Конрад Аденауэр атындағы Қор


Еңбек нарығының нақты көрінісі: статистика және



Pdf көрінісі
бет130/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Еңбек нарығының нақты көрінісі: статистика және 
үрдістер
Еңбек нарығы кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы-
ның іргетасы болып табылады.
Ресми статистикалық деректерге
1
 сәйкес, Қазақстандағы еңбек нарығы 
мынадай.
2018 жылдың бірінші тоқсанында 15 және одан жоғары жастағы жұмыс 
күшінің саны 9,0 млн адамды құрады. Республика экономикасында 8,5 млн 
адам жұмыс істейді немесе 15 жастан асқан халықтың 66,1%-ын құрайды. 
Жалдамалы жұмыскерлер саны 6,5 млн адамды құрады. Өзін-өзі жұмыс-
пен қамтығандардың саны – 2 миллион адам.
2018 жылдың бірінші тоқсанында 437,8 мың адам – жұмыссыз (15 жастан 
асқан және табысты жұмыспен қамтылмаған жастағы, жұмысты бел-
сенді түрде іздеп жүрген және оны істеуге дайын адамдар). Жұмыссыз-
дық деңгейі 4,9% болды
2
.
Жұмыссыздардың жалпы санында 15–24 жас аралығындағы жастардың үлесі 
 
8,9%-ды құрады немесе 39,1 мың адам. 15–28 жас аралығындағы жастар – 
19,2% немесе 84,0 мың адам. 15–24 жас аралығындағы жастар арасында 
жұмыссыздық деңгейі – 3,9%, 
 
15–28 жастағылар арасында – 4,1% болды
3
.
Сарапшылардың айтуы бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту қыз-
метіне келген 
 
15 жұмыссыз азаматтардың біреуі ресми еңбек нарығы 
институттарына сенімсіздікті анық көрсетіп отырады. Жұмыссыздар саны 
әлемдік тәжірибеде әдеттегідей жұмыс іздейтін әрбір азаматтың тірке-
луімен анықталмайды, статистиктердің күшімен қалдық принципін пай-
далана отырып есептеу арқылы жасалады. «E & Y» тәуелсіз аудиторлық 
компаниясы жүргізген зерттеулердің нәтижелері елдегі жасырын жұмыс-
сыздықтың жоғары пайызын көрсетеді, бірақ соңғы бірнеше жылда ресми 
жұмыссыздық деңгейі – 5% деңгейінде қалды. Демек, жұмыссыздықты 
және жұмыссыздық статистикасы тіркелмеген жұмыссыздарды өзін-өзі 
1
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми 
сайты: http://stat. gov. kz. Ақпарат алынған күн: 2018 жылғы 06 маусым.
2
 Ресми жұмыссыздық деңгейі жасырын жұмыссыздықты есепке алмайды, себебі ол 
жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдіргендерді ғана қамтиды.
3
 Еңбек нарығындағы 2018 жылдың бірінші тоқсанында жағдай туралы. 2018 жылғы 11 
мамырдағы жедел ақпарат, № 36–8/179.


251
Қазақстан еңбек нарығын құқықтық реттеу: проблемалары және шешімдер
жұмыспен қамтығандар санатына немесе басқа да санаттарға қосу нәти-
жесінде пайда болуы мүмкін
4
.
Қазақстандағы еңбек нарығын халықаралық бағалауына орай, Дүни-
ежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) «Жаһандық 
бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index)» (бұдан 
әрі – Индекс) зерттеу нәтижелерін талдауға тура келеді.
Осы зерттеудің үш негізгі қорытындыларының бірі 2017 жылға еңбек 
нарығына қатысты. Еңбек нарығының икемділігі мен қызметкерлерді 
қорғау төртінші индустриалды революция дәуірінде олардың біртұтас 
өркендеуін қамтамасыз етуі қажет екендігі атап өтіледі
5
.
Индекс 12 индикатордан тұрады, олардың бірі – еңбек нарығының тиімділігі. 
Оның мәні еңбек нарығының икемділігін бағалауға негізделеді, бұл жұмыс-
шыларға экономикалық ынталандыруды барынша тиімді пайдалану және 
олардың жұмыс орындарында бар күш-жігерін жұмсау мүмкіндіктері 
қаншалықты жақсы екендігін көрсетеді. Индекс бойынша тиімді еңбек 
нарығы қызметкерлерге және жұмыс берушіге төмен шығындармен қыз-
меткерлердің бір шаруашылық қызметтен екіншісіне жедел қозғалысына 
ықпал етеді. 2017–2018 жж. индекс бойынша Қазақстан еңбек нарығының 
тиімділігі бойынша 35-орында. Айтпақшы, бұл – жалпы саны 12 көрсеткіш 
қамтылған рейтингтегі ең жоғары көрсеткіш.
Еңбек нарығының көрсеткіштері мен жалғаспалы индикаторлары еңбек 
қатынастарын ырықтандырудың 2015 жылғы реформасын көрсетпейтіні 
өте қайшылықты. Керісінше, Индекс деректері бойынша еңбек нарығы 
Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданғаннан кейін 
неғұрлым тиімді және икемді болды.
Осылайша, 2013–2015 жылдар аралығында Қазақстан еңбек нарығының 
тиімділігі тұрғысынан әлемде 15-орынға ие болды, ал төлемақының 
икемділігі бойынша 
 
20–24 орынды иеленді. Бұл күмән тудыруы мүмкін, 
себебі 2015 жылы реформалаудың басты себебі еңбек нарығының икемділігі 
мен тиімділігінің жеткіліксіздігі болды.
4
 Кулекеев Ж. А. Қазақстанның еңбек нарығының 10 ерекшелігі // Қолданбалы экономика 
зерттеулер орталығының ресми сайты [электронды ресурс]: https://cipe. kz/ru/articles/ 
macroeconomics. html?id=107. Ақпарат алынған күн: 2018 жылғы 10 маусым.
5
 The Global Competitiveness Report 2017–2018 / World Economic Forum: Geneva, 2017. 
[Electronic resource] www. weforum. org/gcr. Accessed: 29 May 2018.


252
Қазақстан экономикасының трансформациясы
2‑кесте. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Еңбек нарығының 
тиімділігі» көрсеткіші, Қазақстанның профилі, 2012–2018 жж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет