Конспектісі «Экология»



бет49/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

Аэротенктер – бұл темір бетон резервуарлар, олар мәжбүрлі аэрацияға арналған құрылғылармен жабдықталған, ашық бассейндерді білдіреді. Аэро-тенктің тереңдігі – 2…5 м. Олар екі-, үш- және төрт дәлізді болады. Аэротенкте ағынды суды тазарту процесі ол арқылы ағынды судың немесе активті лайдың аэрацияланған қоспасының өту шамасына қарай болады.



4.13-сурет - Тұндырғыш-аэротенк

Аэрация суды оттекпен қанықтыру және лайды салынды күйінде ұстап тұру үшін қажет. Тұндырғыш-аэротенк (4.13-сурет) екінші реттік тұндырғыш-пен біріктірілген. Аэрация аймағы тұндыру аймағы-нан бөлінген. Ағынды суды ортада береді, ал науаның бойымен бұрып әкетеді. Тұндыру аймағында салынды активті лай қабаты түзіледі, ол арқылы ағынды су сүзіледі. Артық активті лайды салынды қабат аймағынан құбырлар бойымен бұрып әкетеді, ал қайтарылатын активті лай аэрация аймағына келіп түседі.



4.14-сурет - Метантенк

Анаэробтық тазарту әдісі ауаның қатысуынсыз өтеді. Негізінде оны ағынды суларды механикалық, физика-химиялық және биологиялық тазарту кезінде түзілетін, қатты тұнбаларды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Осы қатты тұнбалар метантенктер деп аталатын (4.14-сурет), арнайы қымталған резервуарларда анаэробтық бактериялармен ашытылады.
Соңғы өнімге байланысты ашыту спирттік, сүт-қышқылдық, метандық және т.б. болады. Ағынды сулардың тұнбаларын ашыту үшін метандық ашыту пайдаланылады.

§18. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН, ТОПЫРАҚТЫ ЖӘНЕ
ЖЕР ҚОЙНАУЛАРЫН ҚОРҒАУ
18.1 Жер ресурстары және топырақ туралы түсінік
Жер ресурстары деп жүйелі түрде пайдаланылатын немесе нақты шаруашылық мақсатында пайдалану үшін жарамды жерлерді түсінеді. Литосфераның жер беті адам үшін ерекше маңыздылықты білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет