§20 ЖАНУАРЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІН ҚОРҒАУ 20.1 Өсімдіктер әлемін қорғау Өсімдіктер, әсіресе орман биосферада маңызды рөл атқарады. Орман келесі көрсетілген функцияларды орындайды:
суды қорғау. Орман жер бетіндегі және топырақ арасындағы судың булану мөлшеріне тура әсер етеді, жалпы алғанда су балансына және жердің гидрогеологиялық тәртібіне;
даланы қорғау. Орман жерді су және жел эрозиясынан сақтайды, жер бетіндегі ағыс сулардың көлемін азайту, жылжымалы топырақтарды бекітеді, температура амплитудасын және жел жылдамдығын төмендетеді, ауаның ылғалдылығын жоғарылатады;
ауаны қорғау. Орман планетаға оттегімен жабдықтаушы болып табылады, көмірқышқыл газын сорып алады. Ормандар ауаның тазалығына маңызды әсер етеді. Ірі сүзгілер ретінде ауаны шаңнан, әр түрлі газдардан және микрорганизмдерден тазалайды. Бір гектар орман тәулігіне 18млн.м3ауаны тазалайды;
сауықтыру. Көптеген ағаштар және бұталар, әсіресе қылқандылар ұшқыш заттар (фитонцидтер) бөледі, олардың емдеу, бактерецидті және ауаны тазалау қасиеті бар;
қоректік. Орман жануарлар, шыбын-шіркейлер және адам үшін қоректену көзі болып табылатын көптеген қоректік заттар береді (саңырауқұлақтар, жеміс-жидектер және басқалары).
Жоғарыда айтылғандардан басқа орман сонымен қатар, қалаларды салу және көркейту, орлардың пайда болуымен күресте, жерді рекультивациялайтын құрал ретінде рөл атқарады.
Жасыл көшеттерді және ормандарды қорғаудың негізгі шарасы болып табылатындар: мониторинг жүйесін жөндеу, нормативтік актілерді қабылдау, тәртіпті бұзушыларға айыппұлдар төлету, орманды қайтадан жасарту, дамыту.
Қазақстан Республикасында 23.01.1993 жылдан бастап орманды қорғау және пайдалану саласында қоғамдық қатынасты реттейтін орман кодексі іс-әрекетке енді. Қазақстан Республикасындағы ормандар мемлекеттің жеке меншігінде. Ормандарды қорғау және тиімді пайдалану, орман шаруашылығын дифференциалды жүргізу мақсатымен ҚР орман қоры қорғанысты екі топқа бөлінген. Бірінші топтағы орманға суды қорғайтын, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру функциясын атқаратын ормандар, сонымен қатар, ерекше қорғалатын – қорықтар, ұлттық бақтар және басқалары жатады. Бірінші топтағы орманның құқықтық тәртібінің ерекшелігі – онда өнеркәсіптік қажеттілікке байланысты ағаштарды кесуге тыйым салу. Екінші топтағы орманға табиғатты қорғау функциясын сақтауға арналған шектеулі эксплуатациялық мағынасы бар таулы аймақтағы ормандар жатады. Бұл топтың ормандары үшін орманды пайдаланудың шектеулі тәртібі талап етіледі.