Кощанова Гульмира Нурлановна Пән/Сынып: Математика/1 сынып Қай аптаның нешінші сабағы 34 сабақ



Дата18.03.2023
өлшемі17,17 Kb.
#75359
түріСабақ
Байланысты:
34сабақ Айырмалық салыстыруға арналған есептер


Мұғалімнің аты-жөні:

Кощанова Гульмира Нурлановна

Пән/Сынып:

Математика/1 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

34 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-тарау. Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Сабақтың тақырыбы:

Айырмалық салыстыруға арналған есептер

Оқу мақсаты

Бір санның екіншіден нешеге артық немесе кем екенін анықтауды үйренесің;
Айырмалық салыстыруға арналған есепке сызба құрастыруды және шығаруды меңгересің.




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1,2 беті

7-8 минут

Жаңа сабақ

1.Кесінділер атты сюжетті-проблемалық сұрақ арқылы жаңа сабақты түсіндіруге жол ашу;
- Жасыл кесіндінің ұзындығы қызыл кесіндінің ұзындығынан қаншаға артық екенін анықта.



Жаңа тақырыпты меңгеру

Бір сан екіншісінен нешеге артық немесе кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек






Презентация № 3,4 беті

8 минут

Тәжірибе

Оқулықтың 72 беті
1 «Ойыншықтар»тапсырмасымен жұмыс.
-Сызбада не көрсетілген? Айтып бер.
- Есепті шығар
Әселдің 4 қуыршағы және 6 қонжығы бар. Қуыршақтар саны қонжықтар санынан қаншаға кем?
2 «Шығарып көр» тапсырмасымен жұмыс.
- Сызба бойынша есеп құрастыр және оны шығар.

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Берілген тапсырмаларды орындау барысында бір заттың екінші заттан нешеге артық немесе кем екенін анықтауға назар аударту.



«ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы:
«Қолпаштау» әдісі «Жарайсыңдар!»,
«Өте жақсы!, «Керемет».



Презентация № 5,6,7 беттері

3 минут

Бекіту

Дәптермен жұмыс
69-70 бет



Тақырыпты меңгергенін анықтау.Өз беттерінше шешім қабылдап,дәлелдеуге дағдылану.

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 8,9,10 беттері


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет