Конспектісі «Экология»


-кесте - Шудың шектеулі рауалы деңгейлері



бет58/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63

4.2-кесте - Шудың шектеулі рауалы деңгейлері

Аумақ

ШРД, дБ

Өндірістік жайлар, жұмыс аймағы

70…80

Қаланың адамдар тұратын аудандары

50…60

Автомагистральдар

55…65

Қаланың басқа аудандары

30…35

Санаторийлар және ауруханалар

30…35

Зертханалар, конструкторлық бюролар

50

Шудың ШРД анықтаудан басқа, ортаның акустикалық ластануымен күресу тәсілдері:



  • пайда болу көздерінде шуды төмендету, ол үшін әрбір агрегатты, станок пен машинаны мұқият жинау және жөнге келтіру керек; дыбыс өткізбеуді қолдану;

  • шудың таралу жолдарында экрандар мен басқа ғимараттарды құру, қалалардың жоспарлануы мен салынуын жақсарту, адамдар тұратын массивтерді шу көздерінен алыстату, конструкциялар мен тетіктердің дыбысты өткізбейтін сапаларын арттыру;

  • жасыл желектерді отырғызу;

  • елді мекеннің шу бойынша картасын құрастыру.

Экрандаушы шудан қорғау құрылғылары ретінде адамдар тұрмайтын объектілер шуылының таралу жолдарында салынатын, арнайы көгалдандыру жолақтары қолданылады, жергілікті жер бедері, үйінділер мен жер бедерінің әртүрлі комбинациялары, магистральді көшелер трассаларын тереңдету, жондағы экран-қабырға қондырғысы пайдаланылады.
Шудан қорғау құрылғысы ретінде орман желектерін пайдалануға болады: ені 10…14-тен 30 метрге дейін тәпек тоғайы немесе бұтасы бар екі қатарлы тығыз қатарлық отырғызу. Осындай жолмен шуды 5-тен 12 дБ-ге дейін төмендетуге қол жеткізіледі.
Шу көзі мен адамдар тұратын массивтің арасында коммуналдық, тұрмыстық және саудаға тағайындалған объектілерді орналастыру шудың азаюына мүмкіндік туғызады.
Қалада немесе басқа елді мекенде қолайлы акустикалық жағдай тудыру бойынша тиімді және жүйелендірілген жұмыс істеу үшін қала аумағын шумен ластану деңгейі әр түрлі аймақтарға бөлетін шу (акустикалық) карталары әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет