Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет31/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Иллюстрация — демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер,
чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.

Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгер-геніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге


айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.

Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан


ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі
құралдардың тиімді көлемін де анықтауы қажет.

Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны — бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәңдерін оқытуда кеңінен қолданылады.




Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек
операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың
байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:



  • байқаудың мақсатын анықтау;

  • қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың кептеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;

-оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:

  • демонстрациялық бақылау;

  • экскурсиялық бақылау;

  • лабораториялық бақылау;

  • техникалық бақылау;




  • оқушылардың өздігінен дербес бақылауы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы — бақылау. К. Д. Ушинский «Бақылау-логикалық ойлаудың негізі»,- деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де

ескертеді.

Бақылау өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:





  1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін,

мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек көру т. б.
сезім мүшелерінің жүмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.

  1. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы

заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық етуі қажет.
Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе
көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет