Оқушыларымыздың наурызға арналған өлеңдерін тыңдайық.
1-Оқушы: Есет
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
2- оқушы Анеля
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
3-Оқушы: Гүлдана
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы да жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
4-оқушы: Мөлдір
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
5-Оқушы:Нұрханым
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Мұғалім: Наурыз тойының қарсаныңда салт-дәстүрлеріміз жайлы слайдқа
көңіл бөліңіздер деп, слайдты тамашалаймыз.
1-Жүргізуші : Қазақ халқында салт дәстүрлеріміз: бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс - салт және әлеуметтік - мәдени, салт - дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен
бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелерінен бастап, есейіп, азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді.
2-Жүргізуші: Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған көптеген салт-дәстүрлерінің бірі – шілдехана.
Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Сондықтан шілдехананы кейде ”шілде күзет” деп те атаған. Қонақтар таң атқанша домбыра тартып, өлең айтады. Түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Жұмбақ, жаңылтпаш айтысып, жарысады
1-Жүргізуші: Бесікке салу Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды.
Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын
орындарына қойып, шашу ретінде алып келген жайлық тәттілері мен ұсақ,
ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқап балаға «тыштыма» деп үлестіріп береді.
2-Жүргізуші: Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр – тұсау кесу.
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғанан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |