Көрнекілігі: презентация Мұғалім



бет2/6
Дата09.05.2022
өлшемі360,79 Kb.
#33223
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
1-2 Жүргізуші бірге:
Наурыз келсе, 
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!, - деп шашу шашады. 

Ән: «Наурыз»
1-Жүргізуші: Ал енді оқушылар «Наурыз» аруымызды қарсы алайық

1-ші оқушы Наурыз-қыздың сөзі: Бану
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге, 
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі тұлпарды. 

2-ші оқушы: Жанерке
Армысыздар, құрметті, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!
2-Жүргізуші: Аружан 
Қош келдің жылқы жылы. Біз сені көптен күттік,Келгеніңе өте қуаныштымыз,
Кел, қонағымыз бол, төрлет.
Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн.

Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді.Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл – қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ. 


Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін болған.

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет