Контрастивті салғастырмалы лингвистика тіл біліміндегі ең жас саланың бірі


Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы



бет4/13
Дата19.02.2023
өлшемі114,95 Kb.
#69211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
New Документ Microsoft Word

1.4 Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің шығу мен дамуы. Қытай тіліндегі заттық мөлшер сөздерді сауыт-сүйек жазбаларынан(甲骨文) кездестіреміз. Бұлар заттық мөлшер сөздер тұрмыстағы қажет бұйымдардың, сауда-саттықта қолданылатын сөздердің негізінде пайда болғандығының дәлелі.
1. Өлшем және салмақ жүйесі бірліктерін білдіретін мөлшер сөздер, мыс.:卯六牢,鬯六卣,亡龙。[Mao liu lao, chang liu you, wang long.] Алты бас, алты құты арақпен бақилықтарды еске алды. 其礼新鬯二升, 一卣。[Qi li xin you er sheng.] Ырым бойынша арақтан екі шың, бір құты дайындады.
2. Ақша бірлігін білдіретін мөлшер сөздер, мыс.:画贝十朋。 [Hua bei shi peng.] Он жұп бей. 其贞用三丰。[Qi zhen yong san feng.]Үш фең қолданды.
3. Жекелік бірлікті білдіретін мөлшер сөздер. Мыс.:御于何羌三十人。[Yu yu he qiang san shi ren.] Өзенді қорғауға цяннан отыз адам бөлінді. 羌百羌。[Qiang bai qiang.] Цян адамдарынан жүз.
Ең алғашқы пайда болған мөлшер сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар, яғни олар зат есімнен жасалғандығы анық байқалып тұр.
Ежелгі Қытайда ұлудың қабығы мен асыл тастар ақша бірлігі ретінде қолданылған.Сондай-ақ, ол табиғи көріністердің мөлшерін білдіру үшін де пайдаланылған. 羌百羌[qiang bai qiang] цяннан жүз цян (ян–қытайдың бір ұлты), 田十田[tian shi tian]атыздан он атыз алдыңғы 田 [tian] заттың өзін білдірсе, соңғы田 [tian] мөлшерін білдіріп тұр.
Инь дәуірінің (殷代) соңғы кезінде 玉[yu] нефрит сөзінің орнына 丰[feng] иероглифі мөлшер сөз ретінде қолданыла бастады. Нефрит асыл тасының бірлігі ретінде қолданған 丰[feng] мөлшер сөзі зат есімнен бөлініп шыққандығын білдіреді. 丰[feng] иероглифінің жасалуы 玉yu иероглифін біраз өзгерту арқылы жасалған. Кейін丰 [feng] сөзі адамға қолданылатын мөлшер сөз болды. Мыс.: 五丰臣 бес уәзір.Бұл жерде丰[feng] адамдардың беделіне, құрметіне қолданылып отыр.
Металл жазбаларында [金文] мөлшер сөздердің қолданылуы заттық мөлшер сөздер ретінде ғана кездеседі. Бірақ сауыт-сүйек жазбаларындағы мөлшер сөздерге қарағанда, олардың мазмұны күрделірек, саны да көп. Ол мөлшер сөздер өлшем, ақша, сыйымдылық бірліктерін білдірген. Мыс.:浮牛三百五十五牛 [fu niu san bai wu shi wu niu] Сиырдан үш жүз елу бес бас. 羊廿八羊 [Yang nian ba yang] Қой басы жиырма сегіз тұяқ.
Бір зат есімге ұқсамайтын бірнеше мөлшер сөз қолданылады, мыс.: 车[che] арбаға 两 [liang] , 乘 [cheng] мөлшер сөздері қолданылды: 浮车十两[fu che shi liang] Он екі машина.
Заттық мөлшер сөздердің дамуы аса күрделі, әрі ұласпалы. Себебі қоғамда мөлшерді өлшеудегі бірліктердің көбеюіне байланысты өлшем бірліктері де көбейген. Табиғи көріністерге, заттардың бейнелеріне қарай  [ge],  [kou], [zhang], [nian] жиі қолданылатын жекелік мөлшер сөздер пайда болып, дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет