Конспектісі «Экология»


ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ



бет3/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

3 ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


§10. ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
10.1 Табиғат ресурстары. Табиғат ресурстарының жіктелуі. Табиғатты тиімді пайдалану тұрақты даму аспектілерінің бірі ретінде
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану қоршаған орта сақталуын және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болыптабылады.
Табиғат ресурстары - бұл адам өзінің өмір сүруін қолдауға бағытталған іс-әрекетінде қолданылатын табиғи элементтер мен құбылыстардың жинағы.
Табиғи ресурстардың әртүрлі жіктелу түрлері бар.
Экологиялық жіктелуі қорлардың сарқылу және сарқылмайтын белгілеріне негізделген. Ресурстарды бұл белгілері бойынша іс жүзінде сарқылмайтын және сарқылатын болып бөледі.
Іс жүзінде сарқылатын ресурстар - бұл күн энергиясы және оның туындылары, жел энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жердің ішкі энергиясы секілді Жерге қатысты, көбінесе сыртқы жағдайлар мен процестер. Бұл жіктелуде су және ауа сарқылмайтын ресурстарға және сарқылатын ресурстарға да жатады. Сандық тұрғыдан алғанда қоршаған ортаның осы элементтері іс жүзінде өзгеріссіз, демек, сарұылмайды. Бірақ мәдени және қоғамдық, шаруашылық және өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін адамның іс-әрекеті нәтижесінде төмендейтін, белгілі бір сападағы су мен ауа қажет. Судың сапасын ұстап тұру үшін сутазалаудың және су дайындаудың күрделі технологиялары қолданылады. Таза ауаның сақталуы үшін шаңнан, газдан тазарту техникасы, сонымен қоса санитарлық-гигиеналық және сәулет-жоспарлау кешені қолданылады. Осылайша, осы табиғат ресурстарын сарқылмас ету адамның қолында.
Ғаламшардың басқа ресурстары сарқылатынға жатады, олар келесідей бөлінеді:
жаңартылатын, өзін өзі жаңғыртуға қабілетті: өсімдік және жануарлар әлемі, микроағзалар әлемі;
жаңғыртылмайтын, көптеген миллион жылдар бойы Жер қойнауында қалыптасқан: кенді және кенді емес пайдалы қазбалар;
салыстырмалы жаңғыртылатын, пайдалану қарқынын қалатын қарқында өндіруге қабілетті. Мысалы, қалыңдығы 1 см қаратопырақ қабатының пайда болу процесі жүздеген жылдарға созылады, бірақ бұдан тезірек бұзылады. Орман қорларының жаңғыртылуына да бірнеше онжылдықтар керек.
Табиғи ресурстарды табиғаттың түрлі компоненттеріне жататын табиғаттың түрлі компоненттерінен бөлумен қоса, табиғат ресурстары іс жүзінде сарқылмайтын және сарқылмайтын болып бөлінеді (олар өз кезегінде жаңғыртылатын және жаңғыртылмайтын болып бөлінеді). Сонымен қоса, табиғат ресурстары материалдық өндірісте (энергетика, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және шаруашылықтың тағы басқа салаларында) және өндірістік емес салада (мысалы, денсаулық сақтау) қолданылу сипатына қарай, сонымен бірге, бір немесе бірнеше мақсатта қолданылуына қарай бөлінеді.
Табиғат ресурстарын өндіруде, өңдеу және қолдануда шығындардың күрт азаюына, кейін, жоюға әкелетін жаңа технологиялық процестерді жасау маңызды мағынаға ие. Табиғи ресурстарды үздіксіз қолдану және ресурстық-шикізат базасының кеңеюімен қоса табиғатты, негізінен, ұйымдастыру және пайдалану технологиясының кемшіліктерімен байланысты ластанудан қорғау да маңызды.
Бұның барлығы табиғи ресурстарды пайдаланудың эколого-экономикалық көзқарасын қатаң қадағалау керектігін түсіндіреді.
Табиғатты қорғаудың басты әдістерінің бірі табиғатты дұрыс пайдалану болып табылады. Табиғатты дұрыс пайдалану – адамның өзінің қажеттіліктерін материалдық және материалдық емес тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында табиғатқа әсер етудің теориясы және тәжірибесі; бұл табиғи ортаға залал келтірмейтін іс-әрекет.
Табиғатты дұрыс пайдаланудың анықтаушы белгілеріне келесілер жатады:
минералды ресурстарды кешенді тиімді пайдалану;
климат пен ауа райы өзгерісін болжау. Берілген мәселені тиімді шешуден адамның көптеген шаруашылығының салаларының өнімділігі, ауылшаруашылығындағы шығындардың азайтылуы, авиация және т.б. байланысты;
литосфера ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жер қыртысының геологиялық өзгерісін туғызатын табиғи және техногенді факторларды анықтау және меңгеру;
Биосфераның даму процесін реттеу. Негізгі міндет – адамның материалды қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін биосфера өнімділігін артыру әдістерін құрастыру;
өндірісте жаңа технологиялар мен техникаларды пайдалану, атап айтқанда, аз қалдықты көпсалалы және ресурс үнемдеу технологияларын қолдану, су және газ өңдейтін циклдерді қолдану, энергия алу көздерінің баламаларын қолдану, биотехнологияның, ферменттер химиясының, селективті және гетерогенді электрокатализдерінің дамытылуы, өндірістің тұйық жүйесін құру;
қоршаған ортаның көпкомпонентті мониторингін ұйымдастыру. Адам табиғатты дұрыс қолдануы үшін қызметіне әсер ететін барлық құбылыстар мен процестер жөнінде толық ақпараты болуы керек. Тек жедел орналасу ғана ұнамсыз факторлердің бағытын өзгертіп, әрі қарай адам мен табиғаттың қауіпсіз байланысын қамтамасыз етіп, сол және басқа да шаруашылық шараларын узаққа жоспарлап, ландшафтты-экологиялық ортаның өзгерісіндегі жаһандық заңдылықты анықтау және т.б.
табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық және әдістемелік тұжырымдамаларын жасау;
табиғатты тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғау салаларын зерттеу бойынша ұлттық және халықаралық зерттеулерді ұйымдастыру;
экологияны ғылым ретінде дамыту, экономиканы және техниканы экологияландыру.
Табиғатты дұрыс пайдалану экономикалық категория ретінде табиғатты және қоршаған ортаны пайдалану бойынша экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйенің саналы көрінісін білдіреді.
Жалпы жағдайда табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану үшін геология, геофизика, геомеханика және қоршаған ортаның экожүйесінің ландшафттарының биологиялық дамуы заңдылықтарын және табиғи ерекшеліктерін білу керек. Заттардың энергетикасы, биосферадағы химиялық элементтер мен минералды заттардың айналымын, экожүйенің өміршеңдігін, олардың қызметін және түрлі жағдайда тұрақтылығын терең меңгеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет