Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Математика мен қазақ тiлiнiң арасындағы байланыстар



бет18/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Математика мен қазақ тiлiнiң арасындағы байланыстар:


-грамматикалық және математикалық ережелердi пайдалануы;
-математикалық терминдер енгiзу арқылы тiл балығының артырылуы;
-сөйлем құрастыру барысында модельдеудiң пайдаланылуы;
-сөйлемдегi сөздер байланысының сызбаның көмегiмен өрнектелуi;
-сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тiлдiнiң дамытышлуы;
-өлең жолдарындағы буын сандарының теңдiгi;
-матеаматикалық тiлдiң қалыптастырылуы.

Математика мен әдебиеттiк оқу арасындағы байланыстар:


-көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгiлерiн салыстыру арқылы анықтау және ажырату,теєеулердiє қолданылуы.
-халық ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң: жұмбақ, жаңылытпаш ,санамақ, қаламақ, мақал мәтелдер,ойын өлеңдердiң және тағы басқа математика сабақтарында пайдаланылуы;
-көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың iшкi сезiмiне түрткi салу,ақыл-ойын,санасын жаңғырту және дамыту;
-көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстүр,ұлттық салт-сана,әдет- ғұрып, үлгi-өнеге,тәлiм-тәрбиелiк материалдарды математика мазмұнына сiңiру;
-ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгi есептердiң мазмұнын саналы түсiну мақсатында ана тiлiн ерiк пайдалану.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:


-дүниедегi құбылыстарға дәл де адал баға бере бiлу;
-өзiндiк пiкiр айта бiлу және оны дәлелдеу,өз көзқарасын бiлдiру;
-мтематикалық есептердiң мазмұны арқылы өзiн қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтiру;
-айналадағы дүниеде танып бiлген,жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында пайдалану;

-экономикалық дамуын, байлығын,шаруашылығының түрлерiн, ғылым мен мәдениетiн, табиғатын сипаттайтын фактiлердi,деректердi, мәлiметтердi және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерiнiң арасындағы байланыстар:


  • заттарды түсiне, пiшiнiне, өлшемiне қарай салыстыру;теңестiру,кеєiстiк жайында тѕсiнiк қалыптастыру

  • кескiндеу,бейнелеу,безендiру,кұрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдiктiң және симметрияның пайдаланылуы

  • көркемсуреттi байқау, көру, бақылау, ажырату,сезiне отырып қабылдау, салыстыру, теңеу

  • көркемсурет шығармалары арқылы баланың iшкi сезiмiн, және көңiл-күйiн ояту, дамыту

  • Ұлттық ою өрнектермен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет