4.7 Экожүйелердің табиғи дамуы және тұрақтылығы Табиғи экожүйелерде алуан абиотикалық және биотикалық факторлардың түрлі кездейсоқ тәсілдерімен түсіндірілетін организмдер популяциясының күйінің үздіксіз өзгерісі жүреді. Алайда барлық бұл ауытқулар, әдеттегідей, тұрақты болып тұрады және аймақтың географиялық және климаттық жағдайларына сәйкес экожүйенің көпжылдық орта параметрлері, яғни әдеттегі өлшем, түрлік құрам, биомасса, өнімділік бойынша экожүйенің тұрақтылық шегінен шықпайды. Экожүйенің мұндай күйі климакс деген атауға ие. Экожүйенің маңызды экологиялық параметрлерін жиі оның гомеостазы ретінде белгілейді.
Экожүйе көлем бойынша неғұрлым үлкен және неғұрлым бай және оның түрлік пен популяциялық құрамы неғұрлым алуан түрлі болса экожүйенің тұрақтылығы соғұрлым үлкенірек.
Гомеостазды қолдауға ұмтыла отырып, экожүйе өзгерістерге, дамуға, өте қарапайымнан өте күрделі формаға ауысуға қабілетті.
Географиялық жағдайдың немесе табиғи апаттардың ықпалынан ландшафт типінің немесе адам әрекетінің жаппай өзгерістері аймақтың биогеоценоз күйінің белгілі бір өзгерістеріне және бір қауымдастықтардың басқа қауымдастықтармен біртіндеп ауысуына алып келеді. Мұндай өзгерістерді экологиялық сукцессия деп атайды.
Бірінші ретті сукцессияны ажыратады – организмдердің пайда болған таза құрлықты, жалаң аналық жынысты (бөлектенген теңіз немесе мұздық, құрғап қалған көл, құмды дөңдер, жалаң жартастар және қатып қалған лава) біртіндеп қоныстануы. Бұл жағдайларда шешуші рольді топырақ түзілу процесі ойнайды. Бастапқы үгілу – минералды негіздің температура мен ылғалдың айырмасының ықпалында бұзылуы мен босатылуы – бактериялармен, қыналармен, сонан соң сирек бір қабатты пионер өсімдігімен пайдаланылуы мүмкін биогенді элементтер үйінділерінің кейбір көлемін қабылдайды және босатады. Оның және онымен бірге симбиотрофтардың және ұсақ жануарлардың пайда болуы топырақтың түзілуін және территорияның өсімдік қауымдастығының өте күрделі сериялармен, өте ірі жануарлар мен өсімдіктермен қоныстануын жылдамдатады. Осылайша жүйе дамудың барлық стадияларынан біртіндеп өтіп, климаксты күйге жетеді.
Екінші ретті сукцессиялардың зақымданулардан кейінгі (яғни өрт, дауыл, су тасқыны, кесіп тастау, мал жаю зардаптары) берілген қауымдастық аймағына тән біртіндеп қалпына келу сипаты болады. Егер ландшафттың немесе климаттық жағдайлардың кейбір сипаттамалары өзгерсе, екінші ретті сукцессия нәтижесінде пайда болған климаксты жүйе бастапқыдан елеулі түрде ерекшеленеді.
Экожүйелердің дамуы сукцессиялармен шектелмейді. Ортаның зақымдануы болмаған кезде (мысалы, салыстырмалы түрде жас орманда) Pg/R бірліктен шамалы, бірақ тұрақты ауытқулар автотрофтар мен гетеротрофтардың арасындағы қатынастардың өзгерісіне алып келеді, биологиялық алуан түрлілікті және зат айналымындағы детритті тізбектердің салыстырмалы мәнін біртіндеп жоғарылатады, сондықтан барлық өнім толығымен пайдаланылады. Адам биомассаның жоғары өнімін тек сукцессияның немесе нетто-өнім жоғары болған кездегі дара дақылдың басымдылығымен жасанды экожүйелердің дамуының бастапқы фазаларында ала алады.
Осылайша, берілген бөлімде экология, экологиялық жүйе, биосфера, биоценоз және биогеоценоз және т.б. түсініктерге қатысты мәселелер қарастырылды; экологияның негізгі бөлімдерінің және олардың сипаттамаларының түсініктері берілді; экологияның негіз болатын заңдары келтірілді.