Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет36/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76

Практикум сабақтары.


оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған
(әрқайсысында 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді әр деңгейге («3», «4», «5»-тік бағаларға) алады.
оқушылар деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады, көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға болады, сонымен қатар бірлесіп шешу үшін жұптарға немесе топтарға бірігуге болады;
қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша әрбір оқушыға 1-2 тапсырма береді;
оқушы шешу жолын көрсетіп, бағасын алады.

Оқушының өз бетімен жұмысы


Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс (мыс.денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін). Бұл жағдайда оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен және оқулықпен
жұмысының жоспарын құру талап етіледі.
Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі.
Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, әзірлеп, қорғайды).
1.1 Оқыту процесін ұйымдастырудың формалары Оқыту процесі – өте ұзақ және аса күрделі біртұтас педагогикалық үдеріс. Оқыту процесінде
коғамның мектеп алдына қойып отырған талаптарынан туындайтын мына сияқты сұрақтарға жауап беріледі:
1) Неге және не үшін оқыту керек? 2) Нені оқыту керек? 3) Қалай оқыту
керек? 4) Нелерді пайдаланып оқыту керек? 5) Қандай жүйемен (формада - П.С.) оқыту керек? Бұл сұрақтар оқыту процесінің өзіне тән негізгі компоненттерін анықтайды. «Неге және не үшін оқыту керек?» деген
сұраққа оқыту процесінің оқытудың мақсаты деп аталатын компонентінде жауап ізделеді. Қандай да болмасын қоғамда оқыту ісін дұрыс жолға қою үшін, ең алдымен, оқыту мақсаты анықталады. Оқытудың бұл аса маңызды компонентінің мазмұны мемлекеттің «Білім туралы заңында», сондай білім беру туралы мемлекеттік стандарттарда беріледі. Оқыту процесінің «Нені оқыту керек?», яғни оқушыларды қандай көлемдегі және шеңбердегі біліммен қаруландыру керек? деген сұраққа жауап беретін компоненті
оқытудың мазмұны деп аталады. Оқытудың мазмұны арнайы нормативті құжаттарда (білім стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары,
оқулықтар -П.С.) анықталады. «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа оқыту процесінің оқыту әдістері деп аталатын компонентінде жауап ізделеді.
Оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы педагогика және әдістеме
оқулықтарында, сондай-ақ мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдарда келтіріледі. Бірақ мұғалім нақты жағдайларда оқыту әдістерінің қайсысын таңдап aлy қажет екенін өз тәжірибесіне сүйене отырып, өзі белгілейді.
Оқыту процесінде мұғалімге оқушыға білімді терең меңгерту үшін арнайы құралдар жүйесін пайдалануға тура келеді, яғни «Нелерді пайдаланып
оқыту керек?» деген төртінші мәселені шешу оқыту процесінің оқытудың құралдары деп талатын компонентінде жүзеге асырылады. Оқытудың құралдары мейлінше сан алуан. Оған жататындар: мұғалімнің сөзі мен
ісәрекеттері, оқыту жабдықтары (бор, тақта, қалам, дәптер, оқулық, т.с.с.), көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құралдары және т.б. Оқыту процесіндегі бесінші мәселе «Қандай жүйемен оқыту керек?» оқытуды ұйымдастырудың формалары деп аталатын компонент арқылы іске
асырылады. Оқыту процесінің осы компоненттерінің барлығы өзара тығыз байланысты, өйткені оқыту процесінде жоғарыда атап көрсетілген мәселелер кешенді түрде шешіледі. Оқыту процесінің компоненттерін және олардың арасындағы байланысты шартты түрде мынадай сызба-нұсқа түрінде керсетіп беруге болады.

Сызба-нұсқаның маңызы ол оқыту процесінің құрылымы және оның компоненттері туралы айқын түсінік береді. Бұл құрылымда оқытуды ұйымдастырудың формалары деп аталатын компоненттің ерекша маңызы бар. Сондықтан оған кеңінен тоқталайық. Жалпы алғанда, форма (forma – латын сөзі) қазақша «сыртқы көрініс» деген мағынаны білдіреді. Демек, форманы қандай да бір мазмұнның сыртқы бейнесі ретінде түсінуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, оқытуды ұйымдастырудың формасы дегенді оқушылардың санына, оқитын орнына, уақытқа байланысты арнайы түрде ұйымдастырылып, дәл белгіленген режим мен тәртіпке бағындырылған жұмыс түрі деп білу керек. Оқыту процесінің басқа да компоненттері сияқты оқытуды ұйымдастырудың формасы да өзгермейтін нәрсе емес.


Қоғамның дамуына, оның талаптарына, адамзаттың осы салада жинақтаған тәжірибелеріне, сондайақ оқытудың мақсат-міндеттерінің өзгеруіне қарай ол да өзгеріп, толықтырылып және жетілдіріліп отырады. Мектеп тарихына
қарағанда, осы күнге дейін оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының пайдаланылып келгендігін аңғаруға болады. Осылардың ішіндегі педагогика тарихынан мәлім Оқытудың мазмұны Оқытуды ұйымдастырудың формалары Оқыту құралдары Оқыту әдістері Оқыту
мақсаты ең маңыздылары мыналар: сынып-сабақ формасы, жеке-топтық форма белльланкастер жүйесі, мангеймдік жүйе, дальтон-жоспар, ынтымақтастықта оқыту формалары (кіші топтарға бөліп оқыту жүйесі),
жобалар әдісі т.б. Осылардың кейбіреулері, мәселен, сынып-сабақ формасы сияқтылары, өзгертілген және жетілдірілген күйінде қазіргі заманғы мектептерде әлі де қолданылып жүргенін атап айтуымыз керек. Оқыту процесінің басқа да компоненттері сияқты оқытуды ұйымдастырудың формалары да өте ұзақ даму жолынан өтті. Ежелгі заман мен орта
ғасырларда оқыту бұқаралық сипат алған жоқ, яғни қоғам жас ұрпақты жаппай оқыту талабын күн тәртібіне қойған жоқ. Сондықтан алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке-дара жолмен іске асырыла
бастады. Мұнда арнайы сабақ кестесі болған жоқ, оқыту ісі оқушының немесе мұғалімнің ыңғайына қарай өзгертіліп отырды. Бұл жүйенің
элементтері оқушының жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты алға қойылып отырған қазіргі кезде де қолданылады. Мұнда оқушылар қандай да бір пәнді тереңірек оқып - үйрену үшін мұғалімге ақы төлеп, арнайы жеке оқу
жоспары бойынша оқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет