Конспект Лексика бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам



бет13/38
Дата26.07.2023
өлшемі364,55 Kb.
#104836
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
каз яз

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар




Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?
Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда?
Қай жерде? Қай
жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін?
Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен?
Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.



Конспект Сөйлемнің айқындауыш мүшесі сөйлем ішіндегі бір сөзді заттық жағынан айқындап, мағынасын ашып, түсіндіріп тұрады. Айқындауыштың екі түрі бар: 1) оңашаланған айқындауыш; 2) қосарлы айқындауыш.
Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.
Айқындауыш сөйлемде екі жағынан да үтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан сызықшамен ажыратылады. Мысалы, Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана, сездірді. Құнанбайдың қасындағылар – Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер – осы сөзге тоқтасты.
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады: Мысалы, Ер Қосай, Алпамыс батыр, Біржан сал, Баян сұлу, әнші Күләш, биші Шара, Құрманғазы күйші, Ақлима ана, т.б.

Сөйлемнің айқындауыш мүшесі. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі. Жалпылауыш сөз. Тыныс белгісі


Конспект 
Оқшау сөздер, түрлері: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Тыныс белгісіОқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: 1) қаратпа сөздер; 2) қыстырма сөздер; 3) одағай сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т.б.
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т.б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:
– сөйлем басында келсе, одан кейін;
– сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
– сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.
Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздердің тыныс белгісі – үтір. Мысалы, Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!
Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: 1) жақты және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.
Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.
Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.
Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:
1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы, Баланың білген үстіне біле түскісі келді.
2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.
3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы, Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн. Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін.
4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы, Оның мінезін түсініп болмайды.
5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы, Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.
Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.
Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы, Есіл тасып жатырЖағасы – бал-құрақАты жүйрік екен.
Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы, Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.
Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.
Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы, Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.


Конспект 
Жай сөйлемнің түрлері: жақты, жақсыз; жалаң, жайылма; толымды, толымсыз, атаулы
Конспект
Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем, түрлері, тыныс белгісі












Түрлері

Жалғаулықтары

Тыныс белгісі

1










Ыңғайлас салалас

Және, да, де, та, те, әрі.

Үтір

2










Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да, дегенмен,
алайда, әйтсе де, сөйтсе де.

Үтір, үтір мен сызықша

3










Түсіндірмелі салалас

Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады.

Қос нүкте, сызықша



4










Себеп-салдар салалас

Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б.

Үтір, қос нүкте немесе сызықша



5










Талғаулы салалас

Не, немесе, я, яки, болмаса,
әйтпесе, не болмаса, әлде,
я болмаса

Үтір

6










Кезектес салалас

Кейде, бірде, біресе.

Үтір



Конспект 
Сабақтас құрмалас, жасалу жолдары, түрлері, тыныс белгісі. Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгісі
Конспект 
Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөз. Тыныс белгісі төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарыТөл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:

ТӨЛ СӨЗ

ТӨЛЕУ СӨЗ




– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.

Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.

Әркім әртүрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.

Әркім әр үрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.

– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?

Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтеріп, қайдан жүргенін сұрады.

– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.

Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.

– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.

Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады.






Пунктуация
Тыныс белгілері. Тыныс белгілердің қойылатын орындары, қабаттаса қойылатын тыныс белгілер
Стилистика. Сөз мәдениетіШешендік сөз. Стиль, оның түрлері
Ағылшын тілінде 24 дауыссыз дыбыстар бар. Дауыссыз дыбыстар оқытылуына байланысты V түрге бөлінеді. Зат есімнің көпше түрі – s жалғауы жалғану арқылы жасалады: a pen – pens, a bag – bags, a pupil – pupils.
Зат есімнің жекеше түрі, түбірі - ch, - s, - es, - sh, -x-ке аяқталса, о- ға аяқталса – es жалғауы жалғанады: a box –boxes , a hero- heroes , a dress – dresses, a bus – buses, a match – matches.
Зат есім дауыссыз дыбыстан кейін У- ға аяқталса, - іеs жалғауы жалғанады. Мысалы: a city- cities, a baby – babies.
Зат есім F( - fe ) - ve аяқталса көпше түрінде f - v - ге өзгеріп - es жалғанады.
Зат есімнің көпше түрі – s жалғауы жалғану арқылы жасалады: a pen – pens, a bag – bags, a pupil – pupils.
Зат есімнің жекеше түрі, түбірі - ch, - s, - es, - sh, -x-ке аяқталса, о- ға аяқталса – es жалғауы жалғанады: a box –boxes , a hero- heroes , a dress – dresses, a bus – buses, a match – matches.
Зат есім дауыссыз дыбыстан кейін У- ға аяқталса, - іеs жалғауы жалғанады. Мысалы: a city- cities, a baby – babies.
Зат есім F( - fe ) - ve аяқталса көпше түрінде f - v - ге өзгеріп - es жалғанады.
Ex: a knife – knives, a shelf – shelves, a leaf – leaves.
Зат есімнің көпше түрінің ерекшелігі сөз түбіріндегі дауысты дыбыстар өзгереді. Мысалы: a woman – women, a foot – feet, a tooth – teeth,
a goose – geese, a mouse – mice.
Cонымен қатар көпше түрінде -en жалғауы жалғанатын сөздер бар.
An ox – oxen, a child – children. Ағылшын тілінде жекеше түрінде және көпше түрінде бірдей форма беретін сөздер бар. Олар: a deer – deer, a sheep – sheep, a fish – fish, a swine – swine.
Бірнеше зат есімдер тек қана жекеше немесе көпше түрінде ғана айтылады. Мысалы: money, hair, business, information, news, love, peace, knowledge, advice, luggage, sugar, fruit, progress, furniture. Ағылшын тілінде кейбір сөздер екі бөліктен тұратындықтан көпше түрінде айтылады. Ex: trousers, glasses, scissors, shorts, ал өздігінен тек қана көпше түрде айтылатын сөздер бар. Мысалы: goods, clothes, riches, thanks, manners, looks.
Кейбір ағылшын тіліндегі зат есімдер тек қана жекеше түрінде қолданылады:
News, progress, information, watch.
Кейбір ұлттардың атауларының алдында ”the” артиклі қойылып және көптік жалғауынсыз үнемі көпше түрде қолданылады. Мысалы: the Dutch, the English, the French, the British, the Spanish, the Welsh.
Ағылшын тілінде зат есім жалқы есімдер және жалпы есімдер болып екіге бөлінеді. Сонын ішінде жалпы есімдер саналатын және саналмайтын зат есімдер деп екіге бөлінеді. Саналатын зат есімдерге санауға болатын зат есімдер жатады. Саналатын зат есім жекеше және көпше түрге бөлініп, белгісіздік артикльмен (a, an) анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет