...ЗАМАн АЙТҚЫЗБАДЫ-МЫС
Р
ас, тарихи шындықты «социа
листік реализм тұрғысынан, тап
күресінің тайталасы үстінде»
көрсету жазушы үшін нағыз азап бола
тын. Диктатураның ондай зорлық
зомбылығының ызғарын жантәніңмен
сезінесіз. Бірақ егемендік көзімізді
ашқанда жазушының талғаммен жапқан
«таптық шекпенінің» Құнанбайдың сом
әрі шынайы тұлғасына қонбай тұрғаны
көзге оттай басылады. Қаламгердің өз
шығармасын кеңес сұранымына қарай
әдіптей отырып та қайраткер келбетіне
көлеңке түсірмей, көркем шындықты ше
бер кестелегенін көреміз. Қатал да әділ,
қайырымдылығы да бір басына жетерлік
біртуар тұлға қарамақайшылықтар үстінде
шынығып, шыңдалады. Ал «көктем
туғанда» кейіпкердің «соцреализм шекпені
жыланның қыстық жабынындай» сыпыры
лып түсіп, табиғи болмысымен жарқ етеді.
Шырғалаң заман еді ол...
«Казмедиа» орталығының кино залын
да тұсаукесері болған «Құнанбай» көркем
фильмінің сценарийін Таласбек Әсемқұлов
пен Досхан Жолжақсынов жазып, соңғысы
оның әрі қоюшы режиссері екен. Демек,
өнердің қос тарланынан кезіндегі дәстүрлі
қазақ сахарасының заңғар тұлғасы туралы
бірегей өнер туындысын күтуге өнерсүйер
қауым әбден хақылы еді. Заманында туған
ұлтының салтдәстүрі мен мұсылман
парызын берік ұстанып, елжұртына
мығым билік құрған аға сұлтанның
бейнесі экраннан көрінгеннен бастап,
оған көрерменнің тебіренбегені кемде
кем. Асқар таудай Әбіш аға Кекілбаев
сахнадан жүрекжарды лебізін білдіргенде
дауысы толқып шықты... біз расында да
бір бірімізді түсінбей жүретін, қадірімізді
білмей өтетін қазақпыз... шырғалаң за
ман еді ол. Халқымыздың қатарынан қара
үзген саңлақтарын, тіпті қалам ұстаған
әріптестері түсінбей жатса, «көңілім қалды
достан да, дұшпаннан да» (Абай) демеске
не шара!?
...Міне, Құнанбайдың ойлы да сұсты
жүзі перзенттік жүрегімізді дір еткізіп,
тұлпар тұяғының дабысы туған жерімізді
баса көктеген отарлық тозағының дүбірлі
хабаршысындай көңіл толқытады.
Көрермен экранға телміріп, тарих
қойнауына сүңгіп жүре бергендей. Актер
лер де өз образдарына нанымды кірігіп,
кейіпкерлерді жарасымды бейнелейді.
Тұсаукесердің бір тілектесі ретінде фильм
авторларының табыстарына қуана қол
соғуға дайынақ отырмыз.
Шапалақ соғуда, әлбетте кемшін бол
мады... өткенімен қауышқан көрермен
сүйініші еді бұл. Бірақ сол бір қапаста
қ а л ғ а н к е ш е г і м і з д і ң ш ы н д ы ғ ы н
қаншалықты лайықты кестелей алдық?..
Күмәндіміз. Неге?..
Біздіңше, оның себебі, тағы да
жауһар романдағы Құнанбай тұлғасы
тұрғысында «Әуезов айта алмаған, за
ман айтқызбаған әділетсіздікті қалпына
келтіру» деген лақапта жатыр. Мұндай
байбалам «қызыл» қоғамның жемісі еді
және оның себебін, тағы да қайталаймыз,
сан қырлы қалам құпиясын көрмеуден
іздеген жөн. Турасын айтқанда, кемеңгер
жазушы компартия құлқынын «соцреа
лизм мәзірімен» жұтынта жалаңдатыпақ
Құнанбай келбетін жанжақты сомдап,
санасы сәулелі оқырманға құпия сырдың
«кілтін» ұстатып кетті.
«Абай жолымен» қайта жүріп өтіп,
жазушының заман «коньюктурасына»
жасаған қыры мен қолданған көркем
тәсілдерін түсінгенде «қапаста» тірлік
кеше жүріп те ғажайып шығарма тудыр ған
қаламгер құпиясына бас иесің. Автор дың
қалам ұшына еріксіз ілінген «советшіл дік
тің» көлеңкесі «қилы кезең»» елесіндей түр
шіктіреді. Алайда, қазір, егемен елде, еркін
оймен «Абай жолына» үңілсек, саф алтын
дай таза өнер өзіне тәнті етеді... бүгінгі
оқырман автордың ойын тап басып, «Абай
жолында» адаспақ емес. Құнанбайдың
тұлғасы романға дендеп енген сайын
айқын бедерленіп, шоқтықтана береді.
Өкінішке қарай, аталмыш фильмдегі
бірқатар нақты деректер жұртшылыққа
Әуезов танытқан Құнанбай бейнесіне
жаңа ештеңе қоса алмағандай. Заман
айтқызбағанмыс ақиқатты шұқшия іздеп,
талған жанардың тұмандануының сал
дары да. Бұл оғаттықтың сырын тағы да
ұлы Абайдан табамыз: «...Әрбір құмарлық
өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар
болған нәрсеге жеткенде, яки әнеміне,
жетержетпес болып жүргенде, бір түрлі
мастық пайда болады екен. Әрбір мастық
бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың
көзін байлап, төңіректегі қараушылардың
Астанада Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының жаңа
бас жоспарының таныстырылымы өтті. Аталған шара «Астанабасжоспар»
ғимаратында өтіп, оған министрліктер мен ведомстволардың өкілдері
қатысты.
Жетісулықтардың делегациясын
Алматы облысы әкімінің орынбасары
Ғалымжан Әбдірайымов пен Талдықорған
қаласының әкімі Ермек Алпысов
бастап барды. Бас жоспардың жобасын
Талдықорған қаласы әкімдігінің
тапсырысы бойынша «Урбостиль» ЖШС
әзірлеген болатын. Жиында облыс әкімінің
орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов
облыс орталығының экономикалық
тұрғыдан өркендеп, ондағы тұрғындар
санының да уақыт өткен сайын артып келе
жатқанын атап өтті.
Қаланың бұрынғы бас жоспары
2000 жылдардың басында бекітілген
болатын. Бүгінде онда белгіленгендердің
барлығы жүзеге асырылған. Соған орай
жаңа жоспар дайындалған. Сәулет
жобалау ұйымының директоры Любовь
Нысанбаева жергілікті климат, ұлттық
колорит пен мәдениет жайы ескерілген
жобаның басты ерекшеліктеріне
тоқталды.
Баяндама аяқталғаннан кейін
минис трліктер мен ведомстволардың
сарапшылары әр сала бойынша өздерін
қызықтырған сауалдарын қойды.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласына
дейін созылған Алматы – Талдықорған
автомагистралі құрылысының қызу жүріп
жатқандығы белгілі. Сонымен қатар тамыз
айының басында облыс орталығында «Air
Astana» мен «Qazag air» авиакомпаниялары
ұйымдастырған Астана – Талдықорған
және Алматы – Талдықорған – Астана
авиарейстері ашылады. Бұған қоса Алматы –
Талдықорған – Алматы теміржол қатынасын
қамтамасыз ететін теміржол вокзалын қайта
құрылымдау да ойластырылып отыр.
Жалпы алғанда министрліктер мен
ведомстволардың өкілдіктері бас жоспар
жасау бойынша атқарылған ауқымды
жұмыстарды атап өтіп, оң бағаларын берді.
Ендігі кезекте Талдықорғанның басты
қала құрылысы құжаты ел Үкіметінің
алдында қорғалу үшін министрліктермен
келісілуі қажет.
Ардақ нҰРЫМБеТ
Алматы облысы
жИын
Талдықорғанның
бас жоспары таныстырылды
тарихи шындыққа осы қиянат. Кітаптың
өзіне жүгінейік: «Абай жалт қарап барып
жаңа көрді. Анадай жерде, қонақүйдің
сыртында, қасында екіүш үлкен кісі
бар – әкесі Құнанбай тұр екен... Бірақ
өңі сұпсұр, зор денелі, бурыл сақалды
Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес.
Батыс жақтан 45 атты жолаушы келеді
екен... Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді.
Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды
да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған
орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына
да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға
қарап алып:
– Балам, бойың өсіп, ержетіп қалып
сыңау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп
білімің де өсті ме? – деді...
Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің
қабағын жұтаң қыста күн райын баққан
кәрі бақташыдай бағып, танып өскен.
Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін
өзге балаларынан артық санаушы еді.
Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін
әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, мо
мын пішінмен:
– Шүкірлік, әке, – деп біраз тұрды
да, – ат барған соң, дәріс тәмам болмаса
да, қазіреттің рұқсатын, фатихасын алып
қайттым, – деді...
Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген
жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып
тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың
әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне
де көптен бергі мінез болған (М.Әуезов,
«Абай жолы», «Жазушы» баспасы, 2013,
1 кітап, 9,10,11беттер).
« . . . М ұ н ы ң б ә р і қ и я л а п а й т қ а н
Құнанбайдың қошеметі.
Үндемей түйіліп, сұпсұр боп отырған
Құнанбай ол сөздерге көп шіміркенген
жоқ. Қайта, теріс көргендей мойын бұрып,
Абайға қарап:
– Одан да, не күтсеңдер де осы жаман
қарадан күтсеңдерші! – деді...» (сонда,
1кітап, 15бет).
«...Абай енді байқады, әкесі сөзін
аяқтап келеді екен.
– Қодар сұмның қылығы сырт елдің ал
дында менің бетіме салық болса, осы елге,
өз келеңе келгенде, осы отырған бәрімізге
салық. Мынау отырған сендерге салық!..
Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген
сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек! – деп
Құнанбай байлауын айтты. Қайта босар
түрі жоқ. Тас түйін боп бекініп, түйіліп
алған көрінді.
Отырғандар осы күйді танып қалды.
Құнанбайдың бұлай беттеп алғанда қайта
оралар қайырымы жоқ, оны бәрі біледі...
Бәрі де тіреліп қалды. Ат тұмсығы бір
бітеу, меңіреу қабырғаға тірелген сияқты.
Жалтара алмады да, үндеспеді... Тағы да
шапшаң Қаратай:
– Ал шариғат бұл Қодар қылығына не
бұйырады екен, – деді.
Құнанбай бағанадан төмен отырған
жорға Жұмабайды енді ғана еске алғандай
бұрыла қарады.
– Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет
Риза хазіреттен фатуа сұрап келді. Жазасы
дарға асу депті.
– Дарға? – деп Қаратай үркіп қалды...
«Тергеп алып, білгеніңді қыл» дегенді,
аяқтап келгенде әрқайсысы да бірбір
қайырғанды...
Құнанбай аға сұлтан болды да,
өзгелерінің қатарынан озғындап кетті.
Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да
уайым көрді, түсінді. Бірақ әншейіндегі
дағдысынан өз бойын тежеп, жиып алды,
ашуланған жоқ. Бір Тобықты емес, бір
ғана қала адамдары емес, тіпті барлық
өр мен ылди дейтін сыбайлас елдердің
бәрінің де басты адамдары кеп, бір жұмадан
бері Құнанбаймен қоштасып, оң сапар
тілеп, қамалып жүрген. Шендес, сырлас
жақындардың, қарт замандас достардың
бір алуаны «жарықтығым, асылым, құт
берекем» деп кеп арыздасып, қоштаса да
сөйлегенді.
Бұл жолға Құнанбай бір жыл бұрын
бекінген болатын... Жолына қаншалық пұл
керегін білсе де, Құнанбай сол керек деген
мөлшерден төртбес еседей артық пұл
алып барады. Барған соң, тәуір ниетпен
татымды боп бармақ... Құнанбай өмір бойы
сараңдықтың құлы болған кісі емес. Бірақ
ашылыпшашылғыш та емес. Парықсыз
болмайын дейтін. Қарқаралыда қазақ
салмаған мешіт салғызу сияқты іс болса,
оған ақтарылып түсетін. Мына сапарда
да сондай бір нәрсеге бекінген сияқты.
Бірақ не істемегін, тіпті қатынбалаға да
айтқан жоқ. Барып орындап қайтса, сонда
білдіреді (сонда, 2 кітап, 8бет).
«...Құнанбай кеудесін көтеріңкіреп,
қарсы алдына жалғыз көзін салмақпен
қадай отырып, сөйлеп кетті: – Сендер мені
осы сапарға қимайтын сияқтанасыңдар.
«Қартайған шағында қайда шырқап бара
ды, қайта оралып көрмеймізау, кеткені
ау» деп есіркеп қарайсыңдар... Осыларың
мынау жолға мені қимау емес, маған осы
жолды қимау болады. Бір шақтар болмап
па еді, мен онда да қылшылдаған жас емес
ем, осы отырған бәрлерің мені тағы бір
бұдан жат зорлық сапарға да ұзатарман
болып еңдер. Ол қорлық, намыс болатын
өктем күштің айдауы еді... Тірлік табыспен
ғана тәтті ме? Табысқа жетпей тұрғандағы
талап пен мұрат одан да тәтті деп білем.
Ендеше, бұл сапар менің ендігі қалған
тірлігімнің мұраты...
Жігіт көңілінде (АбайБ.Ж.) әкесінің
жаңағы үлкен сөзіне, өмірде көптен бері
терең ашылып айтқан сырына лайық
бұндағы өренжаран көңілінен біраз сөз
айтсам деген ойы бар еді.
– Әке, бауырыңызда өсіп, бірге жа
сасып келгенмен, жақынға жақынның
қасиет, сипаты бірден танылмайды. Біртін
біртін ашылады ғой... Жаңағы айтқан
сөзіңіз сол әсер дүниеге берген батаңыз
ғой. Алғыс айтып, қабыл тұттық. Аталық
еңбегіңізді ақтай өсу біздің де мұратымыз
болар,– деді...
Талай уақыттар ұғыспай, көңіл
қырбайлығымен тоңторыстау жүрсе де,
осы шақта бір үлкен жұбаныш тапқандай
боп бара жатыр. Бұны Ұлжанға айтқан бір
сөзінде:
Кеңес өкіметі тарап, байланыс
үзіліп егемен еліміз әлі аяғынан
тік тұрмаған 1995-96 ж. болатын.
Халықтың көпшілігі жанын күтіп,
емделіп, демалуды қойып күнкөрістің
қамын ойлап кеткен өтпелі кезең
бәріміздің есімізде. нарықтың қатал
заңына шыдамай Алматының шығыс
бағытындағы бізбен қатар 7 санаторий
жабылып, егесіз қалған. Біз де кезек
күтіп қыл көпірдің үстінде тұрдық,
бағымызға қарай іскер басшы, білімді
дәрігер Туғанбай Жанысбаев «Ақ
бұлақ» шипажайына бас дәрігер-
директор болып келіп, ұжымның
көңіліне жылылық пен сенімдік үміт
сездіре білді.
Кісілік пен кішілік
Айлық төленбей, білікті мамандар
тарап, небәрі 17 адам қалғанбыз. Туғанбай
Байғабылұлының ерекшелігі әр адамды
қолынан келетін іске жұмылдыра білді.
Кейбіреулері екі мамандықты атқарып,
жалақысы көбейіп, бұрынғы іскер
мамандар қайта орала бастады. Жеке
емдом көрсететін дәрігерлік бөлімше
ашылып, жабылып қалған емханалар мен
санаторийлерден аппаратуралар әкелінді.
Ұжымдағы адам саны күнненкүнге
көбейіп, кейін 17 адамнан 120 адамға
жетті. Жалақымыз он бес жылда он есеге
көбейді. «Ақ бұлаққа» жұмысқа тұру
бәсекеге айналды. Өтпелі қиын заманға
қарамастан қысқа мерзімде инвестор
тауып, бүкіл ғимарат күрделі жөндеуден
өтті. Алпауыт кәсіпорын «Қазақмыс»
корпорациясының қарамағына өтіп,
2001 жылы үш қабатты медициналық
корпустың құрылысы аяқталып іске
қосылды. Жаңадан жылу беретін құбыр
айырбасталып, 250 м. тереңдіктен
минералды жерасты суы берілді.
«Қалауын тапса қар жанады» дегенді
қазақ бекер айтпаған. Бәрі басшының
білгірлігі мен іскерлігіне байланысты
екені ақиқат. «Ақ бұлақтағы» бүкіл
аппаратура, бөлмедегі жиһаз, басқа
құралжабдықтардың бәрі жаңартылды.
Туғанбай аға өзі жоғары білімді
экономистқаржыгер. Кірісшығысты бір
ай, бір тоқсан бұрын есептеп, әр теңгенің
тиімді пайдалануын қадағалап, тексеріп
отыратын. Сан қырлы азамат, іскер
ұйымдастырушы, психолог, дизайнер
суретші, медицина ғылымының
кандидаты атағы бар басшымыз дәлелдеп,
мақалмәтелдеп, жүйелі сөйлегенде
келіспеуден басқа амал болмайтын.
Қосымша жұмыс тапсырғанда сылтау
айтуға ұялып, сыйлайтынбыз. «Ұят
болады, арыңды аттамай адал істе, бір
адамның шала істеген жұмысы бүкіл
ұжымға күйе жаққанмен бірдей» деген
сөзді әр жұмыскерге ұғындыра білді.
«Сені басқа адам сыйлау үшін өзіңдіөзің
сыйла, өзіңнен өзің ұяла біл, жұмысың,
киімің, жүрістұрысың, сөзің бәрі келісіп
тұрсын» деген ескертулерін есімізде
сақтап, жұмысқа барарда театрға барардай
дайындалатын әдет қалыптастырдық.
– Артымда кім қалды дер болсам,
тиянақсүйенішім жоқ емес. Жолы менің
жолымнан басқа болса да, сенің балаң
тірегім! Алдынан жарылғасын. Енді өз
дегенін етіпақ көрсін. Тарпаң ақыл айтып,
шаужайламаңдар! – деген болатын» (сонда,
2кітап, 9,10,11 беттер).
«Абай мен Құнанбай ең соңғы сәтте
үнсіз қоштасты. Әкесі ұзақ құшып, әлі аса
қайратты қолымен қысып тұрып, Абайдың
мешіт салғызғаны үшін Құнанбайды шы
нымен дәріптейтін...
Абай өз әкесінің өзге атқамінер атау
лы дан мықты, қайратты екенін сезеді.
Қазір көпкөп ойлап, көп бағып, танып
көргісі келетіні дәл осы өз қасындағы өз
әкесі. Жақын жерден, қасынан қарағалы
әкесі бұған үлкен жұмбақ боп тұр...» (сонда,
1кітап, 98, 99беттер).
«Абай Бөжейдің не дегенін естуге
ынтық болатын... Құнанбай қайсар жау
апты есітті де, басын жоғары алып, қарсы
терезеге жалғыз көзімен қадалып қарап,
үндемей отырып қалды. Сұрғылт жүзі
түнеріп, қатты ашумен қарайып бара
жатқан тәрізді. Бетінде түк атаулысы
бозғылданып, біліне бастады.
Осыдан басқа не бір дыбыс, не
қозғалыс, не бір сөзбен сыр берген жоқ.
Барды ішіне жиып, буылып, құрсауланып
қалды. Мұның бетіне екі рет көлденеңнен
қарап өткен Алшынбай, таңдана түсіп,
сүйсініп қалды.
«Берік, берік! Бүйрегі без емес, тас
болар!..» деп ойлады. Құнанбайды өзі
көріп жүрген атқамінер ішінде бөлекше
бағалайтын бір себебі: осындай жердегі
ерекше ұстамдылығынан, бойын бермес
тұйықтығынан болатын... ( сонда, 1кітап,
103, 104беттер).
«...Құнанбай ауылдан қашаң отыр
са да, бұлардың қатты жүріп келгенін
аттарының сонау алыстағы ажарынан
байқап еді... Бірақ ол жайға Құнанбай онша
шіміркенген жоқты. Тегінде, балаға «ат
қинайсың, шаруа күйзелтесің» деп ұсақ
мазасыздық жасамайтын...
ҚҰнАнБАЙ: «...не КҮТСеңДеР Де
оСЫ ЖАМАн ҚАРАДАн
КҮТСеңДеРШІ»
Әуезов сомдаған Құнанбай дала дәс
түрін берік ұстанып, өз қол астындағы ел
қамын «қалт етпей күзеткен» қайраткер.
Ө з г е б а л а л а р ы н а н а р т ы қ с а н а ғ а н
перзенті Ибраһимге деген оның әкелік
сүйіспеншілігін романнан көрмеу, міне,
жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын,
малды. Сөзге жүйрік, мінез бенен іске де
алғыр. Осының бәрі, өз ортасын бойымен
басып, жыға беруге себеп болатын» (сонда,
1кітап, 19,21,22беттер).
«...Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі
тіптік. Қазіргі бет ажарында қобалжу
да жоқ. Өз ойын қинап, алаң еткен кісі
емес... Құнанбай олардың жүздерін шолып
өткенде, тағы да Мәкіш жүзіндей жасыған
Туған еліміз бостандыққа жеткелі Құнанбай ту-
ралы аз жазылып жатқан жоқ. Бірақ кейбіреудің
«Абай жолында» айтылмаған-мыс ақиқаттың
орнын толтыруға талпынуы – бос әурешілік.
Әуезовтің Құнанбайы, тағы да қайталаймыз,
ешқандай қорғауды қажетсінбейтін, қанша за-
ман өтсе де оқырманын тәнті ететін қайталанбас
тұлға. Өйткені Әуезов әлемінің бір шыңы –
Құнанбай бейнесі. Алайда жалаң ұран жалаңдаған
кеңестік кезеңде қаламгер құпиясын түсінбеудің
салдарынан аға сұлтанның тұлғасына қатысты
қайшылықты пікірлер қалыптасты.
«Өзінөзі күтпеу, талғамсыз киіну
мәдениетсіздік» деп ескертіп отыратын.
Ылғи бір өзгеріс енгізіп, ізденіс үстінде
жү ретін, жаңалыққа жаны құмар бол
ғандықтан, ұжымға сондай талап қойып
«баяғы жартас, бір жартас» болмасын
дегенді сүйегімізге сіңдіріп кетті.
Бір кемшілік көріп тапсырма
бергенде «бәрін істейтін өзіміздей
адамдар, сондықтан машықты маман
болу керек. Сенің жұмысыңды басқа
адам сенен артық істей алмайтындай
болса тұрақты жұмыстың көзі деген
осы» екенін түсіндіріп, керек болса
Алматыдағы бір мекемеге келісіп,
тәжірибе жинауға жіберіп жағдай жасай
білді. Қаншама адамның алғысын алды.
Ондай жақ
сы
лықты ұмыту мүмкін
емес. Туғанбай Байғабылұлы кісілік пен
кішіпейілдіктің тізгінін тең ұстап, өнеге
көрсете білді. Қарапайым жұмыскерге
тоқтап, амандасып, жағдайын сұрап,
жұмыс орнындағы кемшілікті бірге
шешуге жағдай жасап, көмектесетін.
Ұжымды жұдырықтай жұмылдырып,
ұршықтай үйіріп, уыздай ұйытып бір
үйдің баласындай біріктіріп, қиындықты,
қуанышты бір кісідей жұмыла атқару
қалыптасқан тәртіп болып әлі жалғасуда.
Ерекше айтайын дегенім, біреу ауруханаға
жатса әр бөлімнен бір адам кезекпен
арнайы бөлініп, көңілін сұрап, жағдай
жасап тұратын ұжымның жазылмаған
ережесі болатын.
Өзі өте намысқой, ұлтжанды,
қазақтың салтдәстүрін, оның тәрбиелік
мәнін бойымызға сіңіріп, үйретіп кетті.
Әр мейрамның алдында өзі ерінбей
сценарийін жазып, ерекше ұлттық
бояумен түрлендіріп, есімізде қалатындай
шара өтетін. Тікелей басшылық
жасап бай кітапхана ұйымдастырды.
Демалушылармен кездесуге ақын
жазушылар, белгілі әншілер келіп
тұратын. Қазір естеліксуреттер ғана
қалғаны өкінішті. Бабалардан қалған
байлығымыз – мақалмәтелдерді, нақыл
сөздерді қабырғаға ілдіріп қоятын.
Қазақтың тілінің, мәдениеті мен салт
дәстүрінің нағыз жанашыры бола білді.
Туғанбай ағамыз бір сөзді, қарапайым,
кәсіпке адал, арұятын сақтаған,
адалдық пен әділдіктің қайнар көзі
болатын. «Ақ бұлақ» шипажайындағы
аулаға егілген әртүрлі ағаштың, гүлдің,
мүсіндердің, әр бөлменің, әр заттың,
тіпті әр ілінген суреттің бәрінде Туғанбай
Байғабылұлының қолтаңбасы ерекше
көзге көрініп тұр. Өмір бойы еңбекпен
шыңдалып, жаңалыққа жаны құмар,
ізденіс үстінде жүрген адам зейнеткер
болғанымен қарап отырмайтыны
түсінікті. Қазір дәрігерлердің білімін
жетілдіретін институтында арагідік дәріс
оқып, тәжірбимен бөліседі. Ұлт тағдыры,
қоғам тынысы, ұрпақ тәрбиесі туралы
жазған мақалаларын оқып, кітапханада
сақтаудамыз.
Бұрынғы екі кітабы кітапханамызда
тұр. Кейінгі үш жылда мағынасы терең,
тәрбиелік мәні зор үш кітабы баспадан
шықты.
Осы «Ақ бұлақ» кезінде шет мемле
кетке де өте жаздаған. Қайта Туғанбай
ағамыз араласып, бұл мекеменің өз
елімізде қалуына ұйытқы болды. Қазір
санаторий Алматы облысына қарайды.
Облыс басшылығы емдеу әрі демалыс
орнының жағдайын жақсартуда қамқор
болады деген сенімдеміз.
Бекзат мінезді, ұлтжанды Туғанбай
Байғабылұлы Жанысбаевтың әлі ұрпаққа
бергенінен берері көп. Жақсы азамат
жасай берсін.
А.ДҮЙСенБАевА,
«Ақ бұлақ» шипажайы
кадр бөлімінің басшысы – заңгер
8
9
№31 (1289)
6 – 12 тамыз
2015 жыл
№31 (1289)
6 – 12 тамыз
2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |