Конспектісі «Экология»


Детритофагтар мен сапрофагтар –



бет22/56
Дата25.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#126867
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Байланысты:
Дәрістер Экология 1 болим каз

Детритофагтар мен сапрофагтар – өлі органикалық заттармен – жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін организмдер. Оларға шіріткіш бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар, жәндіктердің құрттары және басқа да жануарлар жатады. Детритофагтар топырақтың, шымтезектің, су қоймаларының түбіндегі қалдықтардың түзілуіне қатысады.
Редуценттер – бактериялар мен төменгі саңырауқұлақтар. Олар консументтер мен сапрофагтардың деструктивті жұмыстарын аяқтайды, яғни органиканың ыдырауын оның толықтай минерализациясына дейін жеткізеді және экожүйенің ортасына көміртек оксидінің, судың және минералды элементтердің соңғы бөліктерін қайтарады.
Организмнің барлық аталған топтары энергия мен заттардың ағындарын үйлестіре отырып, кез келген экожүйеде өзара тығыз байланысады. Олардың ортақ қызмет етуі құрылымды және биоценоздың тұтастығын ұстап тұра қоймай, экожүйенің және оның ортасының өздігінен тазаруын қамтамасыз ете отырып, биотоптың абиотикалық компоненттеріне елеулі әсер тигізеді. Мысалы, кішкентай ғана эпишура шаянының Байкал көлі суының тазаруында үлкен роль ойнайтыны белгілі.
4.5 Азықтық тізбек және трофикалық деңгейлер. Экологиялық пирамидалар
Биоценоз мүшелерінің арасындағы азықтық өзара қатынастарды бақылай отырып, организмдердің қоректенуінің азықтық тізбектерін және азық торларын құрастыруға болады. Азықтық тізбекке мысал ретінде келесі реттілікті көрсетуге болады: «микробалдырлар (фитопланктон)  ұсақ өсімдік қоректі шаянтәрізділер (зоопланктон)  ет қоректі планктонофагтар (құрттар, шаянтәрізділер, ұлу, тікен терілілер)  балықтар (жыртқыш балықтар реттілігіндегі 2...4 түйіндері мүмкін)  итбалық  ақ аю».
Азықтық тізбектердің бірнеше түрлері ажыратылады:
Жайылымдық азық тізбегі немесе пайдаланушылар тізбегі продуценттерден басталады. Бұл тізбектер үшін бір трофикалық деңгейден басқасына ауысқан кезде популяция тығыздығының бір уақыттағы төмендеуі кезіндегі даралар мөлшерінің үлкеюі, биомасса бойынша көбеюдің және өнімділіктің жылдамдығы тән. Мысалы, жоғарыда келтірілген теңіздік азықтық тізбек.
Паразиттер тізбегі санның бір уақыттағы жоғарлауы кезіндегі даралар мөлшерінің төмендеуімен, популяция тығыздығымен және көбеюдің жылдамдығымен сиаптталады. Мысалы, азық тізбек: «сиыр  сона  бактериялар  сапрофагтар»
Детритті тізбектер тек редуценттерді қосады («сарғайып түскен жапырақтар  өңезденген саңырауқұлақ  бактериялар»), паразиттер тізбегіне ұқсас. Бірақ егер олар консумент-детритофагтарды (құрттарды, жәндіктердің құрттарын) қосса, онда ішінара пайдаланушылар мен паразиттер тізбегіне ауысады.
Азықтық қатынастардың белгілі бір реттілігіне қарай организмдердің белгілі бір тобының қоректенуімен байланысты экожүйедегі заттар мен энергияны тасымалдаудың жеке трофикалық деңгейлері ажыратылады. Барлық экожүйедегі бірінші трофикалық деңгейді продуценттер – өсімдіктер; екінші – бірінші ретті консументтер (фитофагтар); үшінші – екінші ретті консументтер (зоофагтар) және т.б. түзеді. Көптеген жануарлар (мысалы, сұр тышқан, қоңыр аю, адам) бір деңгейде емес, бірнеше деңгейде қоректенеді.
Түрлі экожүйелердің трофикалық деңгейінің жиынтығы санның, биомассаның және энергияның трофикалық пирамидалары арқылы модельденеді (4.2 - сурет).

4.2 - сурет – Қарапайым трофикалық пирамиданың мысалы (Ю. Одум бойынша, 1975ж.)


Қарапайым сандар пирамидасы, яғни әр трофикалық деңгейдегі даралар санының көрсетілуі, жайылымды тізбектер үшін өте кең негіз болады (продуценттердің үлкен саны) және соңғы консументтерге кенет тарылу (4.2 - сурет). Осылайша «сатылар» саны 1...3 ретке дейін ажыратылады. Бірақ бұл тек шөп қауымдастығына – шабындық және дала биоценоздарына тән. Егер орман қауымдастығын қарастырса (бір ағашта мыңдаған фитофагтар қоректенуі мүмкін) немесе бір трофикалық деңгейде шіркей және піл сияқты фитофагтар болса бейне кенет бұрмаланады.


Бұл бұрмаланудан биомасса пирамидасы көмегімен өтуге болады. Жер бетіндегі экожүйеде өсімдіктер биомассасы жануарлардың биомассасынан үнемі үлкенірек болады, ал фитофагтардың биомассасы зоофагтардың биомассасынан көбірек (4.2, б - сурет).
Сулы, әсіресе теңіз экожүйесі үшін биомасса пирамидасы басқаша көрінеді. Бұл, яғни биомасса пирамидалары түрлі трофикалық деңгейлердегі даралардың ұрпақтарының өмір сүру ұзақтылығын және биомассаның түзілу мен жойылу жылдамдығын ескермеуімен түсіндіріледі. Теңіз экожүйенің басты продуценті фитопланктон болып табылады, оның жоғары репродуктивті потенциалы және ұрпақтарды тез ауыстыру қабілеті болады. Мұхитта бір жылда 50-ге жуық фитопланктонның ұрпақтары ауысуы мүмкін. Жыртқыш балықтар өз биомассасын толықтырғанша фитоплонктондардың бірталай ұрпақтары ауысады, олардың биомассаларының қосындысы өте үлкен. Сондықтан экожүйенің трофикалық құрылымын көрсетудің әмбебап әдісі өнімділіктің, тірі заттардың қалыптасу жылдамдығының пирамидалары болып табылады (4.2, в - сурет). Әдетте өнімнің энергетикалық көрінісін ескере отырып, оларды энергия пирамидалары деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет