27 ЛЕКЦИЯ. 1. ТАҚЫРЫБЫ : Көркемдік әдіс. 2. Лекцияның жоспары: 1.Көркемдік әдіс мәселесі. 2.Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. 3.Көркемдік әдістер арасындағы байланыс. Әдебиет теориясында әдіс мәселесінде көп айтысқа, талас-тартысқа түскен нәрсе аз шығады.
Алдымен, әдістеген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволық әдіс, енді біреулер әншейін әдеби әдіс дей салады. Алайда бұларға дау айтып, уақыт оздырудың керекгі жоқ, өйткені бәрініңкі – бір ұғым.
Ұғым демекші, айтыстың үлкені әдіс деген сөзге тән ұғымға, мағынаға байланысты...
“Әдіс-творчестволық тәсіл”, -дейді В. Шербина. “Творчестволық тәсіл дегенінің өзі не нәрсе; -дейді Л. Тимофеев – оны нақты шығарма талдауға қалай қолданамыз?”
Біреулер әдісті суреткердің дүние танымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы, “әдістің таза дүние танымы категориясымен қабыспайтынын” (Л. Новиченко) дәлелдеп жатады.
Г. Абрамович “әдіс- шындықты суреттеудің жалпы принципі” десе, Л. Щепилова “әдіс- өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі” –дейді.
Сондай-ақ, мәселен, Ф. Головенченко “Әдіс пен ағымның арасында анық шекара жоқ” –десе, В. Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екуінің ара жігі айқын екенін, яғни “әдіс- ағымнан әлде қайда кең ұғым” екенін айтады.
Бір ескертетін нәрсе: жоғарыда айтылғандай, романтизмнің де, реализмнің де өмірде өнерге көшіру сипатына негізделген екеуінің екі түрлі ерекше табиғаты, түп тамыры мен тегі тереңде жатқан мен, олардың әдеби әдіс ретінде қалыптасу тарихын әдебиет зерттеушілері беріден бастайды. Мәселен, олар романтизм көркемдік дамудың күрделі бағыты ретінде Европамен Америка әдебиеттерінде XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басынан берімен қарай қалыптасты деп жүр. Бұлай дегендегі дәлелі сөз өнеріндегі романтикалық (французша –romantigue –ағылшынша -romantic) туындылар суреткерлердің шындықтағы барға қанағаттанбай жоқты іздеуінен, ақихаттан аулақтап әлде бір асыңқы, өмірді емес өнерде ғана болуға тиіс кітаби қиял ғажайып шытырман оқиғаларды бейнелеуден пайда болған деседі. Сондықтан бұл ағым ағартушылық бағытқа да, классицизмге де, сентиментализмге де...- бәріне де кері ағар.
Әдебиеттер:
1.Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.
2.Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.
3.Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.
4.Қабдолов З. Сөз өнері. А. 2002.63-92 б.
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.