Сабақ тақырыбы
Портреттегі түс. Орындалу техникасы
Оқу мақсаты:
Ортамерзімді жоспардан:
6.1.1.1-Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін көрсету
6.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану
Сабақ мақсаты
Бояудың көмегімен беттің формасын және эмоцияны дәл келтіре алады
Көркем материалды ұқыпты пайдалану, бір-бірінің жұмыстарын талдау, бағалау жүргізу.
Бағалау критерилері
Көркем материалдарды ұқыпты қолдана алады.
Бояу арқылы терінің бірнеше реңктерін таба алады.
Беттегі жарық, көлеңкелердің түстерін дұрыс табады.
Бояудың көмегімен беттің формасын және эмоцияны дәл келтіре алады.
Жұмыстың креативті орындалуы.
Өзінің және өзгенің жұмыстарын жетілдіру, бейімделу үшін қажетті тәсілдерді және идеяларды ұсынады.
Құндылықтарды білу.
Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.
Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.
Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Пән арасындағы байланыс.
зерттеу барысында теориялық білімдерін тарих пәнімен және өнермен байланыстыру.
АКТ –ны пайдалану дағдылары.
Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .
Алдын алу білімі
Оқушылар білімдерін әр кезеңде,әр бағытта орындай білетін дағдыларын қолдана білу.
2-Д жұмыстарында тәжиірбелерін көрсетіп қолдана алады.Мысалы: Маркер,фломастер,постер қағаздарыакварель бояуы, акрил, гуащь,майлы бояу,немесе аралас заттармен.қағаз, желім,журнал,каталогтармен,қайшы,3-А форматы.т.з
Тіл мақсаты.
Оқушылар орындай алады:
• Критерийлер бұрынғы орындалған жұмыстарына пікір айтады.
Көркем жұмыстардың мағынасы мен орындау үдерісін түсіндіреді.
Өзінің және өзгенің жұмыстарын жетілдіру, бейімделу үшін қажетті тәсілдерді және идеяларды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |