Конспектісі «Экология»


Ортаның электрмагниттік ластануы және оның көздері



бет59/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
19.3 Ортаның электрмагниттік ластануы және оның көздері

Электрмагниттік сәулелелну көздері табиғи және жасанды болады. Табиғи көздеріне Жердің магниттік өрісі жатады. Ол В/м-мен өлшенетін кернеулілікпен сипатталады. Жердің магниттік өріснің кернеулігі ендіктің өсуімен артады. Сондай-ақ, аймақтық және жергілікті ерекшеліктер мен ауытқулар бар. Кейбір ауытқулар пайдалы қазбаларды, ең алдымен, темір рудасының шоғырларын (мысалы, Курск магниттік ауытқуы) іздеу белгілері ретінде пайдаланылады.


Жердің магниттік өрісі жер маңындағы кеңістікте қозғалатын электр бөлшектеріне қатты әсер етеді. Бөлшектер геомагниттік экватор айналасындағы Жерді қамтитын сақиналар мен белдеулерді толтырады. Жердің айналасында екі радиациялық белдеу бар болады: ішкі және сыртқы. Ішкі белдеу – протондардан, ал сыртқы белдеу электрондардан тұрады. Зарядталған бөлшектер ағындарының әсерімен Жердің магниттік өрісі уақыт өткен сайын қысқа мерзімді өзгерістерге: магниттік дауылдар мен полюс шұғыласына ұшырайды.
Электрмагниттік сәуле шығарудың жасанды көздеріне: индукторлар, конденсаторлар, антенналар, электр берілісінің желілері, радиотаратқыш құрылғылар және тағы басқаны жатады. Жасанды көздер нүктелік және сызықтық болып табылады. Нүктелік көздерге антенналар, электр жабдықтары және т.б. жатады. Сызықтық көздерге желісінің кернеуі 330…350 кВ және одан жоғары өнеркәсіптік жиілікті электр берілісінің жоғары вольттық желілері, сондай-ақ, кернеуі 1000 кВ және одан жоғары тұрақты токты желілер жатады. Өнеркәсіптік жиілікті токтар электрмагниттік толқындардың күшті көздері болып табылады. ЭБЖ табылған аудандардағы өрістің кернеулілігі 1 метрге бірнеше мың вольтке дейін жетуі мүмкін. Аса көп сымдар ілініп тұрған жерлерде кернеулілік 5000 В/м құрайды. Алайда электр толқындарын топырақ жақсы сіңіреді де, 50-100 м арақашықтықтың өзінде-ақ өріс кернеуі бірнеше ондаған және жүздеген В/м дейін төмендейді. Ағаштар, бұталар, үймереттер, жергілікті жер бедерін экрандаушы әсер етеді.
Электрмагниттік сәуле шығарудың жоғарыда сипатталған көздері иондаушы болып табылмайды.
Атомдардан электрондарды шығаруға және оларды оң және теріс иондар құрай отырып, басқа атомдарға жалғауға қабілетті, өте жоғары энергиялы сәуле шығаруды иондайтын сәуле шығару деп атайды. Оның көздері тау жыныстарының радиоактивтік заттары немесе ғарыштан келетін радиоактивтік заттар болып табылады. Иондайтын сәуле шығаруға корпускулярлық (альфа-, бета-сәуле шығару, нейтрондық) және электрмагниттік (гамма-сәуле шығару, рентгендік) сәуле шығару жатады.
Қолданылып жүрген халықаралық нормалар бойынша сәулеленудің шектеулі рауалы дозасы кәсіптенгендер үшін - 5 бэр/жыл және тұрғындар үшін 0,5 бэр/жыл шамасында белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет