Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Қызмет етуші көшбасшыға тән мінез-құлықты жазыңыз



бет35/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Қызмет етуші көшбасшыға тән мінез-құлықты жазыңыз.



10.1-сызбанын ортаңғы құрамдас бөлігі кызмет етуші көшбасшының жеті мінез-құлқын сипаттайды. Бұлар қызмет етуші көшбасшылықтың негізі болып саналады. Аталған мінез-құлық түрлері Лиден мен онын әріптестерінің қызмет етуші көшбасшылық өлшемін жетілдіру және негіздеу женіндегі қарқынды талпыныстарының нәтижесінде пайда болды. Олар жүргізген зерттеудің қорытындылары қызмет етуші көшбасшылықты көпөлшемді процесс ретінде қарастырудың орындылығын дәлелдейді. Жинақтала келе, бұл мінез-құлық түрлері қызмет етуші көшбасшылықтың негізгі бағытын құрайды. Ал жекелей тұрғанда оның әрбірі бұған айрықша үлес қосады.


1.Тұжырымдау. Тұжырымдау дегеніміз қызмет етуші көшбасшының ұйымды, оның мақсатын, күрделілігін және миссиясын егжей-тегжейлі түсінуін білдіреді. Бұл қабілет кызмет етуші көшбасшылардың көпқырлы проблемаларга тереңірек үңілуіне, әлденені6 дұрыс орындалмай бара жатқанын ұғынуына, сондай-ақ проблеманы ұйымның жалпы мақсатына сай етіп креативті түрде шешуіне мүмкіндік береді.
Мәселен, ірі ауруханадағы жедел кызмет көрсету бөлімінің аға мейіргері Кейт Симпсон өз бөлімін басқару үшін тұжырымдауды пайдаланады. Ол аурухананың миссиясын толықтай түсінеді және қызметкерлердің күнделікті қалай тиімді басқару керектігін біледі. Оның қол астындағылар Кейттін адамдарға ненің жақсы екенін сезуде ерекше қабілеті барын айтады. Ол мінезі шәлкес науқастармен жұмыс істеуде парасаттылық танытып, кызметкерлердің күрделі медициналық проблемаларды анықтауына көмектеседі. Ол қарым-қабілеті, білігі және қызмет етуші көшбасшы ретіндегі бағасының арқасында «Жылдың үздік қамқоршысы» атағын иеленді.
2. Эмоциялық оңалту. Эмоциялық оңалту өзгелердің жеке проблемалары мен әл-ауқатына сезімталдық танытуды қамтиды.Ол басқа адамның проблемасын түсініп,оны шешуге өз уақытын жұмсауға әзір болуды айғақтайды. Эмоциялық оңалтатын қабілетке ие қызмет етуші көшбасшылар өзін өзгелер үшін қолжетімді ұстайды,өзгелерді қорғап,оларға қолдау білдіреді.
Эмоциялық оңалту Чикагоның оңтүстік бөлігіндегі хоспистің танымал дін қызметкері Джон әкейдің ісінде кездеседі. Джон әкей хоспис пациенттерімен ерекше қарым-қатынас жасайды: оларға қолдау білдірмейді, кеңес бермейді немесе Інжілден үзінді оқымайды. Есесіне ол жай ғана оларды құлақ салып тыңдайды. «Өлімге қарыс қадам қалғанда өмірдегі ең маңызды амал қарым-қатынас», дейді ол «Мен адамга демеу болуды үйрендім. Меніңше, жай ғана олардың қасында болудың өзі басқа кез келген жағдайдан өзекті.


3.Ізбасарларды алдыңғы орынға қою.Өзгелердің мүддесін алдыңғы орынға қою қызмет етуші көшбасшылықтың бұлжымас шарты, яғни анықтаушы сипаттамасы. Бұл ізбасарлардың мәселесі бірінші орында екенін оларға айқын аңғартатын әрекеттер мен сөзді пайдалануды, оның ішінде ізбасарлардың мүддесі мен жетістігін көшбасшынікінен биік қоюды білдіреді. Мұндайда көшбасшы ізбасарларқа көмектесу үшін өз ісін жайына қалдыруы да мүмкін.
Ірі зерттеу университетіндегі медициналық білім беру саласының танымал профессоры доктор Отэм Клейн қоғамдық денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан бірнеше ірі пәнаралық зерттеуге жауапты. Өзі бұл жұмыста бас зерттеуші болса да, бірнеше автордың бірігіп жазған мақалалары жариялауға ұсынылғанда, ол өзге зерттеушілердің аты-жөнін өзінікінің алдына қояды. Доктор Клейн өзгелердін есімі танылғанын қалайды. Өйткені бұл олардын бір жылдың жұмысына шолу жасағанда пайдалы боларын түсінеді Ол әріптестерінің жетістігін өз мүддесінен жоғары қояды.
4.Ізбасарлардың өсуі мен жетістікке жетуіне көмектесу. Бұл болмыс- бітім ізбасарлардың кәсіби немесе жеке мақсатын анықтап, олардың соған қол жеткізуіне көмектесуді білдіреді. Қызмет етуші көшбасшы ізбасарлардың қызметтегі дамуына, оның ішінде оларға тәлімгерлік етіп, қолдау көрсетуге үлкен мән береді. Негізі, ізбасарлардың өсуі мен табысқа жетуіне қол ұшын созу әлгі адамдардың өзіндегі толыққанды адами потенциалды бағындырып, өзін-өзі танытуына жәрдемдесу деген сөз.Өзгелердін дамуы мен табысқа жетуіне көмек беретін көшбасшының мысалы ретінде орта мектеп оркестрінін мұғалімі Эн Ким мырзаны айтуға болады. Ол шәкірттерімен жүргізген тамаша жұмысы үшін әрқашан ата-аналардың жылы лебізін естиді. Ким мырза жоғары музыкалық стандарттарға ие тәжірибелі скрипкашы. Соған қарамастан, шеберліктің әрбір оқушыға, ең кабілеттісінен бастап ең қабілетсізіне дейін көмектесуде кедергі болуына жол бермейді. Балалар Ким мырзаны жақсы көреді. Себебі ол бұларды тыңдап, ересек адамдарша қарым-қатынас жасайды. Ол кері байланыс орнатарда еш мінеп-шенемейді.Оның шәкірттерінің көбі музыка саласының маманына айналды.Ким мырзаның өз өмірінде қандай маңызды адам екенін көрсету үшін шәкірттері оған жиі келіп тұрады. Эн Ким - оқушылардың өсуіне оларды үйрету және бағыт-бағдар беру арқылы жәрдемдесетін қызмет етуші көшбасшы.
5.Этикаға сай әрекет ету. Этикаға сай әрекет ету дегеніміз дұрыс істі дұрыс орындау. Бұл этикалық стандарттарды берік ұстану. Оған ізбасарлармен ашық, шыншыл әрі әділетті болу жатады. Қызмет етуші көшбасшы жетістікке жету үшін өзінің этикалық қағидаларын катерге тікпейді.
Этикалык мінез-құлықтың мысалы ретінде бас директор Элизабет Англисстін мына әрекетін атап өтсек болады. Бірде оған қызметкерлерінің бірі е6 басты бәсекелес компанияның уысынан абайсызда шығып кеткен құжатты6 көшірмесін әкеліп береді. Онда Англисстін ірі клиенттерің қақпанға түсіру жөнінде әлгі компанияның жоспары бар еді. Ол құжатта құнды ақпарат барын сөзсіз біле тұра, оны оқып шығудың орнына ұсақтап жыртып тастады. Содан соң Англисс бәсекелес компанияның бас директорына қоңырау шалып, құжатты алғанын және оның компаниясында қауіпсіздікке қатысты проблема барын ескерткісі келгенін айтты. «Менің қолыма түскен дүниенің Шындық не жалған екенін білмедім». деп түсіндіреді ол. Бірақ оның маңызы жоң. Рас болған күннің өзінде сол тараптан әлде біреу дұрыс жасамады және менің компаниям мұны өз пайдасына жаратпақ емес».
6. Дербестік беру. Дербестік беру дегеніміз ізбасарларға тәуелсіз болу, Өз беттерінше шешім қабылдау және автономды болуға ерік беруді білдіреді. Бұл - көшбасшының ізбасарларға еркіндік бере отыра билікті солармен бөлісу жолы. Дербестік ізбасарлардың өз беттерінше ойлап, әрекет ете алу қабілетіне деген сенімділігін оятады. Өйткені оларға қиын ситуациялармен өздері дұрыс деп тапқан жол арқылы күресу еркі беріледі. Мәселен,үлкен дәріс залында сабақ беретін колледж профессоры өзіне бекітілген ескі ассистентке жеке жұмыс кестесін жасауға, студенттердің жұмысын тәуелсіз түрде бағалауға және апталық дәрістердің бірін оқу арқылы мұғалімдік тәжірибемен айналысуға жол аша отырып,оларға дербестік берді. Осыдан кейін олардық педагогтік қарым-қабілетіне сенімділігі артып,сыныпта байқап көруге болатын жаңа идеяларды профессорға айта келеді.
6.Қоғамдастық үшін құндылық қалыптастыру. Қызмет етуші көшбасшы қоғамдастыққа саналы әрі мақсатты түрде үлес қосу арқылы құндылық туғызады. Олар жергілікті іс-шараларға қатысып, ізбасарларды қоғамдық жұмыстарға волонтерлік етуге ынталандырады. Қоғамдастыққа құндылық туғызу көшбасшы үшін ұйым мақсат-мұраты мен міндеттерін қоғамның ауқымдырақ мақсатымен байланыстыру амалы.Қоғамдастық үшін құндылық туғызудың мысалын Элджер орта мектебінің директоры Мерседес Урбанездің көшбасшылығынан көруге болады Элджер орташа көлемді қогамдастықтағы үш балама орта мектептің бірі Мерседес Элджерде оқитын балаларға өте жақсы қамқор болып, қамын ойлайды. Элджерде оқитын студенттердің он пайызы балалы, сондықтан мекеме ішінде күндізгі балабақша жұмыс істейді. Студенттердің 15%ы сынақ мерзімінде жүр.Элджер олар үшін көбіне оқуды тастап,қылмыс әлеміне қайта сүңгіп кету алдындағы соңғы аялдама секілді.
Мерседестің басшылығымен Элджер орта мектебі қоғамдастықтың кез келген денгейі арасында құрметтелетін үлгілі балама мектеп болып отыр. Өзге мектепте оқи алмаған студенттер оларды қалыптасқан күйінде қабылдайтын қауіпсіз орынның бар екенін біледі және ересектер олардың өз проблемасын шешуіне көмектесуге тырысады. Құқыққорғаушы органдар сондай студенттердің қоғам ағынына қайта оралып, қылмыстан бойын аулақ салуға көмектесіп жатқан мектептің талпынысын қолдайды. Қоғамдастықтағы өзге орта мектептер өзі ұсына алмайтын қызмет түрлерінің Элджердің еншісін де бар екенін біледі. Мерседес қоғамдастықтағы әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қызмет көрсетеді және бүкіл қоғамдастық бұдан пайда көріп отыр.
Өзге зерттеушілер қызмет етуші көшбасшылыкқа тән мінез-құлық ұғымын Лиден мен әріптестерінің, сондай-ак Пейдж бен Вонгтын (2000). Сенджая мен Сарростын (2002). Деннис пен Бокарнеанын (2005). Барбуто мен Уилердін (2006) жұмыстарындагы секілді, кызмет етуші көшбасшы- лыкка тан басты мінез-құлық модельдерін және олардың ұйымда калай ка лыптасканын түсіну талпыныстарының негізі ретінде пайдаланды. Маселен, Уинстон мен Филде (2015) кызмет етуші көшбасшылыкка мацызды жоне басшылыктын осы түрін ұйымда калыптастыратын 10 кошбасшылык мінез- құлық түрін аныктайтын шкаланы жасап шыгарып, негіздеді.








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет