1-Жүргізуші: Сүндет той
Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.
Міне бүгінгі күнге дейін жақсы дәстүріміздің жалғасын тауып келе жатқаны
баршамызды қуантады.
6-Оқушы: Нұрсезім
Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжі-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Қазақтың ұлттық биі: «Қара жорға»
2-Жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 март түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қыдыр түні» деп аталады.
Қыдыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ кондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып адам. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Дана халқымыздың «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой.
Қанеки, Қыдыр атадан Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.
(Қыдыр ата бата береді)
Достарыңызбен бөлісу: |