезеңдерін көрсететін мультимедиялық материалдар (презентациялар!!!).



Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
1. Конкурсқа материалдар электронды түрде жіберіледі.
2. ЖОО-ның атауы, факультет, кафедра, академиялық топ, секция, жұмыстың атауы, жоба авторларының және жетекшілерінің аты-жөні мен қолдарынан тұратын титулдық парақ.
3. Титулдық парақты қоса алғанда 5 парақтан аспайтын жұмыстың сипаттамасы. Ресімдеуге қойылатын талаптар:
- өрістер: сол жақ – 2,5см, оң жақ – 1,5 см, жоғарғы/төменгі – 2,0 см;
- қаріп Times New Roman, өлшем 14;
- жоларалық интервал – бірлік;
- абзацтық шегерім (бірінші жолдағы абзац) – 1,25 см.
Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды.
Конкурс нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер жинағын шығару жоспарлануда (электрондық формат).
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар ұйымдастыру комитетіне 2023 жылғы 12 наурыздан кешіктірмей өтінім мен жұмысты келесі электрондық поштаға жіберуі тиіс: ict.ksu@mail.ru

Конкурсты өткізу орны: 100026 Қарағанды қ., Университет көшесі, 28а, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультеті.


Қосымша 1


АКТ қолдану бойынша студенттер мен магистранттардың
ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобаларының
VI халықаралық конкурсына қатысуға өтінім
АВТОР


1. Тегі, аты, әкесінің аты
2. ЖОО, мамандық, курс, топ
3. Секция
4. Байланыс деректері:
- мобильдік телефон;
- e-mail.


ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ


1. Тегі, аты, әкесінің аты
2. ЖОО, факультет, кафедра
3. Ғылыми дәреже, ғылыми атақ, қызметі
4. Байланыс деректері:
- мобильдік телефон;
- e-mail.
5. Дипломның түпнұсқасын жіберу үшін университет кеңсесінің мекенжайы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет