Контент (ДӘріс тезисі) «Клиникалық психологияға кіріспе» пәні бойынша Мамандық


Тақырып 13. Негізгі нейропсихологиялық синдромдар



бет17/19
Дата15.11.2023
өлшемі73,12 Kb.
#122629
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Тақырып 13. Негізгі нейропсихологиялық синдромдар.
Нейропсихологияда “синдром” термині екі мағынады қолданылады. Бірінші мағынасы бойынша “нейропсихологиялық синдром” – бас мидың локалдық зақымдануы салдарынан пайда болатын жоғары психикалық қызметтердің бұзылыстарының заңдылық қосындысы.
Екінші мағынасы бойынша “синдром” термині – белгілі қызметтің дөрекі көрінетін бұзылысы. А.Р.Лурияның еңбектерінде “синдром” термині бірінші мағынасында қолданылады.
Нейропсихологиялық синдромдардың топтастырылуы миды зақымдалан бөлігін анықтауға, яғна топикалық принципке негізделгін. Осыған байланысты нейропсихологиялық синдромдар келесі топтарға бөлінеді:
1. үлкен ми қыртыстарының зақымдану синдромдары;
2. зақымдану синдромдары “жақын орналасқан қыртыс астысының” зақымдануы синдромдары;
3. мидың терең құрылымдырының зақымдану синдромдары.
Апраксияларда зақымдану орталықтарын локализациялану мәселелесі.Әртүрлі заттармен жасалатын еріктік қозғалыстар мен әрекеттердің бұзылуыапраксиялар деп аталады.
А. Р. Лурия апркасиялардың келесі итоптастырылуын өндеген:
Кинестетикалық апраксия апраксияның бұл формасында науқастар өздеренің қозғалыстарын дұрыс басқара алмайды,.
Кеңістіктік апраксия (апрактоагнозия) апраксияның бұл формасының негізінде көру-кеңістік синтездің бұзылуы жатыр.
Кинетикалық апраксия  апраксияның бұл формасында қозғалыстық актілердің уақыт бойында ұйымдасуы бұзылады.
Реттеушілік апраксия –апраксияның бұл формасында қозғалыстарды саналы түрде орындау, моторлық шаблонбдар мен таптаурындарды ауырбастау мүмкіндігінің болмауы байқалады.


Тақырып 14. Медициналық психология саласы ретіндегі психосоматиканың пәні мен міндеттер. Соматикалық және психологиялық факторлардың өзара байланысы.
Психосоматика түсінігін 1918 жылы И.Хайнрот енгізген, ал 10 жылдан кейін К.Якоби алғаш «психосоматика» қолданды.
Психосоматика – соматикалық аурулардың психогенезін зерттеу. Кез келген сыртқы ықпалдар сенсорлық жүйеге әсер ете отырып, организмнің жауап беру реакциясын (қысымын) туғызады. Физиология тілінде нейро-вегативті эндокриндік арқылы соматикалық өзгерістерге ұшырайды.
Қазіргі уақытта зерттеулер психосоматика ғылым ретінде қалыптаусына себеп болған үш ғылыми бағытты атайды. Бұл психоанализ, кортиковерцеральді патология және Кенон мобилизация концепциясы. Мұнда Ганс Селенің стресс мәселесі туралы зерттегенін жатқызуға болады. Сонымен қатар, В.Райх, А.Лоуэн, Б.Д.Корсаковский жұмыстарында психосоматикалық қатынас туралы, психосоматикалық өзарабайланыс туралы, психосоматикалық бірлік туралы айтылған.
Психосоматикалық белгілерге байланысты теориялар:
ағзалардың бұзылуға бейім болуы.(конститутциялық тұқымқуалаушылық)
пренеталды және өмірінің алғашқы жылдарындағы контитутционалдық бейімділік
функционалды органдарындағы белгілер, жеке адамның өте кешірек кезеңіндегі өзгерістер
ағзаның әртүрлі жарақаттар мен инфекциялардан кейінгі әлсіреу
психологиялық стресс кезіндегі ағзаның белсенділігінен
жеке адам жүйесіндегі ағзаның белгілік маңызы
психологиялық дамудың кешеуілдеуі нәтижесіндегі ағзаның функциясы
Психосоматикалық бұзылулардың қалыптасуына байланысты бірнеше модельдері бар:
психофизиология
психодинамика
жүйелі-теориялық
социопсихосоматикалық
Психосоматиалық бұзылуларды үш топқа бөлеміз:
конверсионды симптомдар
функционалды симптомдар (органикалық неврозы)
психосоматикалық аурулар немесе ағзалық психосомотоздар
Психосоматикалық аурулар дегеніміз өткір және созылмалы сипаттағы психотравматикалық уайымдар: брохты астма, гипертония, стенокардия, язвенный калит және т.б. Негізгі себебі – стресс. Психикалық стресс фактор аффективті қысымға әкеледі, нейроэндокриндік және вегетивті жоғарғы жүйке мөлшерден тыс белсендіреді, ал осы белсенділік ішкі ағзалар мен қан жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Алған кезде болғанмен, қайта-қайта қайталануы органикалық өзгерістерегефункционалды сипатта дейін әкеледі. Конверсионды симптомдар – невротикалық дау-дамайлар екінші соматикалық жауап (амнезия, тряс). Функционалдық симптомдар – ағзалық невроздар: симптомдар, синдромдар, жүрек-тамыр, асқазан-ішек, тыныс алу, зәр шығару және қозғлыс т.б бұзылулары.
Жүрек-тамыр жүйелері бұзылуындағы тән белгі «жүрек неврозы» немесе вегативті-тамыр дистониясы. Жүрек неврозы немесе функционалды бұзылуына жүрек қысымы бұзылуынан болатын тахикардия, жүрек жүрек соғысының жиілеуі, тартылуы, қысқа аритмиялар жатады.
Вегативті жүйке жүйесі симптоматикалық және парасимптоматикалық болып бөлінеді және симптомдары әртүрлі болады: симпатикотоникалық және вагоинсулярлық. Симпатикотоникалық түрінде адамның терісі құрғақ, бозғыл, аяқ-қолдары суық, температурасы тұрақсыз, тахикардияға бейімділік, бұлшықет дірілі, артериялық давление (қысым) жоғарлауы, жүрек айналасындағы жағымсыз жағдай байқалады. Ваготониялық түрінде – денесі суық, дымқыл, терісі бозғыл, артериялық гипертония, тыныс алу аритмиясы, естен тануға жақын, салмақ қосылу байқалады.
Себептері: қазіргі өркениеттілік, компьютеризация, автоматизация мен механизация, дұрыс тамақтанбау: синтетикалық, генно-инженерлік, химиялық құралдары бар өнімдерді пайдалану. Л.Л.Рахлин адамның ауруға қарым-қатынасын былайша топтастырған:
депрессивті-астеникалық
психоастеникалық(фобия, жабысқақ ойлар)
гипохондриялық (өзбетінше болжау әртүрлі мамандарға қаралу)
истериялық
эйфория-анозогнозиялық (ауруын мойындамау, денсаулығына зиян келтіру)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет