2 сұрақ: Сүттен жасалатын тағамдар. ( айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік,
май ,кілегей, сүзбе)
3 сұрақ: Ұлттық ойындарды ата. (ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)
4 сұрақ: Ет тағамдарын атаңдар. (Жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, мипалау, сырбаз, шұжық, бешбармақ)
5сұрақ: Жеті қазынаны ата.(Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, жүйрік ат.тазы ит,берен мылтық).
6 сұрақ: Ұн тағамдарын ата.( бауырсақ, шелпек, нан, қаттама пәтір, т.б)
7 сұрақ: .Ұлттық саз аспаптарын ата? (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, абдыра, сазсырнай)
8 сұрақ: Наурыз көже қалай жасалады? (соғымнан қалған сүр ет, езілген құрт, бидай, тары, күріш, су,тұз, кеспе)
1-ші жүргізуші: Сұрақтарыды әрі қарай жалғастырайық.
1 сұрақ: Киіз үй бөлшектерін атаңыздар? (шаңырақ, кереге,уық, ағаш, есік, түндік, үзік, туырдық, киіз есік)
2 сұрақ: Ұлттық киімдерді атаңыздар?
(сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ)
3 сұрақ: Ұлттық ойындарды атаңыздар?
(ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)
4 сұрақ: Жалғасын тап! Ата көрген оқ жонар, ( Ана көрген тон пішер).
5 сұрақ: Жалғасын тап! Туған елдей ел болмас, (Туған жердей жер болмас.)
«Наурыз думан» әні хормен орындалады.
1-Жүргізуші: Наурыз мерекесіне тән үлкен ырым ас, ұлттық тағам – наурыз көже екенін барлығымыз да білеміз. Осы Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Халықтық дәстүр бойынша оған: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылуы тиіс.
Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Ауыл ақсақалдары бастаған кісілер үйлерге кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер ыдыс ала жүреді. Әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді.
Жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де, татымды өмір болсын деген н
Халық арсында Наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға тоқ жүреді деген ырым бар екен
Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл – «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» деген. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.
2-Жүргізуші:
Ән қосылсын әніне,
Сән қосылсын сәніне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылмен кетсін!
Алла тағалам Жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен қауышуға жазсын! Осымен біздің мерекелік шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Жүргізушілер бірге
Наурыз құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |