«Көп жүрген жер береке» «Ұлы дала жаңғырығы»


Қазақстанның батыс аймағын және



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата03.03.2017
өлшемі4,57 Mb.
#7306
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстанның батыс аймағын және 

Ресей Федерациясының Астрахан, 

волгоград облыстарын қамтитын 

кешенді тарихи-экологиялық 

экспедиция жолға шықты.

Е л   т а р и х ы н   з е р т т е у ,   т а р и х и 

тұлғаларға тағзым етіп, рухани­мәдени 

құндылықтарды қастерлеу мақсатында 

ұйымдастырылған жоба Қазақ хандығының 

550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата 

Заңымыздың 20 жылдығына арналды. 

Шараға қатысушылар алғашқы күні 

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, 

Шағатай ауылдық округі Қызылжар елді 

мекеніндегі Жантөре ханның зиратына 

тағзым етті. Бұдан кейін Ақжайық 

тыл жазғаныма ризалығын білдіріп 

жүрді. Телефонмен де айтып жатты. 

Жергілікті «Дала қоңырауы» газетінде 

басылып, оған оқырмандар үн қатты. 

Несін айтасыз, 1986­1991 жылдар 

аралығында кез келген қазақтың 

кеудесіндегі запыран ойлар ағыл да, 

тегіл ақтарылып жатты. Сонда мен 

облыстық партия комитетінде жауап­

ты қызметте жүріп ашық жазғаныма 

биліктегілер «мұның не» деген жоқ.



– Қайбір жылдары Қостанай 

мемлекеттік университетінің журналис-

тика факультетінде дәріс оқыдыңыз. 

Қазір сол факультет жабылды. оны 

кейбіреулер дұрыс, кейбірі қате дейді. 

Сіздің ойыңызды білсек.

– Факультеттің жабылғаны дұрыс. 

Өйткені журналист деген инкуба­

тордан шұбыртып шығара беретін 

балапан емес. Ол жүрек қалауы, 

Құдайдың берген таланты барлардың 

мамандығы. Кафедра деңгейінде 

қалғаны – керек. Журналистика – сөз 

өнері. Ендеше, «Сөз өнері дертпен 

тең». Бұл бір. Екіншіден, облыстағы 

БАҚ құралдарын саусақпен санауға 

болады. Сапырылысып жатқан кадр 

алмасу жоқтың қасы. Сондықтан 

Қ М У ­ д ы ң   ж у р н а л и с т е р   д а я р ­

лайтын шектеулі шағын кафедрасын 

тәжірибемен байланыстырып, үш­ақ 

жыл оқытса, жетіп жатыр. Ал мекеме­

кәсіпорындардағы қаптаған баспасөз 

қызметіне журналист маманы болуы, 

меніңше, шарт емес. Тіпті оларға 

ондай мамандықтың керегі де жоқ. 

Оларға пиар­менеджерлік қабілет­

білім болса жетеді. 

– Жалпы болашақ тілші жастар 

қызметті журналистиканың қай саласы-

нан бастаған дұрыс деп ойлайсыз?

– Сен айтып отырған газет­журнал, 

радио, телевизияның қай­қайсысының 

да өзіндік бір тартымы бар. Журналист 



 «ЖуРнАлИСТИКАҒА 

жалтақтық жараспайды»

Ұмтылыс пен 

құлшыныс

15,4 шақырымды құрайтын жылу жүйесі 

толық ауыстырылды.

– өңірдің жері мен климаттық 

жағдайына қарай тұрғылықты халық 

н е г і з і н е н   м а л   ш а р у а ш ы л ы ғ ы м е н 

шұғылданатындықтан бұл жағдай қала 

тіршілігіне де ықпал ететіні сөзсіз. Бұл 

туралы не дейсіз?

– 2014 жылы мекенімізде 1 миллиард 

42,8 миллион теңгенің өнімі өндірілді, 

бұл аудан бойынша ауыл ша руашылығы 

өндірісінің 11,8 пайызы. Тұрғындар 

иелігінде 7700 қой­ешкі, 4120 ірі қара, 

1200 жылқы, 1020 түйе, 1658 құс бағылуда. 

Жыл өткен сайын түлік санының өсуі 



10

11

№31 (1289) 



6 – 12 тамыз 

2015 жыл


№31 (1289) 

6 – 12 тамыз 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

себезгІ сәуле – 

сыр-сезІм

қолөнер шебері Тұрсынбай Шаянов туралы толғаныс



Көк туың аспаныңда қалықтаған...

Билерге белгі қойылды

Белгілі археолог, академик 

Карл Байпақовтың «Ежелгі 

және орта ғасырлардағы 

Отырар» атты кітабы бар. 

Осы кітапта кең-байтақ қазақ 

даласында болған көптеген 

қалалар мен қалашықтардың 

атаулары келтіріліп, бұл 

шаһарлардың тарихымыз бен 

мәдениетіміздің қалыптасып, 

өнеріміздің өркендеуіне қосқан 

үлестері жөнінде мағлұматтар, 

деректер айтылады.  Ондаған, 

жүздеген атаулардың ішінде 

көзіме түскені Алтынтөбе 

деген қалашық болды. Бұл, 

археологтың жорамалдауынша, 

ескі замандардағы зергерлер 

қалашығы болуы мүмкін екен. 

«Бұрынғы кезде басқалай 

аталса да, жергілікті аңыздарға 

сай Отырарды қоршай 

орналасқан төбелердің, оның 

қамтамасыз маңыздылығына 

қарай: Алтынтөбе – зергерлер 

қалашығы, Пышақшыттөбе 

– қару-жарақ жасайтын, 

Құйрықтөбе – қасапшылар 

қаласы деген ойға жетелейді» 

деп жазады ғалым. 

«Ұсталы ел озар...»

өлең – сөздің патшасы

Абдрахман АСЫлБЕК

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген нұрлан ҚҰМАР

тАныМ


Көз астының аздап көгеріп тұруы бәрінде, тіпті жас 

нәрестелерде де, бола береді. Жас ұлғая келе көгеру де 

басым бола түседі, өйткені тері одан әрі жұқарады. 

Көз астының көгеруіне жиі себеп болатын жағдай 

– темекі тарту және ұйқының қанбауы. Темекі тастаған 

бойда көгеру кете қоймайды. Бұл үшін кемінде жарты ай 

өтуі тиіс. Ұйқының да өз орны бар. 

Кейде адам саламатты өмір сүріп, уақытымен 

ұйықтаса да көздерінің асты көгереді. Бұның себебі – 

бауыр, жүрек, бүйрек ағзаларының сырқатынан туын­

дайды. 

Бүгінде жарнамалардың 

арасынан ерекшеленетін ас 

дәмдеуіштердің бірі – «ке-

чиап» америкалықтардың ең 

жиі қолданатын тағамына ай-

налды. 

А л а й д а   А м е р и к а ғ а   о л 

Қытай арқылы келгенін екінің 

бірі білмейді. Америкалықтар 

ас панасты елінен қоныс ау­

дарғандар әкелген дәм деуіш­

ті өздеріне сіңіріп алды. Бір кездері Нью­йоркте 

тұратын тегі неміс азаматы Генри Джон Хайнс кет­

чупке қайта жан бітіріп, әлемдік асқа айналдырып 

жіберген. 



Әр халықтың өзіндік сөйлеу мәнері, сөз қолданысы 

бар. Біз күнделікті қолданыстағы ауызекі сөздің өзін 

жеткілікті біле бермейміз. 

Телефон тұтқасын көтергенде, «Алло» деген 

сөзді жиі қолдану қанымызға әбден сіңіп кетті. Ал 

бұл ұғымды бізден басқа елдер өзінше үйлестіріп, 

ыңғайына қарай қолданып жүр. Мәселен, 

ағылшындар «хэлоу» десе, испандықтар «дигаме», 

қытайлар «уэй» дейді. Араб елдері «нам» дегенді 

қолданып жүрсе, Түркия «ефендим» немесе «буй­

рун» дейді екен. Кәрістер «иобосэйо», моңғолдар 

«байнауу» мен «сонсодж байна» дейді. «Алло» де­

ген сөзді француздар ағылшынның «хэлоу» сөзін 

өзгертіп айтудан пайда болған. Бұл термин Фран­

циядан Ресейге де енген. Осылайша бүкіл Кеңес 

мемлекеттері «алло» деген термин сөзі күнделікті 

өмірге енгізіп жіберді. 

Сенегал еліндегі Ретба көлі өзінің алуандылығымен 

ерекшеленеді. Мұнда адамдар тұз жинауға келеді.  

Судың құрамы 40 пайыз тұздан тұрады. Үнемі 

суда жүретіндіктен және тұзды су адамның денесі мен 

терісіне жағымсыз әсер етпеуі үшін жұмысшылар 

терілеріне арнайы май жағады. Судың түсі де оның 

құрамындағы минералды заттарға орай қанқызыл 

сипатта болып келеді. 

Балаларға арналған ең зиян-

ды сусын сүтті коктейль болып 

табылады. Ағзаға қаупі жөнінен 

сүтті коктейльдер газдалған 

сусындардан асып түседі екен. 

С ү т   к о к т е й л ь д е р і н і ң 

құрамындағы қант пен май 

к ө л е м і   а д а м   т ұ т ы н а т ы н 

тәуліктік қалыптан әлдеқайда 

көп. Оның үстіне, қазіргі жас­

тар оны гамбургерлермен, фри 

картобымен бірге ішіп, ағзаға айтарлықтай зиян 

келтіріп жатыр. Ғалымдар 100­ге тарта орта мектеп 

оқушыларына шоколад қосылған сүтті коктейль 

ішкізіп, зерттеп көрді. Нәтижесінде мамандар бұндай 

сусындар адамға есірткілік заттар секілді әсер етеді 

деген тұжырымға келген. 

АдАМ құпИясы 

сіз білесіз бе?

білгенге – МАржАн 

қыр-сыры Мол дүнИе 

Артық болМАс білгенің 



Он сегіз мың 

ғаламның жұмбағы мол 

Көз – жанның айнасы 

Кетчупті кім жасады?

«Алло» сөзі қайдан шыққан?

Ретба көлі 

Сүтті коктейль 

Адам баласының санасы қан-

ша лықты жетілді десек те, 18 

мың ғаламда ашылмаған жұмбақ 

көп. 

Адам баласы көкке ұшудың 

жолын тапты. Ғарышты да 

бағындырды. Шындығында, 

ғарыштың біз білмейтін қыр­

сыры ұшан­теңіз. Сол ғарыш са­

ласын зерттеп жүрген ғалымдар 

ғарыштың 4­5 пайызын ғана 

игердік. Қалғанына күш жетпей жатыр деп ағынан 

жарылуда. 

Сол секілді жеті қат қара жердің де қыртысын 

зерттеп біткен жоқпыз. Адам баласы 14­15 шақырым 

тереңдікті ғана бұрғылап, зерттей алды. Ал жердің 

тереңдігі ондаған мың шақырымға кететіні белгілі. Де­

мек, қара жердің тереңінде не барын әзірге біле алған 

жоқпыз. Тек түрлі болжам ғана бар. Сол секілді адам 

баласы су астын да ақтарып­төңкеріп, зерттей алмады. 

Сондықтан ғылым болашақта да дамитын түрі бар.  



миРас

безбен


тАғзыМ

Бақытжан өлеңдерін қай уақытта – 

күннің қай мезетінде жазады екен? Әй, 

шамасы, көбінесе таң алдында – таңғы 

шықты бір кешіп келіп, себезгі сәулеге 

бөленіп отырып жазады­ау, – сыр­

сезімдерін сабақтағы жіптей біртіндеп 

тарқатады­ау. Қараңыз: «Балғын жүзді 



таңғы шықпен жуыппын»; «Бостанның 

бозғылт таңын атырушы ек»; «Ақын жігіт 

жазды қырды – жазды арай таңдарды»; 

«Шөпті басам таң біліне – жалаңаяқ 

шықпен жуып»; «Алматының түбіндегі 

ақ шаңқан – Отауындай күлімдейді Таң-

Шолпан»; «Туған жердің таң шапағын 

қарсы алсаң – түк етпейді түнгі ызғар»; 

«Менің жырым – табиғат дара Таңы»; 

«Сұлулыққа шомылған өлеңдерім – Таң боя-

уын, Күн нұрын сіміреді».

  ...Себезгілеген таңның бозамық 

сәулесі, мөлдір шыққа малынған көк­

майса, содан, тылсымдыққа оранып, 

балағын булап келген Бақытжан. Жазу 

үстелі. Әрине, әлгіндейден кейін, сыр­

сезімдер домбыраның қыл­пернесінен 

төгілген қоңырақай күйдей төгіле береді 

емес пе. Енді, мына жолдарға назар 

салыңыздаршы:  «Себезгілеп, ай толып 

жалқын нұрға – ұялайды көңілім салқын 

мұңға»; «Көкжиекте дірілдейді өрт-сағым, 

кейде мені ойлантады дерт шағым, Өз-

өзінен алабұртып жүрегім, түні бойы сезім 

қарын күредім»; «Ертеден ынтық едім сырға 

тұнық»; «Сырлы дауысың сыр толқындай 

сыңғырлап... Шыншыл едің, сыршыл едің, 

өр едің»; «Сезімге ертіп жүрегінің дірілін»; 

«Өлең деген өз-өзінен сырғанап – Сыр аулай-

ды, қағады ғой жыр қанат». 

Назар салып, енді бағамдар болсаңыз­

дар – біздің айтқанымыз бен ақын ойлары 

бір­бірімен жымдасып, жарасып, жал­

ғасып тұрғанын көрер едіңіздер. 

Жүздің жартысындай өлең­кітаптарды 

еңсеріп тастаған Бақытжанның соңғысы – 

екі томдық «Таңдамалы» («Фолиант» бас­

пасы, Астана). Ол он бір тарау – бөліктен 

тұрады. Алғашқы беташар бөлік – «Туған 

жер».

Елім шіркін әуелден-ақ тосқан ба,

Келдім, міне, кіндік кескен Бостанға..

Туған үйім қаз-қалпында қарайған,

Айналдым ғой бала кезгі достан да.

Өр таулардың қойнауында туыппын,

Өршіл қиял, белді бекем буыппын....

Кім де болса туған жерден түлеп ұшады 

ғой. Бақытжан да, әрдайым әуелі туған 

жеріне басын иіп, сәлемін салып, содан 

соң барып белін бекем буады. Сөйтеді 

де,  «Қоймасында өлең толы Бостаным, 



Қазыналы кеудеңдегі қақпаны аш!» деп кеп 

туған жеріне балалық ерке­наз – базына­

бұйрығын жасайды. Жарасымды.

Туған Бостан, думан Бостан, 

Жер – Бостан,

Тағдырыма тағдырымды ел қосқан.

Бір тамшысы сен боларсың мәңгілік,

Жүрегімде жазылмаған мол дастан!

– деп, арман­тілектерін алдына қасқитып 

қойып, «өлең­дүниесіне» салтанатты сая­

хатын бастайды, өр таулардан – өршіл 

қиял тудырады.

Сен Бостансың, Бостан деген бағымсың,

Балаң сенің құшағыңнан табылсын.

Құла дүзде жүргенімде сабылып,

Дабысымнан, шабысымнан танырсың.

Бақытжан туған жерінен қуаттанып, 

шабыттанып, шарықтап кетеді, – оқтын­

оқтын құшағына қайта оралып, күш алып, 

қайта самғайды, – құла дүзден өр дабысын, 

дүр шабысын естіртіп­танытады. Туған 

жерін де марқайтады, өзі де масаттанады.

 «Сөз өнері – дертпен тең». Әбден ша­

рық тап, самғап, дәндеп алған Бақытжан­

ақын енді өзіне – өлеңге сынмен қарай 

бас тайды.  «Қалам – қылыш, ақ қағаз 

– арыңдай бек...» Бірақ­та, сол «дерт» те 

Әз Тәуке хан тұсында би болған 

Әлмерек есімі Алаш жұртына ежелден 

әйгілі. Қазақ шежіре-тарихында би ла-

уазымы кейде ұрпақ арқылы жалғасып 

отырған. еліне әйгілі Тазабек, Солтан-

бек және Қашаған билер Әлмеректің 

тікелей ұрпақтары. Ұлы Шоқан 

Ыстықкөл сапарына байланысты 

Жетісуға келгенде және кейін Қашқарға 

барғанда оған көмектесетін Қашаған 

бидің аты тарихта қалған. 

Әлмеректің Жәнібек­Қойлыбай 

ұрпағынан тарайтын Оразбай би (1850­

1930) және Рақым би (1855­1930) қазақтың 

жер дауы, жесір дауы және барымта жан­

жалы, тағы да басқа сол дәуірдің қоғамдық 

мәселелерінде әділ кесім айтып, парасатты 

шешім шығарып отырғандары ел есінде 

И

ә, қазақ даласында ұлы 



өркениеттердің болғаны 

т а р и х т а н   м ә л і м .   С о л 

өркениеттердің өріс алып, кең қанат 

жаюына сүбелі үлес қосқан өнердің бір 

түрі бұл – қазақтың зергерлік, ұсталық 

қолөнері екендігін ешкім де жоққа 

шығара қоймас. 

Зергер деген кім? Қазақ тілінің 

түсіндірме сөздігінде: «Зергерге – асыл 

тастан, алтыннан, күмістен сәнді бұйым 

жасайтын үлкен өнер иесі, шебер» 

деген анықтама берілген. Зергерлік 

бұйымдарды халық пайдаланып, 

қолданатын болған соң, демек, зергер 

ол – халықтың адамы. Қазақ мұндайда 

«Шебердің қолы ортақ» деген мақалды 

тегін айтпаған болар. Өнер тұрғысынан 

алсақ, бұл шеберлік. Құдайдың өзі бер­

ген шеберлік. Атадан балаға даритын 

қасиет. Бұл тұрғыдан келгенде қазақтың 

ұсталық өнері де сондай. «Ұзынсыз 

қысқа болмас, үлгісіз ұста болмас», 

«Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» 

деген сөздің өзінен­ақ ұсталардың ел 

өміріндегі маңызының қаншалықты зор 

екенін түсіну қиын емес. 

Ал енді осы мәселелерді әріден бас­

тап, кеңінен толғауымыздың қандай 

мәні, нендей себебі бар? Енді соған 

келейік. Алматы қаласында Тұрсынбай 

Шаянов деген азамат бар. Ол кісінің 

тұла бойы тұнған өнер, білім мен 

білік иесі, қолөнері шебері. Бүгінде 

жасы жетпістің бел ортасына келген 

ақсақалдың өмірден көрген­түйгені 

көп, тәжірибесі мол, айтары да аз емес. 

Ақсақал не айтса да, қандай әңгіме 

қозғаса да, қазаққа жаны ашып айтады, 

ұлтымыздың жоғын жоқтап, мұңын 

мұңдайды. Зергерлік, ұсталық өнердің 

қыры мен сырын жетік біледі. Бұл тура­

лы сағаттап айтады. Ол кісінің жанында 

отырып, әңгімесін тыңдағанның өзі 

тыңдаушыға ғибрат, тәлім берері сөзсіз. 



Мао ЦзЕдунға сыйға 

тартылған бәкі

Тұрсынбай Шаянов 1940 жылдың 

15­мамырында Қытай Халық Рес пуб­

ли касының Ақсу ауданында дүниеге 

келген. Жастайынан ардақты әкесі 

Сайдыбақтың зергерлік, ұсталық өнерін 

көріп, содан тәлім алып ержеткен. 

Көрік қыздыру, алтын аптауды, күмісті 

қаптауды, темірді қалыптауды, өрнек 

пен нақыш салуды, көземел ине мен 

шымшуырды, бәкі мен іскенжені, 

қырғыш пен сымтарқышты, үрімпар 

мен түртпені көріп, біліп өскен бала 

жастайынан зергерлік құралдармен 

жұмыс істеуді үйреніп, жетік меңгеріп 

алады. «Қытай қазақтарында зергерлік, 

ұсталық өнер өте жақсы дамыған. 

Бұрыннан жалғасып келе жатқан 

дәстүр бар. Ол бүгінде де үзілген жоқ» 

дейді Тұрсекең. Әкесі Сайдыбақтың 

қолынан шыққан бұйымдар, жоғары 

сұранысқа ие заттар халыққа лезде тарап 

кетеді екен. Шебердің аты шебер ғой. 

Темірден түйін түйетін өнерімен атақ­

даңқы алыстарға жеткен әкесіне қытай 

халқының ұлы тұлғасы Мао Цзедунға 

ол кісінің айналасындағы адамдар 

Сайдыбаққа тапсырыс беріп бәкі жа­

сатып, сыйға тартқан екен. Күміспен 

қапталып, аса шебер өрнектеліп 

жасалған бәкіге риза болған Мао Цзе­

дун зергерге арнайы сыйлық жіберіп, 

алғыс білдіріпті. Қазақтың зергерлік 

өнері Қытайда осылайша бағаланып 

жатқанынының өзі ұлтымыз үшін зор 

қуаныш емес пе?! 



«Бақытжандай ақын бар екен, былайша екен» деп жатуымыз, Бақытжан ғұмыр бойы 

энергетика – инженерлік салада қызмет атқарып келеді екен. Үлкен ғалым. Қазақстан 

Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті, профессор. Бүгінгі күні, 

алпыстың сеңгірінен асқанда да, алпауыт «Кегок» компаниясының білікті маманы. 

Бірақ, деген де, Бақытжан Тобаяқов  ғұмыр-бойы «ақын – дүр-ақын» да боп келеді 

екен. Ал, бөліп алып көріңіз?.. Бөлетін дәнемесі де жоқ, инженерлігі – ақындығына 

немесе ақындығы – инженерлігіне сеп. Инженерлік – дәлдік; мұнда қате кетуге болмас. 

Бақытжанның өлеңдері де сондай – асып кетушілікті, ауытқушылықты кезіктірмейсіз. 

дендеп алған. Ол дерт – «ғұмырлық та 

мәңгілік».

Ертеден ынтық едім сырға тұнық,

Маған жат егер жүрсем ырғатылып.

Көкірек көк нөсерді кіл көксейді,

Жанартаудан жатыр ма жыр атылып!?

Бақытжан ырғатылып­жырғатылып 

жатуды әсте қаламайды. Оның аңсағаны – 

аласапыран әлем. Жанартаудан атқылаған 

жыр – сыр ендігі тоғасылмайды...

«Ғашықтық – құмарлық пен ол екі 

жол». Бақытжанның ғашықтық жырлары­

на шүбәсіз сенесіз де елітесіз.



Күн батады, қызыл иек, кешкі арай.

Қызықты шақ. Қырдың желі ескені-ай.

Қызарып бұлт – қыз ұялшақ көшкені-ай,

Көңілімнің өскені-ай.

Ғашықтық­жырлардың прелюдиясы 

осылайша жайымен, бабымен, былайғы 

көзге білінбестей емекінмен басталады. 



Түн келеді. Ауылдың сыршыл бағы,

Тылсым шағы, жігіттің қыршын шағы.

Дүрсілдеген күн бойы ғашық жүрек – 

Жүрегінен арудың тың тыңдады.

Жастық шақ. Мастық кез. Пәк сезім. 

Алқынған өкпе, тарпынған жүрек... Бәрі 

де рас – шын, күні кешегідей көз алдыңда.



Осындайда ашылар жігіт бағы,

Арайланып алдынан үміт таңы.

Кеудеңдегі жүрегің асыр салар,

Шоршып шыққан шабақтай 

тымықтағы.

«Алғашқы махаббат» – өмір бастауы. Бұ 

жалғанда бұйырған ғұмырыңдағы ізгі лікті 

істеріңнің алғышарты. «Тымық» – жұмаққа 

айнала ма, әлде тамұққа айнала ма, ол енді 

бір жағы тағдырдың ісі де шығар, бірақ­та, 

деген де, «алғашқы сезім» ешқашанда алда­

майды. «Кеудеңдегі» көк көгершін ұшты. 

«Шоршып шыққан ша бақ тай жүрегің» бұ 

дүниеде тыныштық тап пайды – тыпыр­

лайды да тапырлайды, тек, ана дүниеде ғана 

орнығар да басылар­ау...

 «Мезгіл әуендері». Абай атасынша 

– Бақытжан да жылдың төрт мезгілін 

келістіре жырлай білген.

Күннің көзі таратқандай шашақтар,

Әз-Наурызда сөгіледі қасат қар.

Қарағайлар қардан босап тауларда,

Бес қаруын шешінгендей жасақтар.

Расында да, қандай әдемі сурет – теңеу! 

Ұйқас, үйлесім, жарасым. Әрбір жолдар 

таудан аққан бал­бұлақтардай сыңғырлап 

келіп, бір арнаға жымы білінбей құйыла 

береді. Қысаң қыстан кейінгі – бейбітшілік 

бір әлем. Сенің әлемің...

Қарды басып сықыр-сықыр,

Орман ішін аралап.

Аяз деген шып-шыңылтыр

Тал бойыңа тарамақ.

Ақ қар толы ақпан кезде

Қара суық қалшылдат.

Ақ түтегі жапқан кезде

Есігімді тарсылдат.

Ақын ассоцияция тілімен – «Аяз» деп 

Өзін – Өлең­құдіретті беріп отыр ғой. 

Табиғат – Ана. Тазалық. Сол таза табиғат­

ана – ақынның сарқылмас бал­бұлағы һәм 

шабытын ұштап отыратын қайрауық күш.

Біздер кез келгенге соқпаймыз, 

ама   лынша  «жалғандықты»  айналып 

өтеміз, яки тұратын, лайықты ныса н­

ға ғана қайырыламыз. Бақытжан То­

баяқов – қайырылмасыңа болмайтын, 

бергені де, беретіні де мол, сезімтал да 

сыршыл, сырбаз да кербез ақын. Бір 

сөзбен, тақырыбымызда андағайлап 

көрсет кеніміздей: «Себезгі сәуле – сыр­

сағым». Бүгінгі, осынау әбден толыққан 

шағында ақыннан бұрынғысынан да биік, 

бұрынғысынан да мағыналы өлең­жырлар 

күтеміз. Күтуге міндеттіміз.

 ИГен 

АСТАНА

АСТАнА

Көк туың аспаныңда қалықтаған, 

Көгіңде аққу­құсың шарықтаған.

Көркіңмен күллі әлемді қайран қылып, 

Жұлдыздай жарқырайсың жанып маған. 

Өзіңнен айырылмасым анық маған, 

Қала жоқ сенен ыстық жарық маған. 

Ғажайып ертегіге есік ашып, 

Көрсеттің болашаққа бағыт маған. 

Айтайын шын сөзімді жасырмастан, 

Жазылар әлі талай небір дастан, 

Қойылар ескерткіштер Елбасына,

Салдырған Астананы асыл тастан. 

Астанам нұрын шашып жарқырайды, 

Ерке Есіл есіңді алып сарқырайды.

Самалы Сарыарқаның беттен өбіп, 

Келгендер риза боп, таңырқайды. 

Айналдым сәулетіңнен көз қуантқан, 

Күн санап көріктеніп өсіп жатқан. 

Жайнай түс, асқақтай түс, ару­қалам, 

Көктегі жұлдыздардай сәуле шашқан. 

Жасасын Тәуелсіздік таңың айтқан, 

Қазағым бүгін тойла, жырла  шаттан.

Қол жеткізген қуанышың мәңгі болсын, 

Сен ғасыр армандаумен қайта тапқан! 

   


АЙнАлАЙЫн АнАШЫМ

Ботақаным, бөпем деп,

Бесікке салып бөлеген.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Міндетін мінсіз өтеген.

Айымсың деп аймалап,

Ай нұрымен ұйықтатқан. 

Күнімсің деп күлімдеген, 

Күнмен тұрып оятқан. 

Айналайын Анашым, 

Орның бөлек дарасың. 

Бар әлемді әлдилеген,

Құдіретсің, данасың.

Балдай тәтті балам деп, 

Шомылдырып майлаған. 

Бар мейірімін маған тек, 

Күн нұрындай сыйлаған. 

Елігіндей даламның, 

Еркелетіп өсірген. 

Дәмнің небір тәттісін,

Маған арнап пісірген.  

Марал нАРЫМБеТовА

ұмытылмастай болып қалды. Сондай­ақ 

бұлардың қатарында осы билерден тәлім 

алып, әсіресе «барымта қиянаты» кезінде 

батыл  сөйлеп, тікелей іске көшетін 

Қарашал  Құлжанұлының да орны бөлек. 

Бір қызы жоғарыдағы екі би бір күнде 

қайтыс болған екен. 

Жақында Райымбек ауданында аталған 

билердің ұрпақтары Қулық тауының 

етегіндегі Шыбышы ауылында осы үш 

бидің мүрдесі  жатқан жерді қоршап, 

үшеуіне бірдей құлпытас қойды. Има­

ни шара кезінде би ұрпақтары Ысқақ 

Молдаәлімұлы Нұрмұхамбет, Нұқасым 

Тоқмолдаев және белгілі сазгер Жақсылық 

Әбдірахмановтар сөз сөйледі. 

о.АнДАС 

Алматы облысы 

Күймен бір туғанмын, 

Күймен бел буғанмын. 

Күймен бет жуғанмын, 

Күймен шер қуғанмын.

Күй – менің шаттығым, 

Күй – менің пәктігім. 

Сол күймен тап бүгін 

Тарады тәтті үнім.

Қанатты қағам да,

Бақытты табам да.

Күйменен әманда 

Үнқосып заманға.

Күй менің санамда, 

Күмбірлеп табанда, 

Тілейді ғаламда 

Жақсылық адамға.

Күйменен мұңаям, 

Күйменен тыңаям. 

Күйменен жұбанам,

Күйменен қуанам.

Күйменен біргемін,

Күйменен бірге елім. 

Аралап үйлерін, 

Кетеді күйлерім.

Адамдар, адамдар, 

Тыңдаңдар, қараңдар. 

Ұмытпас замандар 

Күй шерткен бабам бар.

Адамдар, адамдар, 

Тыңдаңдар, қараңдар. 

Күй шерткен анаң бар, 

Күй шерткен балаң бар.

Атадан алмасып, 

Немере дәл басып, 

Күй солай жалғасып, 

Үзілмес алға асып.

 ***

Бармағынан бал тамған, 



Домбырасы – күй бағы. 

Жорғалаған майталман 

Кім ұмытар Динаны?

Құрманғазы қалдырған 

Көркем күйдің көзі еді. 

Мейіріңді қандырған 

Ерке күйдің өзі еді.

Төкпей­шашпай түп түгел 

Алып келді мол мұра. 

Өткен күнді ұқты ел, 

Салып берді домбыра.

Актарып сырың болса айта алмаған, 

Қозғайды көңіл күйін шайқалмаған. 

Бәрін де күйлерімен құйып берсе, 

Кемсітіп, қыз бала деп айтар ма адам?

Керемет күйлеріне қыз баланың 

Қызығып, бір жағынан қызғанамын. 

Ардақтап ауыл тегіс аялайды 

Өнердің ақиығы, мұзбалағын.

Өнерлі сол қызбенен алыстағы 

Көңілім жай таппайды танысқалы.

Сүйріктей саусақтардың домбырада 

Кетпейді көз алдымнан қағыстары.

  ***


Қомдап ол қанатын, 

Қолына домбыра алатын. 

Естіген, тыңдаған күйлерін 

Айнытпай салатын.

Кейбір кез тұлпардай шабатын, 

Жанары жақұттай жанатын. 

Шабытын шақырып, сапырып, 

Тыңнан күй табатын.

Саусақтар майысып тұратын, 

Сиқырлы әуендер шығатын. 

Құлаққа қонымды үндерді 

Лезде­ақ ұғатын.

Көшеде жүрсе де қыдырып, 

Кейбір сәт сәл тоқтап, кідіріп, 

Күй сазы жетектеп, үйіне 

Келетін жүгіріп.

Шабыты шалқыған мұндайда 

Әке мен шешені тыңдай ма? 

Тоқтамай домбыра тартады, 

Түн қалып бір қайда.

Ата да, ана да бірауық 

Әуенге көңілі шын ауып, 

Үн­түнсіз маужырап қалады, 

Кетсе де түн ауып.

Босатып тәтті әуен жүйені, 

Бойдағы бар тамыр иеді. 

Қыздарын аймалап сүйеді –

Сүйдірген күй еді.

Біртіндеп күй тыңдап өздері, 

Көбейді отырар кездері. 

Екі адам бас қосса, қыздары –

Айтатын сөздері:

«Қызымыз жасынан ерке еді, 

Осы үйдің өзгеше көркі еді. 

Жаныңды күйменен ерітеді, 

Домбыра шертеді.

Қыз түгіл ұлыңды салыстыр, 

Өнерлі болса егер, жарыстыр. 

Шоқтығы жоғары басқадан, 

Барады алыс бұл.

Кәнеки, қарағым Айгүлім, 

Аспанда нұрланған ай, күнім. 

Көпшілік тыңдасын күйіңді, 

Қанатты жай бүгін!».

Осылай ата­ана желпініп, 

Тосады құлағын ел түріп. 

Қыз­дағы басады бармағын

Күйіне келтіріп.

Бірде күй бұлқына ентігіп, 

Гулейді ышқына жел тұрып. 

Бірде күй мөлдірей қалады 

Бейне бір көл тұнық.

Әр жүрек қалауын табады, 

Күйші де тынбайды, қағады. 

Алғыстың астында қалады, 

Жалт етіп жанары.

Әке де бетінен қақпайды, 

Қарағым күйші деп мақтайды. 

Күн­түні кеудесін күй кернеп, 

Қыз тыным таппайды.

Домбыра күмбірлеп тынбайды,

Еңбекті, ерлікті жырлайды.

Сиқырлы үндері жүректің

Мазасын ұрлайды. 

Күйлерге теңіздей тасыған, 

Өзім де құмар ем жасымнан. 

Сол қызды көруге қашанда 

Ауылға асығам.

Ауылым – аялы бесігім, 

Айқара ашады есігін. 

Тудырып жатады тынымсыз 

Ұлылар есімін.

Күй, күй. Тағы күй, 

Адамның жаны күй.

Өмірдің сәні күй, 

Көңілдің таңы күй.

Күмбірлеп домбыра, 

Жүрекке қондыра. 

Төксе күй – мол мұра, 

Жан тербер сол мұра.

Домбыра құлағын 

Келтіре бұрағын. 

Ақтарып бұлағын, 

Басталар ұлы ағын.

Шашып күн шуағын, 

Басып түн мұнарын.

Шалқытар күй ағын, 

Жүректің жыр әнін.

Күй – менің құмарым, 

Күй – менің мұрадым. 

Өмірдің сырларын 

Күйменен ұғамын.

Бабасынан бата алып, 

Кейінгіге ой тастап, 

Күйші Дина атанып, 

Кетті думан, «Той бастап».

«Ақ желеңі» аспандап, 

Домбырасы қолында. 

Тартты күйін тасқындап, 

«Партияның» жолында.

«Он алтыншы жыл» емес, 

Жырлайтыны ендігі. 

Бақыт берген шын «Жеңіс»,

Алған әйел теңдігі.

«Әсем қоңыр» қаз әні, 

«Бұлбұл» құстың үндері. 

Көңілдің шат базары –

Дина апайдың күйлері.

Құлақ тосып тыңда бір, 

Балқып сұлу сазына. 

Өз алдына бұл да бір 

Сарқылмайтын қазына.

«Жігер», қайрат, қайсарлық, 

Ерлікті де ұғасың. 

Жайдарылық, жайсаңдық, 

Теңдікті де ұғасың.

Әдемілік, әсемдік, 

Нәзіктік те табылар. 

Бірақ онда бәсеңдік 

Дей алмайсың табы бар.

Бірде сілкіп тәніңді, 

Бірде жайлап тербейді. 

Бірде ұйытып жаныңды, 

Бірде шабыт кернейді.

Taп осындай апайдың 

Күйлері бар өлмейтін. 

Жылдан­жылға талай мың 

Қанатын кең сермейтін.

Жоғалар ма нар тұлға? 

Егіп кеткен бағы бар. 

Taп өзіндей артында 

Сіңлілері табылар.

Сөздің шынын айтқанда, 

Соның бірін танушы ем. 

Ол домбыра тартқанда, 

Үнсіз ұйып қалушы ем.

  ***

Көргенде алғаш оны бала дедім, 



Елеусіз ептеп қана қарап едім. 

Күйлерін жақын барып тыңдағанда, 

Өзіме­өзім таң боп қала бердім.

Шынымен өнерлі боп туған екен, 

Динадай күйші жолын қуған екен. 

Бас қосса үлкен­кіші жиын­тойда, 

Ауылдың мақтанышы, думаны екен.

Сарбаз­ай, өзі­дағы тартынбайды, 

Жайдары жаз күніндей жарқылдайды. 

Келген жұрт қыз алдына басын шұлғып, 

Бірде күй, бірде сұлу ән тыңдайды.

Қарқындап тартқан сайын шабыты әрі, 

Тоғанын күйлерінің ағытады. 

Тамырың алпыс екі түгел иіп, 

Тілейсің тартса екен деп тағы­тағы.

Кейбіреу көздеріне жас алады, 

Кейбіреу жігерленіп, жасарады. 

Шымырлап шыға берер не бір күйлер, 

Тығылып жатқан тарих тасадағы.

Тәттімбет, Дәулеткерей, Түркештерің,    

Қазанғап, Қауен, Сейтек тіркестерін

Орындап шығу үшін жұрт алдында, 

Жетпейді бір күнің мен бір кештерің.

Күйінде құдіретті «Көбік шашқан» 

Теңізің тау толқынын төгіп­шашқан. 

Қайраған кек қылышын қатулана, 

Көресің бірде ұстаны көрік басқан.

«Кішкентай» жайлап қана қағылады, 

Артынан алып қимыл табылады. 

Сап түзеп сансыз атты сабылады, 

Кесапат хан ордасы шабылады.

Махамбет, Исатайдың дабылы бар, 

Арналы Ақ жайықтың ағыны бар. 

Ағаға ілесе алмай, армандамын, 

Деп тұрған жас күйшінің шағымы бар.

Жау жүрек жасақтардың желігі бар, 

Құптаған батырларды ел үні бар. 

Ұлы істер «Кішкентайдан» басталады, 

Оған мол Құрманғазы сенімі бар.

«Серперді» серпігенде шебер бармақ, 

Домбыра бебеу қағып, кетер сарнап. 

Сарыны самұрықтай қанатты күй 

Мүдірмей Марсқа да жетер самғап.

«Сарыарқа» – күйдің күйі, тәңірісі, 

Ерекше басқа күйден қағылысы. 

Дүбірі дүниенің жатыр онда, 

Қаптаған қалың қолдың шабылысы.

Тау мен тас, терең мұхит шайқалады, 

Өмірге бір қожа күш байқалады. 

Артынша алып сарын тына қалып, 

Жапанда жасыл орман жайқалады.

«Сарыарқа» – жер аруы, жер еркесі, 

«Сарыарқа» – жібек қанат жел еркесі. 

«Сарыарқа» сайрағанда, дүниенің 

Тыңдайды құлақ түріп кең өлкесі.

Бұл күйде қазақ елі өмірі бар, 

Созылған сахарадай кең үні бар. 

Кешегі құлазыған қуаң дала –

Бүгінгі гүлге оранған өңірі бар.

Бұл күйде кешегінің кекті үні бар, 

Бұл күйде ертеңгінің екпіні бар. 

Әуеннің әлеміне жасап кеткен 

Бұл күйде Құрманғазы шоқтығы бар.

Қазақтың сондағы бір Сарыарқасы –

Бұл күнде тербетілген дән алқасы. 

Есілдің жағасынан – Астанадан 

Сол күйді қайталайды бар алқасы.

Ойнатып қыз осылай домбырасын, 

Тарихтың ақтарады мол мұрасын. 

Па, шіркін, домбыраның құлақ күйін 

Келтіріп бір бұраса, сол бұрасын.

Тұлпардай домбырасын ойнатады, 

Толғантып төңіректі ойлатады. 

Тілдерін түсінерлік адам болса, 

Түбіне жүрегінің бойлатады.

Шабытпен «Шалқыманы» шалқытады, 

«Балбырау», «Былқылдақты» балқытады. 

Серпілтіп «Серпер» менен «Сарыарқаны», 

«Қосалқа», «Қосбасарды» қалқытады.

Күйші 

қыз

оқырМАн жолдАғАн өлең 

Сонымен Сайдыбақтың ұлы бала 

Тұрсынбай ауылдың зергерлік мектебін 

(академиясын деп айтсақ та артық бол­

мас) терең меңгеріп, жетік біліп шығады. 

Алайда ол бұл өнердің қыр­сырына 

қанық болса да, есейіп ер жеткен соң 

бірден кірісіп кете қоймайды. Адамның 

қызығушылығы, аңсары кейде бой­

ында өнері болса да басқа салаға ауып 

тұратыны бар емес пе. Сол әсер етті ме 

екен, Тұрсынбай ақсақал еңбек жолын 

комбайыншы болудан бастайды. Әуелі 

олар отбасымен Қазақстанға көшіп 

келеді. Бұл 1960 жылдардың қарсаңы 

болатын. Әкесі дәулетті, бақуатты адам 

болғандықтан кәмпескелеудің де шет 

жағасын бір кісідей көріп, дәмін татады. 

Айтпақшы, Тұрсекеңнің атасы Есім ұлы 

жазушымыз Мұхтар Әуезовтің «Қилы 

заман» романындағы Жәмеңкелердің 

атқосшысы болған екен. 

Сол 1960 жылдары Қытайдан 

Қазақстанға қоныс аударған отбасының 

қоныс тепкен жері Алматы облысы, 

Нарынқол ауданының Қайнар ауы­

лы болады. Осы ауылда түтін түтетіп, 

жаңа ортаға сіңісіп, еңбекке араласады. 

Тұрсынбай ақсақал комбайыншының 

оқуын бітірген соң осы кәсіп бойынша 

жұмысқа орналасады. Алайда тапқан та­

бысы отбасын асырауға жеткіліксіз бо­

лады. Өйткені өзі де бұл кезде үйленіп, 

балалы­шағалы болған еді. Оның үстіне 

ағайындарының жоғына да қарайласып 

қою – парыз. Соның бәрін есептей 

келіп, комбайыншы қызметін тастап, 

қойшы болып орналасады. Мұнда та­

бысы едәуір жақсара түсіп, тұрмыс­

жағдайын бүтіндейді. Сөйтіп, біршама 

жылдар бойы қойшы болып еңбек етеді. 

Әкесі ұсталық өнерін жалғастырып, 

халыққа қажетті заттарды жасайды. 

Соның бірі ол ауылда бұрын­соңды 

болмаған қол жуғыш (умывальникті)

жасап, барша қауымды тәнті етеді. 

Ағаштан өрнектеліп әсем түрде 

жасалған қол жуғышқа жұртшылықтың 

сұранысы еселеп артады. Барлығы 

көз жұмып, бас шайқайды. Қызығып, 

тамсанып қарайды. Ел­елден тапсырыс 

берушілер көбейеді. Шебердің қолы 

көпке ортақ деген осы ғой, шіркін. 

Бармағынан бал тамған Сайдыбақ 

атаның жасаған бұйымдары, заттары 

осылайша халықтың игілігіне айналып 

шыға келеді. 



істің көзін

таба білсЕк...

Тұрсынбай ақсақал табиғатынан 

технолог. Қазір біз ғылыми­техникалық 

з а м а н д а   ө м і р   с ү р і п   о т ы р м ы з . 

Технологиялық тұрғыдан ойлай алатын 

азаматтарға зәруміз. Себебі өмірдің өзі 

соны қалап отыр. Технология алға озып 

кетті. Әлемдегі барлық жаңалықтардың 

негізі осы технологияда жатыр. Тех­

нология дегеніміз не? Ол істің көзін 

табу, ретін білу. Ұлы Абайдың айта­

тыны бар емес пе: «Ісім өнсін 

десең, ретін тап» деп. Дәл 

сол жағдай технологияның 

барша қуатын, қажет ті­

лігін сездіріп тұр. Тұр­

се кеңнің ойлау қабілеті, 

дүниетанымы, парасат­

пайымы, жан дүниесі тех­

нология деп сайрап тұр. 

«Қазаққа технология өте 

керек. Технологиясыз 

алға баса алмаймыз, 

дами алмаймыз» дейді. 

Айтуы орынды. Қазір 

дүниежүзіндегі шарықтап дамып кеткен 

елдер осы жағына терең мән беріп отыр. 

Өмір болған соң бәрі де керек. Әдебиет 

те, өнер де, мәдениет те, сонымен қатар 

технология да қажет. Ал енді осы техно­

логияны қалай дамытамыз, жас ұрпаққа 

қалай үйретеміз? Ол үшін Тұрсекең 

сияқты білікті адамдардың басын қосып, 

бір орталық ашуымыз керек. Себебі бұл 

кісілердің ол жөнінде білетіндері көп. 

Технологияның тілін түсінетін, мәнін 

білетін, аңысын аңдай алатын азамат­

тардан айналып кетуіміз керек. Өйткені 

өмірді алға оздыратын, жаңалықтарды 

ашатын да осындай кісілер. Біздің 

айналамызды технологиялар қоршап 

тұрғанын сезе бермейміз. Қолымыздағы 

телефонымыз, байланыс құралдары, 

компьютер, үй тоңазытқышыңыз, 

шәйнегіңіз бен үтігіңіз – бәрі де тех­

нология. Техникалық прогресс. Ал 

сол идеялардың авторы кімдер? Ол 

технологиялық тұрғыдан ойлай алатын 

адамдар. 

Тұрсекеңнің бір мықты қасиетін 

айтайық. Ол өте еңбекқор жан. Жас­

тайынан еңбектің қазанында қайнап, 

майданында шынығып өскен. Ол 

кісіге комбайының мен тракторыңыз 

да, қойшылық та, бақташылық да, 

қора­қопсыдағы, егін басындағы, мал 

шаруашылығындағы жұмыстардың 

ешқайсысы жат емес. Нағыз бесаспап 

адам. Кесек тұлға. Кез келген шаруаны 

дөңгелетіп әкетуге бар. Суретті де шебер 

салады. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесін 

де жасап шығарған туындысын көрдік. 

Өмір туралы толғамды ойларын қағазға 

түсіреді. Қазіргі жастар ауыр еңбектен 

қашса, Тұрсекеңдер сол ауыр еңбектің 

бел ортасында өскен. Бүгінгілер 

көңіліме жағатын, өзіме лайықты 

жұмыс болмаса істемеймін дейтін бол­

са, Тұрсекең екі қолға бір күрек табылса 

болды, қалғаны бір Құдайдан дейтін 

нағыз қазақы дүниетанымдағы аза­

мат. Тұрсекең сияқты қазақтың қара 

шалдарынан біз, әсіресе жастар көп 

үйреніп, көп тәлім алуымыз керек. Бұл 

кісілердің тұла бойлары тұнып тұрған 

өнер ғой, шіркін! Бірақ оны қазір кім 

бағалап жатыр дейсіз. Абай айтпақшы, 

«бағасын пайым қылмай аң­таң 

қалар» деп жүріп жатырмыз. Әйтпесе, 

Тұрсекеңдей ілуде бір азаматтардың 

қадірін біліп, түсінер жандар болса, 

ол кісілердің технологиялық ойлау 

қабілеттерін, идея ларын баяғыда іске 

асырып, атақтары аспандап кетер еді. 

Амал нешік, барды бағаламау, көре тұра 

мән бермеу, атүсті қарау ұл­

тымыздың жанынан жан тор­

сықтай қалмай келе жатқан 

қасиетіміз. Мұндайдан ары­

луымыз керек. Сонда мықты 

ұлт боламыз.

Тұрсынбай ақсақалдың 

технология лық тұрғыдан ойлай алу 

қасиеті жөнін де сөз бастаған соң, 

сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір мы­

салды айта кетсек, артық болмас дейміз. 

Кешегі 1990 жылдардың бас кезіндегі 

елді алқымынан алған заман болды 

емес. Шаруа шатқаятап, өндіріс атаулы 

тоқтап, халық не істерін білмей әбігерге 

түсті. Елдің көбі базар жағалап кетті. 

Бәрі күнкөрістің қамы ғой. Бұл кезде 

Тұрсекең Қайнар ауылынан көшіп, 

Алматы облысындағы Ақсеңгір ауы­

лында тіршілік кешіп жатты. Ақсеңгір 

ауылының күллі шаруашылығына 

қойып кетіп, жұмыс талғамай еңбегімен 

дараланып істей береді. Қой өсіру, 

төл санын көбейту дейсіз бе, не ке­

рек, ауылдағы мал шаруашылығының 

өркендеуіне білек сыбана қызмет 

етеді. Елімізге белгілі азамат Асанбай 

Асқаровтың осы ауылға жасаған сапары 

кезінде біліктілігіне тәнті болып, «Міне, 

мына кісі нағыз технолог» деп жоғары 

баға берді.

Өмірінің алғашқы жылдары Қытай 

жерінде өткен Тұрсекең кәсіпкерлікті 

де меңгеріп алады. Қытайда жеке және 

шағын кәсіпкерлік жақсы дамыған 

ғой. Қысқасы, Тұрсекең өмірге, жалпы 

елге, мемлекетке не қажет, соны дөп 

басып тани білетін азамат. Ол кісі 1990 

жылдардың бас кезінде істің басында 

отырған азаматтарға Алматыдан темір 

өңдейтін зауыт ашайық деп ұсыныс 

жасаған екен. Ондағы ойы далада ша­

шылып жатқан темірлерді ұқсатып, 

пайдаға асыру болыпты. Темірлерді 

жинап, өңдеп, содан халыққа керекті 

нәрселер жасасақ деген ойы қолдау 

таппаған. Ешкім де оған мән бере 

қоймаған. Ал енді қараңыз, сол 

берекесіз шашылып жатқан темірлерді 

жапа­тармағай Қытай асыра бастадық. 

Бұл үдеріс күні бүгінге дейін тоқтаусыз 

жүріп жатыр. Қытай оны бізден ар­

зан бағаға сатып алып, өздерінде 

қайта өңдеп, күнделікті тұрмыста 

таптырмайтын заттар шығарып, 

өзімізге бағасын еселеп тауар етіп 

сатып жатыр. Ақшасын шытырлатып 

санап алып отыр. Біз болсақ, темір 

өткізгенімізге мәз болдық. Ал сол 

темірден жасалған заттарды сатып алуға 

келгенде өзімізде де осыны өндіруге 

болар еді ғой деген ой басымызға 

сап ете қалды. Технологиялық ой­

лау деп отырғанымыз осы. Бүгін сен 

ойламасаң, сен үшін ертең басқалар 

ойлайды. Уақыттан ұтыламыз – бір. 

Пайдадан қағыламыз – екі. Кім ұтты, 

кім ұтылды? Өзіңіз пайым­

дап көріңіз. Ал Тұрсекең 

с о н ы   е л д е н   і л г е р і 

байқап, іс басында 

жүрген азаматтарға 

осындай ұсыныс тас­

тағанда олар қолдай кетсе, 

Алматыда темір өңдей­

тін зауыт ашылып, қа­

ғ а н а ғ ы м ы з   қ а р қ , 

сағанағымыз сарқ 

болып шыға келер 

едік. Өз теміріміз 

өзімізде қалып, 

халыққа керекті 

заттар шығара 

бастайтын едік. 

«Ұлы адамның ой­

ында ұлы іс жүреді» 

дейді ғой. «Алтынды 

еріте білмеген ірітер, 

теріні илей білмеген 

шірітер» дегеннің кебі 

бұл. 


ҚолөнЕр Мұражайын 

ашу кЕрЕк

Мына бір нәрсеге қалай қайран 

қалмайсыз. Тұрсекең жан­жағына 

ақыл көзімен зер салып жүретін азамат. 

Еңбектің небір түрін істеп көрді. Ал 

енді бойындағы бала кезінен бері сіңісті 

болған зергерлік, ұсталық өнері бар 

емес пе, соны пайдаға жаратып, білгенін 

жастарға үйретуді парыз санады. Оның 

үстіне бұл өнердің елімізде кенжелеп 

бара жатқанын сезеді де, Алматы облы­

сында тұратын атақты қолөнер шебері 

Дәркембай Шоқпарұлын іздеп бара­

ды. Д.Шоқпарұлымен таныс­білістігі 

жоқ. Жүздесіп, көріскен адамы емес. 

Әйтсе де, екеуі кездескен сәтінде­ақ, 

ә деп әңгіме бастағанша Дәркембай 

Тұрсекеңнің тұнып тұрған талант 

екенін, ұсталық өнерінің сарқырап 

аққан бұлақтай мол екенін бірден тани­

ды да, өзінің Орталығына ойланбастан 

қызметке шақырады, бұған білікті ше­

бер де бірден келісе кетіп, істі бастап 

кетеді. 


О р т а л ы қ т а   ұ с т а л ы қ   қ ы з м е т 

атқарып, қолөнер бұйымдарын жасау­

мен шұғылданады. Жастарға үлгі­өнеге 

көрсетеді. Тұрсекең Д.Шоқпарұлымен 

1992 жылы танысыпты. Содан бастап 

ағалы­інілі болып бірге қызмет жасай­

ды. Орталықтың гүлденуіне өзіндік 

үлесін қосады. Шіркін, қазақтың осын­

дай өнері қашанда мәңгілік болуы 

керек қой. Мұндай дәстүрлерді біз 

қалай сақтап қала аламыз? Оны сақтап 

қалудың бірден­бір жолы зергерлік, 

ұсталық, қол өнерге тәрбиелейтін 

орталықтар ашу. Оқу орындарына 

пән ретінде енгізіп, оқыту. Соны­

мен қатар зергерлік бұйымдардың 

м ұ р а ж а й ы н   а ш у .   О л   м ұ р а ж а й ғ а 

Дәркембай Шоқпарұлы, Тұрсынбай 

Шаянов және т.б. он саусағынан 

өнер тамған ұсталардың туындыла­

рын қойып, халық назарына ұсынсақ, 

ғанибет болмас па еді. Қазір бізде 

мұндай бағыттағы мұражайлар жоқ. 

Неге ашпасқа? Үлкен мұражайларымыз 

бар. Ал бірақ зергерлік, қолөнер 

мұражайлары біздің елімізге өте ке­

рек. Біз қазақтың қолөнер шеберлігін 

барша әлемге танытуымыз керек. Ол 

үшін арнайы мұражай ашуымыз қажет. 

Қазақтың қолөнер туындылары өзге 

жұрттардың қолөнері туындыларынан 

артық болмаса кем емес. Ендігі жерде 

барымызды бағалап, сақтаудың қамын 

ойластырғанымыз абзал. Бүгінгі және 

келешек ұрпақ біліп, хабардар болып, 

осы өнердің жалғастығы, сабақтастығы 

үзілмесін десек, қолөнер мұражайлары 

өте керек. Ол мұражайлардың жаны­

нан қолөнер шеберлігінің қыр­сырына 

үйрететін арнайы орталықтар ашылса, 

білікті ұсталар қызмет істесе, шәкірт 

тәрбиелесе, ұлттық өнерді сақтаудың 

бірден­бір жолы осы болар еді. Өнер 

– мәңгілік. Бірақ оған тиісті дәрежеде 

мән бермесек, ол мәңгілік болмай 

қалуы да әбден мүмкін. Тұрсекеңдер 

аман­есен ортамызда жүргенде осы 

кісілерден білетінін үйреніп қалатын 

жастарды, ізбасарларын тәрбиелеуіміз 

керек. Әрине, Тұрсекең айтпақшы, 

тума таланттар қашанда бар, солар­

ды іздеп табу керек. Осы өнерге бау­

лу керек. «Тума таланттар болады. 

Бірақ қазақ ата­аналары кейде он­

дай балалардың дарынын дер кезінде 

байқамай, ұсталыққа әуестеніп жүрген 

баласына: «Таста андағы ағашыңды, 

малға қара» деген сияқты ұрсып та­

стайды. Ал бұдан кейін ол бала ұсталық 

өнерге мүлдем жуымай кетуі мүмкін. 

Өйткені тума таланттар бірбеткей бо­

лады. Олар бір тастаған нәрсесіне 

қайтып оралмайды» деген ақсақал 

қазақ қолөнерінің берік дәстүрлері 

ұмытылып, сабақтастық үзіліп бара 

жатқанына алаңдайды. 



Үлгісіз ұста болМас...

Жалпы, Тұрсекеңнің бойында 

ұлттық намыс, ұлттық рух атойлап 

тұр. Қазағын жанындай жақсы көреді. 

Ұлтының мерейі әр уақытта үстем 

болсын дейтін азамат. Технологиялық 

идеяларын, ойларын ірікпейді. 

Бөлісіп жүреді. Пайдаланыңдар, іске 

асырыңдар дейді. Абайды пір тұтады. 

Өлеңдерін жатқа біледі. Онда айтылған 

ойларды өзінің биік мұрат­мақсатына 

айналдырған. Ән мен терме, қазақтың 

қоңыр күйі де оған жат емес. Өзі сүйіп 

тартатын Бестібайдың, Қожекенің 

күйлерін күмбірлетеді, термелерін 

айтады. Айтпақшы, біз ол кісінің 

шеберханасында дауылпаз ақын 

Махамбет домбырасының үлгісімен 

жасалған тоғыз пернелі қалақтай 

домбыраны көрдік. Қолымызға ұстап, 

Махамбеттің рухын сезінгендей ерек­

ше әсер алдық. Ақсақалдың «Бұл 

Махамбеттің домбырасы» дегенде 

кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, 

төбеміз көкке екі елі жетпей тұрды. 

Бүгінде Махамбеттің үлгісімен дом­

быра жасап жүрген Тұрсекеңдерден 

басқа кім бар деп ойладық. Әй, жоқ­

ау, сірә. Ол үшін Тұрсынбай сияқты 

қазақтың қара шалы болып, ұлтына 

Абай нұсқаған шыңнан қарай білу 

керек шығар.



Дәуіржан ТөлеБАев

12

№31 (1289) 

6 – 12 тамыз 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

МейіріМділік

 сАбАғы

Карусо Гианфранко (1 сағат 22 минут) 



көрінді. Әртүрлі жас санаттағылар арасында 

Марат Балтабаев, Андрей Савиных, Василий 

Вавильченко сынды ардагер спортшылар 

бірінші орынды иеленді. Ал нәзік жандылар 

арасында Екатерина Шатная 1 сағат 34 

минут уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 

бірінші болып кесті. Ардагерлер арасында 

Оксана Морозова топжарды. Жүлдегерлерге 

сыйлықтар табыс етіліп, Алғыс хаттармен 

марапатталды. 



Салтанат ҚАЖЫКен

Жуырда Алматыда дәстүрлі Медеу мара-

фоны өтті. Жарысқа Алматы, Алматы об-

лысы, Жамбыл облысы, Павлодар және 

шетелдік жеңілатлетшілер қатысты. 

Әуесқой спортшылар 5 айналым, 

яғни 20 шақырым қашықтыққа жүгірді. 

Нәтижесінде аталмыш қашықтықты 1 сағат 

18 минут уақытта жүгіріп өткен алматылық 

Санат Қайыров бірінші орынды иеленді. 

Екінші орынға қырғызстандық желаяқ 

Бақыт Мамуналиев (1 сағат 19 минут) 

иеленсе, алғашқы үштіктен итальяндық 

медеу марафоны



Жетісудың ақын қыздары 

жырдан шашу шашты

додА


сурет көрмесі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды

А т а л м ы ш   ұ й ы м   П р е з и д е н т т і ң 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

атты Жолдауында айтылған «Мәң­

гілік Ел» жалпыұлттық идеясы төңі­

регінде топтасу, осы құндылықты 

таусылмас қуат көзіне айналдыру ту­

ралы сөзін басшылыққа ала отырып, 

ұлтымыздың рухани құндылықтарын 

өскелең ұрпаққа жан­жақты насихат­

тау, жас дарындардың шығармашылық 

дамуына ықпал ету, қоғамдағы мәдени 

құбылыстарға, әдеби үдерістерге, басқа 

да рухани оқиғаларға қатысты үн қату, 

пікір алмасу, сауатты оқырман қатарын 

қалыптастыру, аға буын мен кейінгі 

буынның шығармашылық тұрғыдан 

ұрпақ сабақтастығын дамыту мақсатында 

құрылды.

Жас әдебиетшілер шараны Тал­

ды қорған қаласындағы Ақын Сара 

ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан 

бастады. Ескерткіш басында жастардың 

игі бастамасына қала әкімінің орын­

басары Марлен Көлбаев, облыстық 

«Жетісу» газетінің бас редакторы, ақын 

Әміре Әрін ақ жол тілеп, ізгі ниеттерін 

білдірді.  Мұнан кейін шара Тіл сарайын­

да жалғасып, ұйымның таныстырылы­

мына облыстың зиялы қауымы және 

шығармашыл жастары шақырылды. 

Дөңгелек үстел жиынын «Jetysunews.kz» 



С.Жиенбаев атындағы облыстық 

жасөспі рім дер  кітапханасының 

қызметкерлері «Ақтөбе қаласын-

дағы сал азаматтарды қорғау» 

орта лығының  мүшелерімен 

бірлесіп «Жүрегіңді жылы-

тар жылы сөз» тақырыбында 

мейірімділік сабағын өткізді. 

Сабақтың  мақсаты әлеу меттік 

жағынан аз қорғалған әртүрлі 

санаттағы және әртүрлі жастағы 

тұрғындар қатарына кітапханалық 

қызмет көрсетуді ұйымдастыру және  

Ата Заңымыздың 20 жылдығы туралы 

қатысушыларға кең мағлұмат беру. 

Тақырып төңірегінде кітап­

хана қызметкері Ләззат Бөлтекева 

баян дама  жасады.  «Адам   құ қы ғы 

– басты құндылық» атты кітап көр­

ме сі ұйымдастырылды. Ша раға қа­

ты  сушылар  назарына   Қазақ стан 

Республикасының  Конституция сына 

20 жыл толуы на орай дайындалған 

«Ата Заң – мемлекет тірегі» де­

ген тақырыппен слайд көрсетілді. 

Кітапхана ұжымы  «Ақтөбе қала­

сын дағы сал азаматтарды қорғау» 

ор талығына «Оқы және өзгеге ұсын» 

кі тап марафоны аясында 100 кітап 

сый ға тартып, естелікке сыйлықтар 

берді.


Жанат БеКеевА,

С.Жиенбаев атындағы облыстық 

жасөспірімдер  кітапханасының 

қызметкері  

Талдықорған қаласында «Жетісудың 

жеті қызы» атты шығармашылық 

кеш өтті. Бұл – осы өңірде құрылған 

«Тамшыбұлақ» жас әдебиетшілер 

қауымдастығының алғашқы шарасы. 

жүздесу


шАрА

сайтының жетекшісі, ақын Қалмаханбет 

Мұхаметқали жүргізді. 

Кездесуде ұйымды жетісулық 

жас әдебиетшілердің басын қосатын 

еркін пікір алаңына айналдыру, жаңа 

көзқарастағы тәуелсіз оқырмандар 

буы нын қалыптастыруға қызмет ету 

мен бұқарамен байланысты реттеу, 

жас ақын­жазушылардың жаңа туын­

дыларын талқылайтын орталық болу 

және шығармашылығын насихаттауға 

ықпал ету, аға буын мен жас толқын 

арасындағы ұрпақтар сабақтастығы 

және ауыл­қала әдеби жалғастықты 

жолға қою, Жетісу өңіріндегі әдеби 

даму үрдісі мен ақын­жазушылардың 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы н   н а с и х а т т а у 

мақсатында  ғаламтор  мүм кін діктерін 

пайдалану туралы кеңінен сөз бол­

ды. Ақындар Әли Ысқабай, Ахмет 

Кендірбекұлы және т.б. алдыңғы буын 

ағалар жастардың бастамаларына ізгі 

тілектерін жеткізді.  

қызыл кітАп

өсімдіктер көптеп өскен тау жоталарының 

с о л т ү с т і к   ж ә н е   с о л т ү с т і к ­ ш ы ғ ы с 

беткейлерінде көбірек кездеседі.

Көк суыр қыста ұйқыға кетіп, тау 

жоталарының төменгі белдеулерінде нау­

рыз айының соңы мен көкек айының бас 

кезінде, одан жоғары белдеулерінде көкек 

айының екінші онкүндігінде, ал одан да 

жоғары белдеулерде көкек айының соңы 

мен мамыр айының бас кезінде ұйқыдан 

оянып, белсенді тіршілік ете бастайды да, 

тамыз айының соңы мен қыркүйек айының 

орта кезінің аралығында қайтадан қысқы 

ұйқыға кетеді.

Көк суыр ұйқыға кетер алдында денесіне 

қор ретінде өзінің дене салмағының   23 

%­дай  мөлшерде май жинайды. Ол май 

 қо  рын қысқы ұйқы кезінде үнемдеп пай­

даланады.

Көк суыр негізінен өсімдіктердің 

бүршік терімен, тамыр түйнектерімен, 

өркендерімен, тамырларымен, жасыл жапы­

рақтарымен қоректенеді. Олар көбіне жуы­

шықты қоңырбас, шөлмасақ, қазжуа, шы­

рыш, сасыр, бақбақ және т.б. өсімдіктермен 

қоректенеді. Өсімдік құрамындағы ылғалды 

қанағат етеді, кейде қар түйіршектерімен де 

қоректенеді.

Көк суырдың екі түр тармағы (өгем 

және шатқал) кездеседі. Өгем түр тармағы 

тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем 

және Қаржантау жоталарында таралса, ал 

Шатқал түр тармағы көршілес Өзбекстанда, 

Қырғызстанда және Тәжікстанда таралған.

Қазақстанда көк суырдың таралу аумағы 

Бадам, Өгем және Сайрам өзендерінің су 

айырықтарындағы 400 шаршы шақырым ау­

мақ ты қамтиды. Өгем өзенінің алабындағы 

Семізсаз және Үшқаратас қойнауында ер­

терек кезде көптеп таралған, яғни 1 шаршы 

км алқапта орта есеппен 200­дей көк суыр 

болғандығы туралы деректер сақталған. 

Ал Сайрам өзені алабындағы Қасқасу, 

Сарыайғыр және Ұлар өзендерінің жоғарғы 

ағысында 1 шаршы шақырым алқапта 

орта есеппен 100­120 көк суыр таралған 

болса, соңғы жылдары бұл аумақтарда 

көк суырдың саны тіпті азайып кеткен. 

1961­1962 жылдардағы мәлімет бойынша 

Қазақстанда 30 000­дай көк суыр кездескен. 

1962 жылдан бастап Қазақстанда көк суыр­

ды аулауға тыйым салынған. 1970 жылы көк 

суыр саны  Қазақстан аумағында азайып  

15 000 сақталған. 1990 жылдары елімізде көк 

суыр саны біршама көбейіп 20­25 мыңға, ал 

2001 жылы 25­30 мыңға жеткен. Бұдан он 

жыл бұрын көк суыр саны азайып, 9 000­ы 

есепке алынған. Елімізде оның санының 

азайып кетуіне бағалы ұлпаны мен шипалы 

майы үшін көптеп ретсіз аулау басты себеп 

болған. Сонымен қатар көк суыр тіршілік 

ететін алқаптарда көптеп мал жаю және 

қойшы иттерінің оларға шабуыл жасауы да 

көк суыр санының азаюына әсер еткен.

Рысбай СӘТІМБеКов,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің ұстазы

Көк суыр сүтқоректі жануарлардың 

кемірушілер тобы тиындар тұқымдасына 

жатады. Ол Қазақстан аумағында кездесетін 

4 түрлі суырдың (дала суыры, сұр суыр, 

қызыл суыр және көк суыр) дене тұрқының 

ең кіші суырдың түрі болып саналады. 

Оның денесінің ұзындығы 40­50 см, 

құйрығының ұзындығы 8,5­13 см, ал орта­

ша салмағы 2,5­3 келі (күзге қарай семірген 

кезде салмағы 4 келіден асады). Денесі 

жұмырланып келген, алғаш көрген кезде 

денесі епетейсіз көрінгенімен өте ширақ 

аң. Басы онша үлкен емес, мойны, аяқтары 

қысқа. Алдыңғы аяқтарына қарағанда арты 

аяқтары сәл ұзындау. Саусақтарындағы 

тырнақтарының пішіні жұмырланып 

ұшына қарай жіңішкере түседі және 

тырнақтары сәл төмен қарай иіліп ін қазуға 

бейімделген. Денесінің жон арқа тұсы, екі 

бүйірі және басының түктерінің түсі көбіне 

қара­қошқыл немесе сұр­көкшіл болып 

келетіндіктен көк суыр деп аталады. Құрсақ 

тұсының, алқымының түктері ақшыл­

бозғылт немесе сарғыш түсті болып келеді. 

Көк суыр түктерінің түсі жыл маусымда­

рына және жас ерекшеліктеріне сәйкес 

үнемі өзгеріп отыратындығы байқалады. 

Сондықтан да, қырғыздар көктемде түгінің 

сарғыш түсті болуына байланысты оны 

«сары тышқан», ал күздегі түгінің қара­

қошқыл болуына сәйкес «қара тышқан» 

деп атайды.

Көк суыр басқа суыр түрлерінен өзінің 

дене тұрқының кішілігімен, құйрығының 

қысқалығымен, түктерінің өзгермелі 

түсімен және бір­біріне дыбыс шығарып 

байланыс жасауы арқылы ерекшеленеді. 

Егер көк суыр үзік­үзік қатты дыбыс 

шығарса, онда қауіптің төнгендігін білдіреді 

де, тез арада індеріне тығылады. Егер де 

ешқандай қауіптің белгісі байқалмаса, 

ұзаққа созылатын мұңды дыбыс шығарады.

Көк суыр жыл он екі ай қоныс аудармай 

бір алқапта тіршілік етеді. Тек қана ауа 

райының өзгеруіне (көбіне қардың еруіне) 

байланысты өзі тіршілік ететін жердің 

маңынан алыс кетпей, яғни 300­400 метр 

жерге дейін қоныс аударатыны байқалады.

К ө к   с у ы р   н е г і з і н е н   1 0 ­ 1 2   б а с ы 

бірігіп туыстық топ құрып тіршілік ету­

ге бейімделген. Оның әрбір тобында 

ересектері мен бірінші және екінші жылғы 

ұрпақтары болады да, үш жастан асқан 

ұрпақтары өз алдына жеке топ құрады. 

Әрбір көк суыр тобы 5­15 гектар алқаптай 

аумақта тіршілік етеді. Көк суырдың ересек 

аталықтары қысқы ұйқыдан оянған соң 

өздері тіршілік ететін алқаптың шекарасын 

көзі мен құлағының арасында орналасқан 

безден бөлінетін сұйықтықпен белгілеп 

қояды. Ондай жерге басқа топтары жола­

майды.

Көк суыр тау жоталарының теңіз 



деңгейінен 2100­3300 метр биіктігіндегі 

субальпі және альпі белдеулеріндегі 

шөптесін өсімдіктер мол өсетін алқаптарда 

таралады. Олар көбіне қары бар немесе 

бұлақ көздері мол шұрайлы шалғынды 

Көрме суретші Б.Мырзахметов­

тың «Абылай ханды ақ киізге кө теру» 

атты туындысымен ашылды. Со­

нымен бірге суретші Талғат Тілеу­

жановтың «Жекпе­жек» және «Ұрыс 

алдында» деп аталатын картиналары 

көрермендер тарапынан қызығушы­

лық қа ие болды. Себебі диптих түрін­

де салынған осы екі суреттен қазақ 

халқының ерлігін, өр рухын аң ғаруға 

болады. Мәселен, «Жекпе­жек» кар­

тинасында Әбілмансұр мен Шарыш 

арасындағы шайқас сәтті бейнеленген. 

Екі ірі қолбасшы айқасқа түседі. Су­

ретте өзіне сенімі күшті Әбілмансұр 

қарсыласын аттан жұлқи құлатқаны 

әдемі бейнеленген. «Ұрыс алдында» 

туындысында Әбілмансұрға үміт ар­

тып, оған рух беріп тұрған халқының 

көрінісі бар. 

К ө р м е н і ң   е р е к ш е л і г і   д е п 

отандық суретшілер арасында аса 

таныла қоймаған батальдық жанрдағы 

туындылардың көптігін айтуға бола­

ды. Әсіресе, жас суретшілердің тарихи 

тақырыпқа бет бұрып, соғыс даласын, 

шапқыншылық заманды көз алдыңа 

әкеліп жеткізе білуі ерекше қуантады. 

Көрменің мәні мен мазмұны Қазақ 



Көк суырды  ғылыми тілде мензбир 

суыры немесе телес суыры – (Marmota 

menzbieri Kaschkarov, 1925) деп атайды. 

Оны алғаш рет ғылыми сипаттап жазған 

көрнекті орыстың зоолог ғалымы 

Даниил николаевич Кашкаров  (1878-

1941). Ол сол кездегі Түркістан өлкесінің 

жануарлар дүниесін зерттеуге үлкен үлес 

қосқан атақты зоолог ғалым Михаил 

Александрович Мензбирдің (1855-1935) 

құрметіне көк суырдың атауын мензбир 

суыры деп ғылымға енгізді.

Алматы қаласындағы Ә.Қастеев 

атындағы мұражайда Қазақ 

хандығының 550 жылдығына 

арналған «Ұлы дала жаңғырығы» 

атты көрме өтті. 100-ге тарта 

бейнелеу және қолданбалы өнер 

туындылары ұсынылған көрмені 

қала жұртшылығы мен қонақтары 

тамашалап, жоғары баға берді. 

КөК 


суыр

өнеР

«Ұлы дала жаңғырығы»

мемлекеттілігінің қалыптасуына 

өлшеусіз үлес қосқан Әбілқайыр хан, 

Абылай хан, Кенесарыдай көрнекті 

ұлт қайраткерлері мен елі мен жерін 

жаудан қорғаған Райымбек, Қабанбай 

сынды жаужүрек батырлардың өр 

тұлғасымен асқақтай түскен.

Айшықты суреттер арасында 

белгілі қылқалам шебері Әбіл хан 

Қастеевтің немересі Дәурен Қас теев­

тің туындылары бірден көзге түседі. 

Көрмеге жас суретшінің «Шайқас 

алдындағы таң» картинасы мен 

Қабанбай батыр портреті қойылған. 

Дәурен Қастеевтің туындыларынан 

ұлттық бірегейленуді, қазақтың өткен 

өмірін байқау қиын емес. Қайсысын 

алып қара сақ та, ешкімге ұқсамайтын 

өзіндік нақыш сезіледі. Мәселен, 

«Шай қас алдындағы таң» деп ата­

латын картинадағы батыр бейнесі 

өзгелер ден ерекше. Суретшінің айту­

ына қа рағанда, осы тақырыпты арқау 

еткен дегі мақсат елі үшін жанын 

қиған ба тырларды бүгінгі ұрпаққа 

таныстыру.

Тағы бір атап өтерлігі, көрмеде 

лирикалық туындыларға да кең орын 

берілген. Мәселен, суретші Талғат 

Тілеужановтың «Баян» атты туынды­

сы ерекше көз тартады. Суретте Қозы 

Көрпеш қаза тапқан соң Баянның 

жардан құлап өлмекші болғаны бей­

неленген. Қылқалам шеберінің ендігі 

бір лирикалық картинасы «Қоштасу» 

д е п   а т а л ы п т ы .   М ұ н д а   б о й ж е т ­

кен айқасқа аттанып бара жатқан 

сүйіктісімен қоштасып жатқаны су­

реттелген туындыда түрлі сезімдердің 

өзара үндесуі, қимастық та бар. Десек 

те, соған қарамастан қазақ қызы ер­

азаматына жігер бен рух беріп, елі 

үшін еш нәрсеге мойымауға шақырып 

тұрғандай әсер қалдырады.

Шығармалардың басым бөлігі 

тәуелсіздік алғаннан кейінгі жыл­

дары салынған. Бұл бір жағынан аға 

буын өкілдері мен бүгінгі сурет ші­

лер арасындағы үндестік пен ерек­

шеліктерді ұғынуға септігін тигізетіні 

сөзсіз. 


С о н ы м е н   б і р г е   к ө р м е   т а ­

қ ы   р ы   б ы н   т о л ы қ қ а н д ы   а ш у ­

да мүсіндік компо зициялардың 

м а ң ы з ы   е р е к ш е .   М ү с і н ш і л е р 

Т.Бинаш, Н.Далбай, Ә.Жұмабай, 

П.Шороховтың қолынан шыққан 

композицияларындағы архаикалық 

және классикалық реминисцен­

циялар (еміс­еміс есте қалғандар) 

ұлттық болмыс пен философиялық 

негізді сәтті үндестіре білген. Бір 

сөзбен айтқанда, мерейтойлық көрме 

бүгінгі  заманауи талпыныстары­

мыз бен жоғары мақсаттарымызға 

үндес жаңғырық болатын – кеше мен 

бүгінді байланыс тыратын, нағыз Ұлы 

дәуірге оралтатын өзінше бір «көпір» 

іспеттес болғаны анық.



Ақбота ИСлӘМБеК

«Жетісудың жеті қызы» атты шығар­

машылық кешке жетісулық ақын қыздар 

– Роза Сейілханова, Сағыныш Намазша­

мова, Мақпал Мыса, Гүлбақыт Қасенова, 

Ажар Ерболғанова, Әлия Іңкәрбек, 

Торғын Тұрлыбаеваның лирикалық 

жырлары арқау болды. Ақын қыздардың 

шығармашылығы туралы Қалмаханбет 

Мұхаметқали шағын баяндама жасап, 

ақындар жиналған қауымға өз өлеңдерін 

оқып берді. 

Жиын соңында Роза Сейілханованың 

«Ақ бұлттар», Гүлбақыт Қасенованың 

«Бақыт гүлі», Мақпал Мысаның «Аспан­

таудың көктемі», Әлия Іңкәрбектің 

«Тәңіртау» атты жыр жинақтары және 

басқа да жетісулық қаламгерлердің жаңа 

шыққан кітаптары таныстырылып, ол 

туындылар С.Сейфуллин кітапханасына 

салтанатты түрде тапсырылды. 

Мәдина АМАнТАевА

Алматы облысы

Құрылтайшы және шығарушы: 

«ҚАзАҚ гАзЕТТЕРi» 

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

бас директор – 

редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КЕнЖАлИн

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

бас редактор 



Самат ИБРАИМ

бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

нұрперзент ДОМБАЙ

бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан ТӨлЕБАЕв

Бөлiм редакторлары:

Ақбота исләМбек – Тіл мәселелері және мәдениет

бағдагүл бАлАубАеВА – білім және ғылым

нұрлан ҚұМАр – әлеумет және ақпарат



Фототiлшi

Азамат ҚұсАйынОВ



Беттеуші

нұржан АсАнОВ



Терімші

назгүл бейсеМбАеВА



Корректор

динара МАсАкОВА



Хатшы-референт

лунара АТАМҚұлОВА

Апталық Қазақстан республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-Г куәлiгi берiлдi.

Газет аптасына бір рет шығады.

«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ 

газеттерi» жШс-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» жШс-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. индекс 65367. Офсеттiк басылым.

Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «Алматы-болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 Ақтөбе қаласы, Т.рысқұлов көшесі, 190, «А-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты

Тапсырыс № 1264/1370

«Қазақ газеттерi» ЖшС-ның 

аймақтардағы өкiлдiктерi:

Толымбек әбдірАйыМ 8 701 345 7938 (Астана)

жанғабыл ҚАбАҚбАеВ 8 771 769 6322 (Ақтөбе обл.)

батырбек МырзАбекОВ 8 (7102) 90-19-73 (Қарағанды обл.)

бектұр ТӨлеуғАлиеВ 8 (7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)

«Қазақ газеттері» ЖшС-і сайтының веб-редакторы – 

сұлтан ТАйғАрин



Меншікті тілшілер:

Өтеген нәукиеВ (Атырау) 8 701 518 46 81

Орал ШәріПбАеВ (семей) 8 705 661 14 33

Оразалы жАҚсАнОВ (Қостанай) 8 777 230 71 84

жарқын ӨТеШОВА (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru

Қоғамдық негіздегі кеңесшілер:

ғарифолла әнес – филология ғылымының докторы

Шерубай ҚұрМАнбАйұлы – филология ғылымының докторы, профессор

Аягүл МирАзОВА – педагог-ұстаз, Қазақстанның еңбек ері

Талас ОМАрбекОВ – тарих ғылымының докторы, профессор

материалдың жариялану 

ақысы төленген

кезекшi редактор



Нұрлан ҚҰМАР

Таралымы 20020

РЕдАКция ТЕлЕфоНдАРы: 

394-42-46 (қаб.бөлмесi/факс), 

394-41-30

E-mail: anatili_gazetі@mail.ru

МЕКЕНЖАйыМыз:

050009, Алматы қаласы, 



Абай даңғылы, 143, 6-қабат

А

Document Outline

  • _GoBack


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет