Конспект Лексика бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам



бет2/38
Дата26.07.2023
өлшемі364,55 Kb.
#104836
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
каз яз

Зат есімнен
болған синонимдер

Сын есімнен болған синонимдер

Етістіктен болған синонимдер

Үстеуден болған синонимдер

Ел
Халық
Жұрт
Көпшілік
Жамағат

Сұлу
Әдемі
Келбетті
Ажарлы
Көрікті

Кездесу
Дидарласу
Ұшырасу
Жолығу

Алыс
Қашық
Шалғай
Қиян

Табу. Эвфемизм. Дисфемизм


КонспектТабу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер.
1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, "жай түсті" десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен "жай" сөзін "жасыл" сөзімен алмастырып қолданған;
2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан "қасқыр" сөзін "ит-құс", "ұлыма" деген сөздермен алмастырып қолданған;
3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны "қорасан" деген сөзбен ауыстырып айтқан;
4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын, мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сөздер болып табылады. Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы әдеби тілге жатпайтын, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет