Конспект Лексика бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам



бет16/38
Дата26.07.2023
өлшемі364,55 Kb.
#104836
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
каз яз

Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. "Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім, – деп жазды ол. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды". Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол: "Қазақтарға – осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа – кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру — қалай дегенмен де аса қажет болып отыр", – деп жазды. Осы жолда Ыбырай көп қиыншылықтар да кездестірді. Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Шығармалары


  • Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879;

  • Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899;

  • Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906;

  • Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953;

  • Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978;

  • Әңгімелер, А., 1980.

  • Өлеңдер

  • Азған елдің хандары

  • Балғожа бидің баласына жазған хаты

  • Жаз

  • Кел, балалар, оқылық

  • Қарлығаш

  • Қарға мен түлкі

  • Әй, достарым

  • Әй, жігіттер

  • Өзен

  • Өнер - білім бар жұрттар

  • Өсиет өлеңдер

  • Әңгімелер

  • Ізбасты

  • Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ

  • Алтын -айдыр

  • Алтын шеттеуік

  • Асыл шөп

  • Ақымақ дос

  • Білгеннің пайдасы

  • Бір уыс мақта

  • Бай баласы мен жарлы баласы

  • Байұлы

  • Баланың айласы

  • Бақша ағаштары

  • Данышпан қазы

  • Дүние қалай етсең табылады

  • Жаман жолдас

  • Жамандыққа жақсылық

  • Жан-жануарлардың дауласқаны

  • Жиренше шешен

  • Жомарт

  • Жәнібек батыр

  • Зеректік

  • Киіз үй мен ағаш үй

  • Лұқпан әкім

  • Малды пайдаға жарату

  • Мейірімді бала

  • Мұжық пен жасауыл

  • Мұңсыз адам

  • Надандық

  • Оқудағы балалардың үйішіне жазған хаты

  • Петр патшаның тергелгені

  • Полкан деген ит

  • Салақтық

  • Сараңдық пен жинақтылық

  • Сауысқан мен қарға

  • Сақып

  • Силинші деген ханым

  • Сәтемір хан

  • Таза бұлақ

  • Талаптың пайдасы

  • Тышқанның өсиеті

  • Түлкі мен ешкі

  • Тәкәпәршілік

  • Шеше мен бала

  • Қанағат

  • Қарға мен құрт

  • Қыпшақ Сейітұлы

  • Үнді

  • Үш ұры

  • Әділдік

  • Әдеп

  • Әке мен бала

  • Әлім кісі

  • Өрмекші, құмырсқа,қарлығаш

  • Өтіріктің залалы



Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы – 25 ақпан 1939[1], Алматы) — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушысы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920–1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды. Білім алуы


1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үш сыныптық қалалық училищесінде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.
«Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.
1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болады. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.
1916 жылы Сәкен сырттай мүлікті заңдастыру комиссиясының Ақмола уезі бойынша 12 елді мекенде жұмыс істейді. Сонда 1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.
1916 жылдан 1 қыркүйектен бастап Сейфуллин негізі қалануына өзі тікелей қатысқан, Бұғылы мектебінде оқытушы болып қызмет атқарады.
1917 жылы 9 наурызда ол Ақмолаға көшіп келіп, онда Ақпан төңкерісі туралы «Біз асығыс жиналдық» атты өлең жазған.
1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» («Жас қазақ») саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен "Тіршілік" газетін шығаруға қатысады.
Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.
Бірақ 1920 жылы 7 мамырда ол босатылып, Ақмолаға Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық комитеттің (революциялық комитеті) Әкімшілік бөлімесінің басшысының көмекшісі болып тағайындалды.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет