«Көп жүрген жер береке» «Ұлы дала жаңғырығы»


ҚазаҚстан Республикасының конституциясына – 20 жыл



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата03.03.2017
өлшемі4,57 Mb.
#7306
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚазаҚстан Республикасының конституциясына – 20 жыл

зеРде

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген нұрлан ҚҰМАР

құрМет


бАсқосу

Ер есімі ұмытылмайды 

Түркия қазақтарының кезекті құрылтайы

құлАққАғыс!

қылқАлАМ

теАтр


«Аңсар – 2015» байқауы өтеді  

Қазақ суретшілерінің көрмесі 

Көрермендерін риза етті

Түркістан қаласының сазды-драма театры 

көрермендерге бірінші жартыжылдықта бірқатар 

қойылымдар ұсынған болатын. Қойылымдар 

халық тарапынан жақсы бағаға ие болды.  

Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат 

орта лығында өткен брифингте театр 

директоры Е.Исатаев мәлімдеді. Театр 

башы сы ағымдағы жылда жоспарланған 

3 жаңа қойылым мен жоспардан тыс бір 

спектакльдің тұсаукесері өткізілгендігін 

атап өтті. 

Биылғы жылдың көктем мезгілінде Қазақ хандығының 550 

жылдығына орай арнайы сахналанған Қ.Ысқақтың «Хандық 

аманат, Таңбалы тас» тарихи драмасының тұсаукесері, 

Жеңістің 70 жылдығына орай Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» 

атты драмасының премьерасы қойылды. Ал жаз мезгілінде 

М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» коме дия сының тұсаукесері 

мен театрдың ХV маусымның жабылуы өтті.

Маусымды жақсы жетістікпен тәмамдаған театр облыстық 

мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен 

«Театр көктемі – 2015» облыстық театрлар фестивалінде 

Ә.Нұршайықов романының желісімен жазылған «Махаббат, 

қызық мол жылдар» атты драмасын қойып, «Көрермен 

көзайымы» аталымына лайық деп танылса, театрдың жас 

артисі Ә.Қожабекова «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша 

марапатқа ие болды. 

сАқтАнсАң – сАқтАйды 



Сел қаупі қандай?

Алыпқашпа әңгіме мен ақиқат



Қазақ поэзиясындағы Бәкір 

Тәжібаевтың жырлары әнмен әрленіп, 

Алаш аспанында шырқалғанына да 

көп жылдың жүзі болыпты. Мұхит 

әндерінің саздылығы, философиялық 

ерекшелігі мен халық әндерінің 

қасиетін бойына сіңіріп, туған елдің 

қадіріне жеткен ақын әрі сазгер 

Бәкірдің өмірден жинақтаған ой-

толғамдарын өнерге бағыттағаны 

оның жан тазалығы болса керек. 

Сазгер ақынның туған жер, өскен ел, 

дос-жаран дегенде ойының мөлдірін

сағынышының ыстық ықыласын ар-

нап, төгілте жыр жазар кездері де көп 

болған ғой. 

Бәкір өзінің алғаш ән жазғаны жайлы 

көзі тірісінде былайша еске алған-ды:

Қарғалы өзеніндегі сел елді дүрліктіріп, жұрттың зәресін алғаны рас. Десек те, 

халық арасында сел қайталануы мүмкін деген алыпқашпа әңгіме әлі де басылған 

жоқ. Мәселенің мән-жайын білу үшін «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі 

басшысының орынбасары Талғат БЕКБОлОвПЕн сұхбаттасуды жөн көрдік. 

– Бірінші, «Жас дәурен» деген ән шығар­

дым. Оның өлеңін Қасым Аманжолов жазды. 

«Аппағым­ау», «Дала жолдары», «Ақбұлақ» 

әндерін жаздым. Туған жердің бұлағы, 

табиғаты, қазақтың кең сахара даласы мен 

үшін үлкен тақырып болды да Болат Сыбанов, 

Қапаш Құлышевалар домбырамен орында­

ды. Әншілерден ерекше атап кететін әншім 

Роза Рымбаева. Ол менің біраз әндерімді 

шебер орындап, тыңдаушысына жеткізе білді. 

Сол үшін ризашылығым шексіз, – деп еді өз 

шығармашылығы жайлы Бәкең.

Жетпісінші жылдары әуе толқынынан жиі 

насихатталған Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» 

әні ауыздан ауызға тарап, көпшілік жүрегіне 

жол тапты.

Бәкір Төлеуұлы 1926 жылы Ақтөбе об­

лысы, Байғанин ауданына қарасты «Ақбұлақ» 

ауылында дүниеге келген. Елін сүйген ердің 

туған елге арнаған тамаша әні осы «Ақбұлақ» 

ауылына арналған екен. 

Бәкір 1941 жылдан бастап осы облыстың 

Мұғалжар ауданына қарасты «Темір» ауылының 

педучилищесінде оқып, кейін аудандық газетте 

хатшы болып қызмет етеді. 1950 жылы Ақтөбе 

облысына арнайы сапармен барған жазушы Та­

хауи Ахтанов Бәкір Тәжібаевпен кездесіп, оның 

бойындағы өнерге деген құштарлықты байқап, 

Алматыға алдырады. Бәкір оқуға түседі. Жиыр­

ма бір жасында театр учищилесін бітірген соң 

Мәдениет министрлігі оны Жамбыл облысына 

жібереді. Екі­үш жылдан кейін Шымкенттің 

облыстық театрына шақырылады. Көп жылғы 

еңбегінде әнмен қоса драматургиялық пье­

салар жазады. Нығымет Баймұхамбетовпен 

бірге жазылған Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар 

Сұлу» операсының либероттасы әлі күнге дейін 

опера сахнасында қойылып жүр. Ұлы Отан 

соғысына арналған «Қаракөз қарындасым», 

«Ана жүрегі» драматургиялық пьесалары, 

«Батақтың Сарысы» композициясы, «Түрмеден 

қашқан» музыкалық драмасы көптеген театр­

ларда қойылды. Семей, Шымкент, Жамбыл, 

Қызылорда театры, Алматыдағы мемлекеттік 

Жасөспірімдер театры біраз шығармаларын 

сахнаға шығарды. 

Бәкір Тәжібаев облыстық театрларда еңбек 

етіп, 1958­1974 жылдары Қазақтың Абай 

атындағы опера және балет театрында әдебиет 

бөлімінің меңгерушісі, кейін Алматы облыстық 

халық шығармашылығы үйінде, Қазақстан те­

атр қоғамында кеңесші­әдіскер болып қызмет 

А

пта айшықтары



А

пта айшықтары



 Әзірлеген нұрлан ҚҰМАР

8 (727) 394-41-30

елбАсы 


пАрлАМент 

бАйлАныс


елбасы нұрсұлтан назарбаев «Зейнетақымен 

қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық 

актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру 

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңына қол қойды. 

Cонымен қатар Елбасы сот жүйесін жетіл­

ді руге бағытталған «Азаматтық процестік 

заң наманы жетілдіру мәселелері бойынша 

Қазақстан Республикасының кейбір конститу­

ция лық заңдарына өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» 

Қазақстан Республикасының Конститу циялық заңына қол қойды. Заң 

мәтіндері баспасөзде жарияланады.



Мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаев Премьер-министр 

К.Мәсімовтің және Президент Әкімшілігінің Басшысы н.нығматулиннің 

қатысуымен кеңес өткізді. Мәжіліске, сондай-ақ Премьер-министрдің 

бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының 

орынбасары Б.Майлыбаев, Президенттің көмекшісі н.онжанов және 

Ұлттық экономика министрі е.Досаев қатысты. 

Кеңес барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы және оны 

одан әрі дамыту шаралары, сондай­ақ Астанада ЭКСПО­2017 көрмесін 

ұйымдастыру мен өткізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар 

алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және 

басқа да халықаралық шараларға байланысты дайындық мәселелері 

қаралды. Мемлекет басшысы кеңеске қатысушылардың назарын 

әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізетін теріс 

ықпалдарына аударды. 



елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге 

Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы олимпия ойындарының астанасы 

болып таңдалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы 

Олимпия ойындарын өткізу құқығына ие болуына байланысты шын 

жүректен құттықтап, ҚХР Төрағасына қысқы Олимпиаданы табысты 

өткізуге, ал достас Қытай халқының бақ­берекесі артып, өсіп­өркендей 

беруіне тілектестік білдірді.



Мемлекет басшысы  нұрсұлтан назарбаев Украина Президенті Петр 

Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтас тық тың 

қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай­ақ халықаралық күн тәртібіндегі 

өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар  П.Порошенко  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда 

ұйымына кіруімен құттықтады.



елбасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын 

қабылдады.  

Кездесу барысында Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге 

дайындық мәселелері, сондай­ақ «100 нақты қадам» ұлттық іс­қимыл 

жоспарын жүзеге асыру аясындағы министрліктің қызметі талқыланды. 

Мемлекет басшысы мерекелік шараларды даярлау барысында негізгі 

салмақ Мәдениет және спорт министрлігіне түсетінін айтты.

Қазақстан Президенті мерейтойды қалыптасқан күрделі 

экономикалық жағдайда артық шығынсыз, бірақ халық жадында 

қалатындай сапалы өткізу керектігін айтты.  Мемлекет басшысы 

мерейтойлық шараның басты мақсаты барша қазақстандықтардың 

патриотизмін нығайту және олардың рухани тұрғыдан өсіп­жетілуін 

қамтамасыз ету болып саналатынын атап өтті.

 Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мерекелік шара­

лар Астанада және  Таразда өтетінін айтты. Мемлекет басшысы кездесу 

қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Парламент депутаттарының өңірлерге жұмыс 

сапары аясында Мәжіліс депутаты, «Халық 

Қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан ер-

таев оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Ұлттық 

Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «оңтүстік» 

өңірлік басқармасында болды.

Мәжіліс депутаты сапар аясында бас қар ма­

ның жеке құрамымен кездесті. Сонымен қатар  

Сарыағаш пен Жетісай қалаларындағы 20/20 

және 20/37 әскери бөлімінде болып, сарбаз­

дар дың тыныс тіршілігімен танысты. Әскери 

қыз  метшілермен болған әңгіме барысында Мемлекет басшысының 

бес инс титуттық реформасы, «100 қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру 

мә се лелері сөз болды. Депутат әсіресе әскери қызметшілердің имиджін 

кө теру, жастарды патриотизм рухынды тәрбиелеуге көбірек көңіл 

бөлді.

Қазақстанның Австриядағы елшісі Қайрат Сарыбай Каринтия 

австриялық федералдық жерінде жұмыс сапарымен болды.

Сапар ауқымында федералдық өңірдің саяси басшылығымен, 

іскерлік және мәдени топтарымен, атап айтқанда жер парламентінің 

президенті Райнхарт Рормен, Каринтияның жері үкіметі 

басшысының орынбасары Беате Преттнермен, жетекші өнеркәсіп 

компанияларының өкілдерімен, сондай­ақ Филлахе қаласының 

фольклорлық фестивалінің ұйымдастырушыларымен кездесулер өтті. 

Кездесу барысында Қ.Сарыбай Б.Преттнерге Қазақстанның саяси 

және экономикалық жағдайы, бес институционалдық реформа мен 

оны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» аясында еліміздің 

ілгері даму жоспары туралы және «ЭКСПО­2017» халықаралық 

мамандандырылған көрмеге дайындық, «Нұрлы жол» бағдарламасын 

іске асыру, 2017 жылғы Қысқы Универсиаданы өткізу аясында 

Қазақстанмен ынтымақтасу мүмкіндіктері туралы хабарлады. Соны­

мен қатар ол Қазақстанмен ынтымақтастығын жолға қоюға мүдделі 

жетекші индустриялық компаниялар басшылығымен кездесіп, олар 

Қазақстандағы өз жобалары мен жоспарлары туралы ақпарат берді. 

Бірқатар заңдарға қол қойды 

Экономика мәселесі талқыға салынды

Құттықтау жеделхатын жолдады 

Телефон арқылы сөйлесті 

Мерекеге дайындық жайы сөз болды

Өңірдің тынысымен танысты

Стратегиялық көкжиек кеңейеді

төртіншіден – ішкі саяси тұрақтылықты 

қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата 

Заңда көрсету. Алайда жоғарыда қамтылған 

төрт мақсатты шешіп беретін баптар әуелгі 

тұңғыш Конституцияның жобасында ба­

рынша қамтылмады. Президент Н.Назарбаев 

та бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы 

әуелден­ақ еліміздегі саяси, әлеуметтік­

экономикалық үдерістен алшақ қалғанын 

алға тартады. Сөйтіп, уақыт өте келе, за­

ман ағымы мен сұранысына қарай, Бас 

заңымыздың кейбір тұстары нарықтық 

қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай 

шыққаны байқалды. 

Мәселен, сол кездегі оқиғаларға зер 

салсақ, тұңғыш Конституция мемлекеттік 

билікті бөлу қағидаты тұрғысынан респуб­

ликада біртұтас мемлекеттік органдардың 

жүйесін қалыптастыра алмағанын аңғарар 

едік. Сол тұстағы оқиғаларға келсек, депу­

тат тыққа үміткерлердің бірі шағым жасап, 

соның негізінде XIII шақырылған Жоғар ғы 

Кеңеске сайлау бойынша Орталық сайлау 

комиссиясының кейбір актілерін Консти­

ту циялық cот 1995 жылдың 6­наурызында 

Ата Заңға кереғар деп таныды. Оның соңы 

Жо ғарғы Кеңес қызметінің тоқтауына әкеліп 

соқты. Осындай олқылықтар жаңа Негізгі 

Құжат тың қажеттілігін туындатқан болатын. 

Сондықтан да арада екі жыл өткенде 1995 

жылы қазіргі Негізгі заң – Конституция 

қабыл данды. Осылайша тәуелсіздік жылдары 

Қазақ станның мемлекеттігін айқындаған Ата 

Заң екі қайтара қабылданды. 

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихына 

жүгінсек, 1995 жылы атқарылған жұмыстар 

елдің үлкен белестен бір аттағанын, басты 

асудан асқанын көрсетеді. Соның ішінде 

1995 жылдың 30­тамызындағы Конститу­

цияны қабылдаудың маңызы айтарлықтай 

ерекше болды. Елдегі саяси өзгерістерге 

орай, сол жылы Президент Н.Назарбаевтың 

бастамасымен сарапшылар тобы құрылып, 

олар әлемнің көптеген елдерінің Кон­

ституцияларын, әсіресе ХХ ғасырдың 

екінші жартысында қабылданған Негізгі 

Құжаттарды мұқият сараптаудан өткізді. 

Сарапшылар тобының ғалымдары, саясат­

керлер ғана емес, бұл іске Елбасының өзі де 

араласты. Тіпті осы істің тізгіні Мемлекет 

басшысының қолында болды, Президент 

те бұған жан­жақты дайындықпен келген 

болатын. 

1995 жылғы Конституцияны талқылау 

кезеңінде еліміздегі беделді заңгерлерден 

бөлек, Францияның Конституциялық 

кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік 

К е ң е с і н і ң   м ү ш е л е р і ,   Р е с е й   з е р т т е у 

орталығының ең беделді заңгерлері жобалық 

жұмыстың жоғары талқылау шараларына 

атсалысты. Айта кетейік, тәуелсіздік тари­

хында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға 

салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген 

Негізгі Заң да осы – 1995 жылы қабылданған 

Конституция еді. Қазір келтіріліп жүрген 

ресми мәліметтерге қарасақ, құжатты 

талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. 

Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 

886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100­і консти­

туция жобасына енгізілген. Бұл жөнінде Ел­

басы: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде 

пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда 

конституциялық құрылыс орнату үшін 

бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, 

сондай­ақ біздің жағдайымызға сәйкес 

келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді 

барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан 

да, кімде­кім еліміздің Негізгі заңының рухы 

мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны 

жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы 

білуі керек» деген болатын. 

Сөйтіп, Тұңғыш Президенттің өзі бастама­

шы болып, сол кездері Еуропа мен Азияның, 

Солтүстік және Латын Америкасының 

барлығы 20­дан астам дамыған және да­

мушы елдерінің конституцияларын зерт­

теп, саралап, зерделеп шықты. Сосын 1994 

жылы өз қолымен Әділет министрлігіне 

жаңа конституцияның жобасын тапсырған 

болатын. Нақ осы үлгі­жоба бүгінгі Ата 

Заңымыздың негізін қалаған еді. Ендеше, 

1995 жылы қабылданған Конституцияның да 

басты авторы – Қазақстан халқы мен оның 

Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 

деп толық сеніммен айтуға болады.

Осылайша дүниеге келген Конституция 

тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл 

жол салып, елдің бетке алған бағдарының 

тұтастай бөлігін қамтып отыр десек те бо­

лады. Алайда заман ағымына қарай негізгі 

заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкім 

жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, 

қазіргі һәм өмір бойғы басты міндетіміз – 

Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған 

Конституцияны қатаң ұстану. Яғни басты 

талап – Ата Заңымыз, Конституцияны 

құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын 

жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір 

азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

Әлбетте, Конституцияның қоғам 

ө м і р і н д е г і ,   е л і м і з д і ң   т а р и х ы н д а ғ ы 

о рн ы  б өл ек .   Б и ыл   ел   бо лы п  ж и ыр ­

ма жылдығын атап өтіп отырған біздің 

Ата Заңымыз өз өміршеңдігін көрсетті. 

Конституция қағидаттарына сәйкес, 

еліміздің демократиялық жолмен даму 

бағыты айқындалды. Құқықтық мемле­

кет қалыптастыру қағидалары қоғамда 

және азаматтардың санасында түпкілікті 

бекітіліп, өз жемісін беруде. Ең бастысы, 

Қазақ елінде кейбір көршілеріміздегідей, 

«ертеңіміз қалай болады» деген үрей жоқ, 

араб елдеріндегідей тығырыққа тірелтетін 

дағдарыстардан да аулақпыз. Ал ондай 

дағдарыстар туындауының бір негізі 

конституциялық қайшылықтардан, даму 

бағытын айқындаудың олқылығынан 

туын дап жатқаны да белгілі болып жатыр. 

Керісінше, Қазақ елінде алаңсыз еңбек ет­

кен халықтың ақжарқын жүзі мен ертеңге 

деген сенімін байқаймыз. Осының бәрі 

қолданыстағы Ата Заңды арқау ете отырып, 

оның ережелерінен еш ауытқымай, елге, 

халыққа қызмет етіп отырған Тұңғыш Прези­

дент – Елбасының сабырлы конституциялық 

саясатының арқасы. Ең бастысы, Қазақстан 

мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуы­

на, халқымыздың өсіп­өркендеуіне негіз 

қалап берген Конституция Тәуелсіздігімізді 

тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып 

отыр. Ендеше, әрбір қазақстандық Ата 

Заңымызды сыйлап, құрметтей білсе, сол 

игі! 


Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси 

және экономикалық түйткілдердің шешімін 

тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне 

қарамастан өзінің ішкі тұрақтылығын сақтай 

білді. Елбасының салиқалы саясатының 

арқасында ұлтаралық келісім, қоғамдағы 

тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзіндік 

моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, 

экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан 

әлемнің кейбір іргелі елдеріне жетіп, тез 

танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі 

мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен 

жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге 

жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, 

экономикамыздың өркендеп дамуына, 

өркениетті ел ретінде танылуына тек Конс­

титутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт 

елдің бақытты халқы  түп­қазығымыз Ата 

Заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі­ақ та­

лай белестерді бағындырып жетістіктерге 

жететіні сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, Ата Заң 

– тұрақтылығымыздың кепілі. 



ермек нҰРМАғАнБеТ, 

әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті 

заң факультеті 

ғылыми-инновациялық қызмет және

 халықаралық байланыс 

жөніндегі деканының орынбасары,

PhDдокторы, доцент 

АТА зАң –

тұрақтылығымыздың кепілі

Мемлекеттік тіл неге 

қорғаусыз қалды?

жер-ананы 

аялай бІлейІК

Биыл Ата заңымыз - Қазақстан 

Рес  публикасы  Конституциясының 

қабылданғанына 20 жыл. Ел-

басы н.Ә.назарбев Ел Консти-

туциясы туралы: «Конституция 

біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты

мемлекетті және бүкіл қоғамды берік 

етті. Сондықтан да біздің ортақ пары-

зымыз – негізгі заңға құнттылықпен 

қарау, оны өз Отанымызды, өз тари-

хымызды құрметтегендей құрметтеу» 

деп атап өткені белгілі. 

Конституция еліміздің ұлттық 

саяси-құқықтық жүйесінің мәйегі, 

мемлекеттілігі мен егемендігінің 

заңдық негізі. Ата заңымыз 

мемлекетіміздің бағындырған биігі 

мен жеткен жетістіктерінің, әлемдегі 

ең дамыған 30 елдің қатарына 

кіру жолында Елбасы айқындаған 

стратегиялық межелеріміздің іске 

асырудың іргетасы болып табылады.

Әлемнің ең озық отыз елінің қатарына кіруді көздеген Қазақстан халқы үшін 

Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты 

қадамы жан-жақты қызмет бағдарламасына айналып отыр. Ұлт Жоспарының 

35 және 36-шы қадамдарында Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану 

мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер Кодексіне және басқа да заң 

актілеріне өзгерістер енгізу. Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге 

рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға 

тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы 

уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру айқын көрсетіліп, тетіктері 

қарастырылуда.

Қабай СӘРСЕнҒАлИЕв,

Ақтөбе облыстық жер 

қатынастары

басқармасының басшысы

етті. 1974 жылдан бастап шығармашылыққа 

біржолата бет бұрды.

Ол өзінің көптеген әндерінің дүниеге 

келуіне Еркеғали Рахмадиев, Ескендір 

Хасан ғалиев, Әсет Бейсеуов, Сейдолла 

Бәйтереков, Төлеген Мұхамеджановтардың 

сеп болғандығын, сонымен қатар сол әндерін 

халыққа кеңінен жариялаған Роза Бағланова, 

Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев сынды 

әншілер екендігін айтып, ағынан жарылады.

Ақынды қанаттандыра, бар жағдайын 

жасаған Құдай қосқан қосағы Сапаркүл апай 

сол бір қимас шақты әркез ерекше сезіммен 

еске алады:

«1959 жылы Жамбыл қаласындағы нағашы 

ағамның қолында тұратынмын. Мен мектепте 

оқимын, он бес жастамын. Келсем үйде бір 

жігіт отыр домбыра тартып. Келіп жүрген 

әртістердің біреуі шығар дедім де қойдым. 

Күнде келеді әлгі кісі, сосын бір күні:

– Сен менің жиен қарындасым боласың, 

– деді.

– Жарайды, ағай! – дедім. Бір күні айтты: 



– Мен сені өз қолымнан күйеуге берем, – 

деді, тағы да:

– Жарайды, – дедім. Сөйтіп жүргенде 

екеуміз қосылдық. Мен мектеп қабырғасында 

оқимын, «жасы толмаған қызды алды» деп, 

Бәкірді соттамақшы да болды. Анам, әжем, 

нағашы ағам мен жеңгем бар, бәріміз бірге 

тұратынбыз. Содан Нұрдәулет Күзембаев 

деген ағамыз басшы азамат болатын. Бәкір 

соған қашып кетті. Содан кейін сол ағамызға 

«қарындасыңызды алып едім, қудалап жатыр» 

десе, «бәрін көшіріп алып кел!» деген екен. 

Содан ағамыз мені училищеге түсірді, «ешкім 

тиіспесін» деп. Бәкір Шымкент театрына кірді, 

сөйтіп тұрып жаттық. Әртістердің әрқайсысы 

келіп «бұл кім?» деген сұрақты көп қоя берді. 

«Әйелім» деп айта алмайды, «қарындасым» деп 

әрең құтылатын»  деп бір сырды аша сөйледі.

Сүйгеніне қосылған Бәкір ұзақ жыл жұбын 

жазбай өмір сүрді. Ал ақын әрі сазгер, драма­

тург Бәкір Тәжібаевтың қаламынан қандай 

туындылар жарық көрген екен?

Иә, автордың «Қараторғай» атты новелла­

лар жинағы, одан кейін «Біздің Роза» очерктер 

жинағы мен «Сахна жұлдыздары» атты порт­

реттер топтамасы, «Балбұлақ», «Ән дәурен», 

«Жүріп келем», «Дала жолдары», «Жыр жо­

лаушы» атты жинақтары көзі тірісінде жарық 

көрді. Ал біздің алтын қорымызда сақталған 

екі жүзден аса әндерінің ішінде шоқтығы 

биігі Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әні. 

Бұл әнді алғаш орындаған Роза Рымбаева Со­

бір малшы машинаға мінді. Кенет жүргізушіміз 

радионы қосып еді, біз «бәсеңдет» дедік. Сонда 

малшы:

– Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлағын» айтса 



ғой, шіркін, онда радионы қатты қояр едік!­ 

деп армандайды. Сонда: 

– Егер сол Бәкірмен бірге келе жатсаң не 

істер едің? – дегенімде әлгі кісі бізге жалтақтай 

қарай берді. Анық­қанығын білгеннен кейін 

қуанып, – Түйе соям, үйге жүріңдер, – деп 

жабысқаны бар, – деген еді Сейфолла ағамыз. 

Осындай ел арасында Бәкір Тәжібаевқа 

қатысты әңгімелер бар. Бұл өнерді сүйген 

халық өкілінің құрметі болса керек. 

Ақын әрі сазгер драматург Бәкір Тәжібаев 

мың бұрала аққан Сағыз бен Жем өзендерінің 

бойында мекен еткен әнші­күйшілердің 

өнерімен сусындаған дала дарыны. Ағасы 

Қоныс жырау да өнерлі жан еді, ал әкесі 

Төлеу мен анасы Тәжен ойын­сауықтың 

көркі болған ауыл өнерпаздары болатын. 

Туған топырақтың қасиетін бойына дарытқан 

«Ақбұлақ»

сыр аҚтарған

потта өткен Халықаралық ән фестивалінде 

Гран При сыйлығын жеңіп алып, лауреат 

атанды. Ән әншіні, әнші әнді дүниежүзіне 

паш етті. Ал әннің авторлары Сейдолла мен 

Бәкір сол қуаныштың куәсі болып мерейлері 

өсті. Әннің тууы жайлы Сапаркүл апамыздың 

ойын ортаға салсақ: «Әлия Молдағұлова менің 

анам жағынан туыстығы бар. Бәкір анам екеуі 

отырып шай ішеді ғой, сонда жазған өлеңдерін 

екеуі талдайды. Сосын Әлия туралы әңгіме 

болып қалғанда: «апа, айтып берші» деп жа­

лынып, көп нәрсеге қанық болады. Осында 

Әлия Молдағұлованың нағашы ағасы болды. 

Әубәкір Молдағұлов дейтін кісі соғысқа 

қатысқан. 

Бір күні үйге жас композитор Сейдолла 

Бәйтереков келді. «Ой, аға, өлеңіңіз әнге 

сұранып тұр екен, мен бір ән жазайын» деп 

кешке дейін екеуі осы әнді жазып шықты». 

Бәкір мен Сапаркүлдің Алладан сұрап алған 

ұл­қызы ата­анасының қуанышы еді, қыздары 

Айжан ерте дүние салды. Ендігі үміт жалғыз 

ұлы Жасұланда еді. Ол асқар тауы әкесі жайлы 

сөз қозғағанда әкесінің бала мінезді сенгіш, 

қателікті бетке айтатындығын, әрқашан көмек 

қолын созып, жас композиторларға ақыл­

кеңесін беруден аянбайтындыған айтады. Үйі 

әрқашан әншілер мен ақын­жазушылардан, 

солардың әні мен күйі, думанынан бір 

босамайтындығын айтып, еске алады. 

Ақын Сейфолла Оспан бір естелігінде бы­

лай дейді: «Өзбекстанның Жизақ қаласынан 

жеңіл көлікпен ел аралап келе жатқанда жолда 

Бәкір Төлеуұлы Ескендір Хасанғалиевтің 

«Әдемі­ау», «Алматының алмасы», «Елігім­

еркем», «Есіңе ал», «Ауылым­әнім», Нұрғиса 

Тілендиевтің «Аққұсым», Кеңес Дүйсекеевтің 

«Қаракөз», Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» 

әндеріне өлең жазса, өз әндерін де біздің ал­

тын қорымызға жазып қалдырды. Әлі күнге 

маңызын жоғалтпаған екі жүзден аса ән жас 

орындаушылардың әрлеп орындауында қайта 

жаңғыруда. 

Бәкірдің ұлы Жасұлан мен келіні Гауһардың 

батыр апаларының есімін қойған Әлия деген 

қызы өнерге әуес. Ол Назарбаев зияткерлік 

мектебінің сегізінші сыныбында оқиды, фор­

тепьяно аспабын үйреніп, өздігінен білімін 

жетілдіріп жүр. 

Біз тамылжыған әсем әндері мен сырға 

толы жыр­маржандарын халқына рухани 

азық етіп қалдырған біртуар дарын иесі, 

арқалы ақын, сырбаз сазгер Бәкір Тәжібаевтың 

шығармаларының дәуір үнімен үндесіп, талай 

ғасырға жететіне сенімдіміз. 

Мәңгілік тақырып –махаббат дейтін бол­

сақ, тыңдаушының жан дүниесіндегі құпия 

сырды нәзік сезіммен тербеп, теңіздей тол­

қытар әнімен, жырымен туған халқымен бірге 

жасайтын тамаша суреткердің еңбегі әлі де 

талай әңгімеге арқау болары сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет