Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Lesson study - мұғалімнің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру әдісі. Оқыту нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптар



бет32/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76

Lesson study - мұғалімнің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру әдісі. Оқыту нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптар.


Мұғалімдердің бірлескен рефлексиялық педагогикалық тәжірибесі ретінде


Жапониядан бастау алған Сабақты зерттеу (Lesson study) тәсілі Азия, Еуропа,
Солтүстік Америка, Таяу Шығыс және Африка елдерінің педагогтері арасында кеңінен тараған. Қазақстандық педагогтер Сабақты зерттеу
тәсілімен алғаш рет 2012 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлесе
әзірлеген деңгейлі бағдарламалар бойынша педагог мамандардың біліктілігін
арттыру курстарында танысты. Жаңа педагогикалық тәсіл Қазақстан
мұғалімдері үшін белгілі бір дәрежеде серпіліс болды деуге болады. Белсенді және жаңашыл ұстаздар өз тәжірибесін жетілдіру үшін Сабақты зерттеуді ұйымдастыру мен іске асыруды қолға ала отырып, өздерінің мектептегі
әріптестерін де осы үдеріске тартты. Қазақстандық мұғалімдерге сабақтарды бірлесіп жоспарлауды, сабақты бақылау мен рефлексиялық талқылауды үйретудің маңызы аса зор болды. Бұл ретте мұғалім үшін психологиялық
аспекті те маңызды болды: сабақ жоспарын бірлесе дайындау сабақ беру барысында әріптестердің немесе мектеп әкімшілігінің сынына ұшырау қаупін азайтады және әріптестер арасындағы кәсіби қарым-қатынасты бұрынғыдан да жақсартады. Қазақстандық педагогтердің Сабақты зерттеуді меңгерудегі
келесі қадамы 2013 жылы жапондық зерттеуші-сарапшылардың келуімен
байланысты болды. Олар төрт ай бойы еліміздің 11 өңіріндегі 600 мұғалімге практикалық семинарлар мен тренингтер өткізді. Жапондық әріптестермен тәжірибе алмасып, үйрену мүмкіндігі қазақстандық педагогтердің Сабақты зерттеу үдерісінде оқушылардың оқу материалын тиімді меңгеруіне оң ықпал ететін оқыту әдістерін таңдаудың маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік берді.
Жапондық Сабақты зерттеудің негізін қалаушылар әзірлеген тұжырымдама мен модель дүние жүзінде кеңінен танымал болды: зерттеу мәселесін
(сұрағын) анықтау – сабақтың әртүрлі аспектілерін зерттеу (оқу Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының президенті (World
Association of Lesson Studies) Питер Дадли (Ұлыбритания) атап көрсеткендей,
«…бүгінгі таңда Сабақты зерттеу әртүрлі ұлттық идеялар, дәстүрлер мен
менталдықтың ықпалымен көпмәдениетті ортада өзгерістерге ұшырауда, бұл мәдениетаралық қарым-қатынастардың табиғи нәтижесі болып табылады.
Сабақты зерттеудің белгіленген қатал шегі жоқ. Көптеген елдердің
мұғалімдері Сабақты зерттеуді өзінше түсініп, өз түсінігіне сай қолданады
және бұл – орынды. Мұғалімдер өз тәжірибесін жақсарту үшін пайдалы және оқуға оң ықпал ететін нәрселер қолданысқа алынуы тиіс екенін есте ұстауы керек. Олардың осы тәсілді өз білгенінше өзгертуге және жетілдіруге
мүмкіндіктері болуы керек». Қазақстандық біліктілікті арттыру жүйесінде модельденген Сабақты зерттеу құрылымы материалдары, оқыту әдістері, оқушылар туралы мәліметтер (олардың алғашқы білімі, оларды оқыту
тәсілдері), сабақты жоспарлау – топтан бір мұғалімнің сабақ өткізуі, сабақты мұғалімдер тобының бақылауы, сабақты талқылау, сабақтарды жақсарту үшін әрі қарай сабақ жоспарлау. Алайда әртүрлі елдердің білім беру
жүйесінде Сабақты зерттеудің әртүрлі типтері мен модельдері қолданылады. Мысалы, АҚШ-тың кейбір мектептерінде бірлесе жоспарлау кезеңінен кейін әзірленген жоспар бойынша әріптес мұғалімдер тобының қатысуымен сынақ сабағы өткізіледі (сабақ барысында болуы мүмкін қиындықтарды анықтау үшін); жоспарға түзетулер енгізіледі, тек содан кейін сабақ сыныпта өткізіледі. Біз Қазақстандағы Сабақты зерттеудің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін де түсіндік.

Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде Сабақты зерттеуді кеңірек енгізу мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы бірқатар маңызды


қадамдар жасады:



  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жыл сайын өткізілетін халықаралық конференциялары аясында халықаралық спикерлерді шақыра отырып,

Сабақты зерттеуге арналған арнайы сессиялар өткізіледі;



  • еліміздегі жалпы білім беретін мектептер үшін зерттеу тәжірибелері бойынша мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы және 2018 жылға

жоспарланған «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер» атты мектепішілік кәсіби даму курсының бағдарламасы әзірленді;



жалпы білім беретін мектептерінің 200-ден астам мұғалімі өз зерттеулерін ұсынды;



  • мектеп мұғалімдеріне көмек ретінде тренерлер Сабақты зерттеу бойынша 9 әдістемелік құрал дайындап, баспадан шығарды;




  • мектеп, мектептер желісі деңгейінде Сабақты зерттеуді табысты енгізіп жүрген және басқа өңірлердегі әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісуге дайын көшбасшы мұғалімдер жөнінде деректер базасын құру жұмыстары жүргізілуде;




  • мұғалімдерге қосымша қолдау көрсетуге арналған www.Lessonstudy.kz веб- сайты жұмыс істейді (ресурстар, жүргізілген зерттеулер үлгілері, форум және т.б.);




  • WALS халықаралық конференцияларында зерттеу жұмыстарының тәжірибесін ұсынатын тренерлердің саны жыл сайын артып келеді (2013 жыл (Швеция), 2014 жыл (Индонезия), 2016 жыл (Ұлыбритания), 2017 жыл (Жапония)).

Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:



  • әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

  • мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

  • оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

яя• Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P. 2011a);

  • Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет