Конспектісі «Экология»



бет42/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Тұманды ұстағыштар. Ауаны тұманды қышқылдан, сілтілерден, майлардан және басқа сұйықтықтардан тазалау үшін мақталы сүзгілер қолданылады. Олардың іс-әрекетінің қағидасы ауыртпалық күшінің әсерінен кеуек бетіне тамшылардың тұнуы және олардың ағып кетуіне негізделген. Ұсақ саңылау бетіне сұйықтық тамшысын тұндыру жоғарыда айтылған механизмдердің көмегімен сүзгілі элементтерінде газды фазадан бөліктерді бөлумен іске асырылады. Тұманды ұстаушыларды төмен жылдамдықты (Wср≤0,15 м/с), онда тамшылар диффузиялы тұну механизмі басым, және жоғары жылдамдықты (Wср=2…2,5 м/с), онда тұну инерциялық күштің әсерімен болады.
Газдарды химиялық түрде тазалау газ тәріздес қосапалар құнды шикі зат болып келгенде және тауарлы өнімді өндіру үшін қолданылуы мүмкін. Физикалық-химиялық үрдістердің сипаты бойынша олар төрт топқа бөлінеді:

  1. Абсорбция немесе қоспалар ерітінділерімен газдарды шаю;

  2. Адсорбция немесе газ тәріздес қоспаларды белсенді қатты заттармен жұту;

  3. Хемосорбция немесе газдарды қоспаларды химиялық байланыстыратын реагенттердің ерітінділерімен шаю;

  4. Катализаторларды қолдану жолымен қоспаларды жұту.

Абсорбция сұйықтық-адсорбентінде газды қоспалардың құрамдас бөліктерінің әртүрлі еріткіштеріне негізделген. Адсорбенттер ретінде су, сілтілер ерітінділері, қышқылдар және басқа сұйықтықтар қолданылады.
Адсорбция кейбір қатты заттарды сұрыптап алудың физикалық қасиетіне және өзінің беті бойынша газды ортадан бөлек құрамдас бөліктерді концентрациялауға негізделеді. Көптеген жағдайда қанықтырылған көмір, глинозем, силикагель және басқалары қолданылады.
Хемосорбция дегеніміз қоспалармен химиялық реакцияда болатын әртүрлі реагенттердің ағынды газға қосылуын айтады. Осыған байланысты, оның қорытындысында қоршаған ортаға зиянды әсері тимейтін жаңа қосылыстар пайда болады.
Каталитикалық әдіс хемосорбцияға ұқсас, бірақ заттарды басқа заттарға айналдыру үшін химиялық реагенттер емес, ал әртүрлі катализаторларды қолданады (платина, мыс оксиді және басқалары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет