Конспектісі «Экология»



бет46/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

Тұндыруды ағынды сулардан қалың дисперсиялы қоспаларды тұндыру үшін қолданады. Тұндыру ауырлық күшінің әсерінен болады. Процесті өткізу үшін құм ұстағыш-тар, тұндырғыштар мен тазарт-қыштарды пайдаланады. Тазарт-қыштарда тұндырумен бір мезгілде салынды бөлшектер қабаты арқылы ағынды сулар сүзіледі. Тұндырғыш-тар тік, радиал және көлденең болады. Тік тұндырғыш конустық түбі бар цилиндр немесе квадрат резервуарды білдіреді. Ағынды суды орталық құбыр бойымен жүргізеді. Тұндырғыштың ішіне түскен соң су төменнен жоғары қарай науаға қозғалады. Оның жақсы таралуы және лайдың құрылуын болдырмау үшін құбырды кең балақпен және тарату қалқанымен жасайды. Жоғары көтерілетін ағында тұнады, оның жылдамдығы 0,5…0,6 м/с тең. Тұну аймағының биіктігі – 4...5 м. Тік тұндырғышпен тұндыру тиімділігі 50% жуық мөлшерді құрайды (4.10-сурет).



4.10-сурет - Тік тұндырғыш

Тазартуды табиғи суларды тазарту үшін және кейбір өндірістердің ағынды суларын алдынала тазарту үшін қолданады. 4.11-суретте тазартқыштың принциптік сұлбасы көрсетілген. Суды коагулянтпен бірге тазартқыштың төменгі бөлігіне береді. Коагулянт қауыздары және онымен тартылатын салынды бөлшектері, олардың түсу жылдамдығы жоғары көтерілетін ағынның жылдамдығына тең болғанша судың жоғары көтерілетін ағынымен көтеріледі. Жоғарыда салынды тұнба қабаты пайда болады, ол арқылы тазартылған су сүзіледі. Бұл кезде салынды бөлшектерінің коагулянт қауыздарына жабысу процесі байқалады. Тұнбаны тұнба тығыздағышқа жібереді, ал тазартылған су науаға түседі, одан оны әрі қарай тазартуға жібереді.



4.11-сурет - Тазартқыш блогы
Сүзуді оларды тұндыру арқылы жою қиынға соғатын, ағынды сулардан жұқа дисперсиялы қоспаларды бөліп алу үшін қолданады. Сұйықтықты өткізетін және дисперсияланған фазаны ұстап қалатын, кеуекті қалқалардың көмегімен бөледі. Қалқаларды таңдау ағынды судың қасиеттеріне, сүзу температурасына, ысымына және сүзгіштің конструкция-сына байланысты болады. Қалқа ретінде саңылау қалдырылған металл қаңылтырларды және тот баспайтын болаттан, алюминийден, мыстан, жезден және тағы басқаны жасалған торларды; алуан түрлі матадан жасалған қалқаларды пайдаланады. Химиялық жебір сулар үшін қорытпаларды біріктіру кезінде алынатын, металл қалқалар аса жарамды. Қалқалар барынша аз гидравликалық кедергіде иелену керек, олардың механикалық шешімі ластанған ауаны тазарту үшін пайдаланылатын циклондарға ұқсас. Ағынды суды гидроциклондармен тазарту тиімділігі 70% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет