Көрнекілігі: презентация Мұғалім



бет5/6
Дата09.05.2022
өлшемі360,79 Kb.
#33223
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Наурыз – құт, береке, молшылық!» тәрбие сағаты-1

Қыдыр ата: Ерасыл
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын.
Қайда барсан жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле –жала жерге енсін!
1- Жүргізуші: Қазір сіздерге Наурыз арудың жұмбақтары бар екен,

соны шешіп көріңдер.

Наурыз Ару: 
Кел, балалар ,ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

а) Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,


Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
( Дастархан)

ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.


( Сандық)

б) Шыр көбелек айланар


Беліне жіп байланар.
( Ұршық)

в) Арқауы бар қос қалта,


Ажыраса алмайды.
Анам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.
( Қоржын)

( Жұмбақтар шешіліп, сыйлықтар беріледі )



8 -Оқушы: Парасат
Сәулесі бар Наурызда танғы үміттің,
Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін Достық пенен Мәнгіліктің

9-Оқушы: Зарина
Тышқан, сиыр, барыс, қоян –
Деп орнына дұрыс қоям.
Ұлу, жылан, жылқы, қой да-
Деп, сақтаймын мықтап ойда.
Мешін, тауық, ит пен доңыз –
Дейміз бұны: біткен болды іс!
2-Жүргізуші:  Келесі бізде сұрақтар айдары деп аталады, қаншалықты Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарды білетіндігімізді сынап көрейік. Ендеше алғашқы сұрақ:


1 сұрақ: Жыл аттарын айтып беріңдер. (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет