Конспект Лексика бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам


Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер



бет4/38
Дата26.07.2023
өлшемі364,55 Kb.
#104836
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті, әсем, т.б. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.
2. Мақал құрылысы жағынан көбіне құрмалас сөйлем болып келеді.

Көнерген сөздер. Жаңа сөздер


Конспект Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.Тарихи сөздер – ескі заманда қолданылған, дәуірі өткен тарихи сөздер атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, ағасұлтан, болыс, ауылнай, т.б.– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б. кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, т.б.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады: Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:
діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.
жыл атаулары: барыс, ұлу, тышқан, т.б.
ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизм деп аталады. 
Кірме сөздер. Диалект сөздер
Конспект ез келген тілдің сөздік құрамы үнемі өзгеріп отырады. Тілге әртүрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, моңғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.

КІРМЕ СӨЗДЕР

Араб-парсы тілінен енген сөздер

Моңғол тілінен енген сөздер

Орыс тілінен енген сөздер

Адам, қоғам, ғалым, білім, ғылым, мектеп, кітап, әлем, әдебиет, мәдениет, әліпби, т.б.

Жасақ, ұлыс, нөкер, жарлық, аймақ, өлке, Тарбағатай, Зайсан, Баянауыл, Алтай, т.б.

Жәшік, тәрелке, сөмке, кәмпит, бәтеңке, самауыр, зауыт, кереует, жәрмеңке, үстел, т.б.

Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тікұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.
Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірең, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуіл, т.б. сөздер диалект сөздер болып саналады.

Кәсіби сөздер. Термин сөздер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет