Конспектісі «Экология»


Электрмагниттік сәуле шығарудан қорғау



бет60/63
Дата03.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#133193
түріКонспект
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
19.4 Электрмагниттік сәуле шығарудан қорғау
Тұрғындарды электрмагниттік сәуле шығарудан қорғау үшін, әсіресе адамдар тұратын құрылысқа арналған аумақты іріктеу кезінде электр магниттік өріс кернеулілігінің шектеулі рауалы деңгейлері (ШРД) анықталады. 4.3-кестеде толқындардың әртүрлі диапазондары үшін электрмагниттік өріс кернеулігінің ШРД берілген.

4.3-кесте - Электрмагниттік өріс кернеулігінің ШРД



Толқындар диапазоны , мм

Жиілігі, Гц

ШРД, В/м

Аса жоғары жиілікті, 1м…1мм

300 МГц

1-5

Ультрақысқа толқынды, 10…1м

30Мгц

2

Қысқа толқында, 100…10м

3Мгц

4

Орташа толқынды, 1000…100м

300кГц

10

Ұзын толқынды, 10км…1км

30кГц

20

Жоғары жиілікті энергияның организмге жағымсыз әрекетін ескере отырып, мұндай әсерден қажетті қорғау көзделеді. Ең алдымен, қысқа толқынды таратқыштар көтергіш жиіліктер режимінде адамдар тұратын құрылыстан алыста орналасады. Арақашықтық таратқыштың қуатына байланысты 2…15 км-ден кем болмау керек. Бұл кезде электрмагниттік сәуле шығару көздері болып табылатын объектілерді орналастыруға қойылатын келесі талаптарды сақтау керек:



  • сәуле шығару көздерін орналастыруға арналған алаңдарды объектілердің қуатын, антенналардың конструкциялық ерекшеліктерін есепке алып таңдау қажет;

  • берілген объектілерді электрмагниттік сәуле шығарудың белгіленген ШРД сақталуын қамтамасыз ететін шарттардың орындалуымен орналастыру керек;

  • елді мекенді аумақтардың сәулелену дәрежесін төмендету үшін станциялардың антенналарын үйінділерде немесе табиғи қыраттарда орнатады;

  • техникалық аумақтар бұл аумақтарға тұрғындардың келуін болдырмау үшін нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес қоршалу керек;

  • объектілердің техникалық аумағында адамдар тұратын және қоғамдық үймереттерді орналастыруға рұқсат берілмейді;

  • тұрғындарды сәуле шығарулардың әсерінен қорғау үшін сәуле шығару көзі мен адамдар тұратын құрылыстар арасында санитариялық-қорғау аймақтары белгіленеді. Санитариялық-қорғау аймағының шекарасында электрмагниттік өрістің кернеулігі 4 В/м жоғары болмау керек.

Электр магниттік сәуле шығарудан қорғау құралы ретінде үймереттерді темір бетон конструкциялардан салу жолымен мекен жайлық аумақтарды экрандау ұсынылады. Бұл жағдайда сәуле шығару қарқындылығы 1,5…2 есе төмендейді; электрмагниттік толқындардың таралу шебі бойынша көп қатарлы ормандарды 15...20 енді жолақпен отырғызу кезінде сәуле шығару қарқындылығы 10…15% төмендейді. Кернеуі 750…1150 кВ әуенің ЭБЖ елді мекен шекарасынан 300 м-ден жақын емес арақашықтықта орнатылу керек. Жоғары вольтты желілер бойында арнайы қорғаныс аймақтары болу керек.
Жоғарыда айтылғандай, иондайтын сәуле шығару барлық тіршілік үшін, соның ішінде адам үшін де үлкен қауіп тудырады. Қолданылып жүрген халықаралық нормалар бойынша сәулеленудің шектеулі рауалы нормасы кәсіптенгендер үшін 5 бэр/жыл және тұрғындар үшін 0,5 бэр/жыл белгіленген. Адамның қысқа мерзімді сәулеленуі кезінде 20…50Р дозасы қандағы өзгерістерді тудырады, 100…250Р дозасы сәуле ауруын тудырады және 600Р дозасы өлімге әкеледі. Сонымен бірге, сәулелену ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Тұрғындарды және қоршаған ортаны иондайтын сәуле шығарудан қорғау арнайы жайларды салу, санитариялық-қорғаныс аймақтарын, қалдықтарды сенімді көму, сәуле шығару көзін қоршаған ортадан оқшаулау үшін молалар жасау жолымен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет