Конспектісі «Экология»


§19. ОРТАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЛАСТАНУЫ



бет56/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
Дәрістер Экология 2 болим

§19. ОРТАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЛАСТАНУЫ
19.1 Шу және оның сипаттамалары
Шу дегеніміз – әртүрлі жиілікті және қарқындылықты дыбыстардың ретсіз үйлесуі. Дыбыс дегеніміз – толқын тәрізді таралатын серпімді орта бөлшектерінің тербелмелі қозғалысы. Ауа бөлшектерінің тербелістері неғұрлым жиі болса, дыбыс та соғұрлым жоғары және жіңішке болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары f жиілік, I қарқындылық, P дыбыстық қысым болып табылады.
Дыбыстың тербеліс жиілігі герцпен (Гц) анықталады. 1 Гц секундына бір тербеліске тең. Дыбыстың жиілігіне байланысты инфрадыбысты (1…16 Гц), адам еститін дыбысты (16…20000 Гц), ультрадыбысты (20000 Гц жоғары) ажыратады.
Дыбыстың қарқындылығы немесе оның күші толқындардың таралу бағытына перпендикуляр көлденең қиманың 1 м2 ауданының бірлігі арқылы 1 с уақыт бірлігіне дыбыс толқындары ауыстыратын энергиямен өлшенеді. Қарқындылықтың өлшем бірлігі 1Вт/м2 болып табылады.
Дыбыс толқындары таралған кезде ауада сирету және жоғары қысым облыстары айқындалады. Қысылған және сиретілген орталардағы қысымның айырмашылығы дыбыстық қысым деп аталады. Ол Паскальмен өлшенеді. Эталондық дыбыс үшін тербелу жиілігі 1000 Гц болатын дыбыс қабылданған. Осы жиілік кезінде қарқындылығы бойынша естілу табалдырығы 10-14 Вт/м2, ал дыбыстық қысым Р=210-5 Па құрайды.
Адам нашар айыратын, минимум дыбыстық қысым және дыбыстардың минимум қарқындылығы шамалары табалдырықты деп саналады. Адам қабылдайтын дыбыстардың қарқындылығы бойынша жоғарғы шекарасы ауруды сезіну табалдырығы болып саналады. Адам дыбыстарды қарқындылықтың өте үлкен ауқымында 10-14-нен 1 Вт/м2 дейін қабылдайды.
Дыбысты бағалау үшін қарқындылықтың немесе дыбыстық қысымның абсолюттік мәндерін пайдалану ыңғайсыз, сондықтан бұл шамаларды сандар логарифмдері ретінде табалдырықты мәндерге бөліп, белмен өрнектеу қабылданған. БЕЛ дегеніміз – екі бір аттас физикалық шама қатынасының логарифмі. Практикада дыбыс деңгейін децибелмен (дБ) есептейді.
Адамның есту қабілеті дыбысты қабылдайды және абсолюттік емес, салыстырмалы өсімді сезінеді, яғни дауыс қаттылығының өсуін физиологиялық сезіну, дыбыс қарқындылығы бірліктердің бірдей санына емес, бірдей сан есе өзгергенде пайда болады. Яғни дыбыстық қысымның 10 есе өзгеруі, ылғи да дауыс қаттылығының бірдей өсімі ретінде қабылданады. Есту қабілетінің айтылған қасиеттерін есепке алумен, дыбыстық қысымның деңгейін өлшеудің логарифмдік шкаласы орнатылған. Бұл шкаланың әрбір бөлігі шу қарқындылығының 10 есе өзгеруіне сәйкес келеді және бел деп аталады. Егер дыбыс қарқындылығы екіншісінің қарқындылығынан 10 есе артық болса, онда екінші дыбыс біріншіден 1 белге артық деп есептейді. Логарифмдік шкалада 0-ден 140 дБ-ге дейінгі шамада 16-дан 20000 Гц дейінгі естілетін дыбыстар ауқымы салынады.
Физикалық табиғаты бойынша шулардың шығу тегі келесідей болуы мүмкін:

  • механикалық, машиналар мен жабдықтардың жұмысына байланысты;

  • аэродинамикалық, газдардағы тербелістерден туған;

  • гидравликалық, қысым тербелістеріне және сұйықтықтардағы гидросоққыларға байланысты;

  • электрмагниттік, айнымалы электрмагниттік өріс немесе электр разрядтарының әсер етуімен электрмеханикалық құрылғылар элементтерінің тербелістерінен туған.

Шудың негізгі көздері көліктің барлық түрлері, өнеркәсіптік кәсіпорындар және тұрмыстық жабдықтар болып табылады. 4.1-кестеде әртүрлі объектілерден болатын шудың деңгейлері көрсетілген.

4.1-кесте - Әртүрлі объектілерден болатын шудың деңгейлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет