Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет17/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
Математикасабағынталдаусхемасы:

Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні, тақырыбы).Сабақтың
типі мен құрылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі орны.

Сабақтың басталуы . Оқушылардың сабаққа даярлығы Оқушыларды оқу
ісіне тартуда мұғаімнің пайдаланатын тәсілдері . Жалпы сыныппен жеке оқушымен жұмыс.

Сабақ жабдығы . Көрнекіліктің тақырыпқа – талапқа сай болуы .
Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы.

Сабақ мақсаты. Математика сабаында тәрбиелеу, жан-жақты дамыту ,
оқыту міндеттер қалай шешіледі?

Сабақтың мазмұны

Сабақтың әдістемелік

Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі,
мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.

Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жетуі.

Қорытындылар мен ұсыныстар.

5.1 Математиканы оқыту процессiнде белгiлi бiр пән аралық байланыстар
Типтік бағдарламаның негізгі бөлімі бес бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде студенттерге ғылымның нысанын, пәнін, мақсаттарын, міндеттері мен әдістерін, оқу пәнін оқытып- үйретудің мақсаттылығын сезінуге мүмкіндік береді. «Математиканың бастауыш курсы - оқу пәні» бөлімі бағдарлы-мотивациялық қызмет атқарады, мұнда студенттер оқу пәні ретіндегі математиканың нормативті-құқықтық және мазмұндық-процессуалдық сипаттамасымен танысады. «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру» бөлімінде математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негізі, оның негізгі формасы ретіндегі сабақ, математика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы оқытылып-үйретіледі. Бұл болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде сабақтарда оқыту мен математикадан сыныптан тыс жұмыс үдерісін ұйымдастырумен байланысты дидактикалық біліктер қалыптастыруға септігін тигізеді. «Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері» бөлімінде курс мазмұнының ұксастығына қарай желілерге, мазмұн мен әдістемесінің ұқсастық желілеріне сипаттама беріледі, математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің материалдарын оқытудың жалпы мәселелеріне ерекше мән беріледі, бұл өз кезегінде студенттердің бастауыш курстың пәндік мазмұны мен оны оқытудың әдістемесін бағдарлай алуына мүмкіндік береді. «Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқытудың технологиясы» бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік туғызады.
Математиканы оқыту процесiнде балалардыє бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл- ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекарара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста боллатыны туралы түсiнiктердi,
сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты калыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Математиканы оқыту процессiнде белгiлi бiр пән аралық байланыстар iске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет