Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет33/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Конспект №5


Тақырыбы:Сабақ - математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Қазіргі заманғы математика сабағына және оның әдістемелік талдауына қойылатын талаптар.

  2. SMART-мақсаттар.

  3. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары және ұйымдастыру формаларының жүйесі.

  4. Тапсырмалардың түрлері (жаттығу, іздеу, зерттеу, шығармашылық) және мазмұны.

  5. Оқыту мақсаттары таксономиясы негізінде ойлау дағдыларының деңгейлері. Сыни ойлауды дамыту тәсілдерін қолдану.

  6. Рефлексия.

  7. Сабақтағы кері байланыс.

  8. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар.

  9. Дарынды және талантты балалармен жұмыс.

  10. Шағын жинақты мектепте математика сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Алпысов А.Қ. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ Павлодар, 2012

  2. САҒЫМБЕКОВА П.С., ТЛЕУБАЕВА Э.Ы., ТОРТАЕВА А.С.

  3. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНА ДАЙЫНДАЛУ МЕН ОНЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Тараз-2013




    1. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін

белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.
«Ақпараттық технологиялар» терминін электрондық құралдар арқылы ақпаратты жинақтап, өңдеп, көрсету және қолдану деп түсіну керек.
Ақпараттық технологиялар құрамындағы компоненттермен және олар іске асырылатын ортамен сипатталады:



      • техникалық орта (негізгі мәселені шешу үшін қолданылатын техника түрі);

      • бағдарламалық орта (бағдарламалық құралдар жиынтығы);

      • пәндік орта (ғылымның, техниканың, білімнің тиянақты пәндік аймағының мазмұны);әдістемелік орта (нұсқаулар, қолдану реті, тиімділік бағасы және т.б.)

Оқытудың ақпараттық технологиялары – ол компьютердің көмегімен білім алушыға ақпаратты дайындау және беру үдерістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет