Конспектісі «Экология»



бет54/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

18.4 Жер қойнауларын қорғау
Жер қойнаулары дегеніміз – топырақ қабатынан төмен, ал топырақ қабаты болмағанда – ғылыми-техникалық прогресті есепке алумен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін қолайлы тереңдіктерге дейін созылып жатқан, су қоймаларының түбінен және жердің үстіңгі бетінен төмен орналасқан жер қыртысының бір бөлігі. Күнделікті өмірде, «жер қойнаулары» дегенде, көбінесе жер қыртысының адамның қол жеткізген тереңдігі бірінші ондық километрде болғандықтан, оның барлық тереңдігін емес, жоғарғы бөлігін ғана еске алады. Жер қойнаулары пайдалы қазбаларды өндіру, оларды сақтау, арнайы ғимараттарды орналастыру және ерекше жағдайларда қалдықтарды көму үшін қызмет атқарады.
Жер қойнауларын пайдалану кезіндегі негізгі проблема олардың ресурстарын орынсыз және кешенсіз пайдалану болып табылады. Мысалы, ЖЭО-да жағылатын отынның пайдалы әсер коэффициенті орта есеппен 35% құрайды; дамушы әдістерді қолдану кезінде мұнайды алу 70…80% артық емес мөлшерді құрайды (ішкі қысымды жоғарылату үшін ұңғымаларға су тарту); рудаларды байыту және қайта өңдеу кезінде қалдықтармен бірге металдардың көп мөлшері жоғалады және т.с.с.
Бұл проблеманы келесі даму бағыттарын іске асыру жолымен шешуге болады:

  • ресурстардың орынды және кешенді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатымен ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, дамушы технологияларды әзірлеу және өндіріске ендіру;

  • Әлемдік мұхит, оның түбінің және теңіз қайраңы аймағының (жиектеуші таяз платформа) су қорларын тиімді пайдалану;

  • қалдықтарды пайдаға асыру және оларды өндіріске қайтару;

  • металл тетіктерді – пластмассамен, ал органикалық отынды – дәстүрлі емес энергия көздерімен (күн, жел, геотермиялық және т.б.) ауыстыру.

  • Қазақстан Республикасының жер қойнаулары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына және ҚР Президентінің 27.01.1996ж. заң күші бар «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» Жарлығына негізделеді. Берілген құжат ҚР мүдделерін және олардың табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету, ҚР жер қойнауын орынды пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін қорғау, шаруашылықпен айналысудың барлық түрлерін тең құқықты жүргізу үшін жағдайлар жасау, жер қойнауларын пайдалану бойынша қатынастар облысында заңдылықты бекіту мақсаттарында жер қойнауларын пайдалану бойынша операциялардың жүргізілуін реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет