Конспект Лексика бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам



бет5/38
Дата26.07.2023
өлшемі364,55 Kb.
#104836
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
каз яз

кәсіби сөздердеп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:
1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал,
2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші мақта теруші; 2) жүгері 
Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер.
Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған.
1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – 2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффициент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм, т.б.
ФонетикаФонетика – тіл білімі ғылымының тіл дыбыстарын зерттейтін бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны қарастырады. Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А. БайтұрсыновҚазақ әліпбиі үш рет өзгерді: алғаш араб әліпбиі, кейін латын әліпбиі, соңында қазіргі пайдаланып жүрген кирилл әліпбиі болған. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастап кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады. Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і. Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқандажақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет