Көші-қон ахуалын бағалау Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары


Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері



бет4/9
Дата10.01.2023
өлшемі28,95 Kb.
#60779
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері

Өтпелі кезең үшін:


1. Оралмандарды жайластыруға, олардың қоныстанған жеріне бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
Оралмаңдардың жаңадан келген жерінде бітеқайнасып кетуі мыналарды көздейді:
мемлекет кепілдік беретін негізгі құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға қажетті жағдайлар жасау және көмек көрсету;
өлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, жайластыруға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға және қайта инвестициялауға мүмкіндік беретін жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды жұмысқа орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу, өлеуметтік қорғау жүйесіне нақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Оралмандарға көмектесу бағдарламаларын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың бағдарламаларымен неғұрлым тиімді ұштастыру мыналарды көздейді:
тұрғылықты халықтың мүдделерін ескеру. Оралмандарға көмек көрсету, олар жинақы орналасқан аудандарда инфрақұрылымды дамыту кезінде тұрғылықты халық арасында реніш тууына жол бермеген жөн. Бұл реттте, көшіп келушілер мен жергілікті халық арасындағы этникалық, мәдени, тілдік және конфессиялық арақатынасты ескеру маңызды.
атқарушы органдар мен оралмандар үшін көңілге қонымды тұрғылықты жерді таңдау;
бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалана отырып оралмандардың бейімделу және бітеқайнасып кету проблемалары туралы халыққа хабарлап отыру.
2. Мәжбүрлі көші-қон ағынының алдын алу және одан туындайтын теріс салдарларды болдырмау.
Басқа мемлекеттерден кслетін мәжбүрлі көші-қонның алдын алудың аса маңызды бағыты - көші-қон ағынын жан-жақты есепке алу, заңнамалық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен екі жақты қарым-қатынас орнату кезіңде отаңдастарымыздың әлеуметтік- экономикалық жағдайын зерделу болып табылады.
Мемлекеттік басқару оргаңдары азаматтарды қоныстандыру процестерін және олардың құқықтарын қорғауды реттейтін екі жақты және көп жақты келісімдерді тезірек жасасуға және іс жүзіне асыруға жәрдемдесетін болады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде және алыс шет елдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың қоныс аудару жағдайы туралы объективті ақпарат алуына, оралман мәртебесін алуына және Қазақстан Республикасында тұруына жәрдем көрсететін болады.
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында экологиялық жағдайдың мониторингін енгізу қажет. Егер ахуал халықтың өмірлік тіршілігі үшін белгіленген нормаға сай келмеген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдар экологиялық жағдайдың бұзылу себептерін жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын болады, ал мұны жасау мумкін болмаған жағдайда - халықты көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады және іс-әрекеті экологиялық жағдайды бұзуға алып келген барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды осы іс-шараларды қаржыландыруға тартады.
Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда көшіп-қонушылар ағынын шектеу жөніндегі іс-шараларды өзірлеу және өткізу қажет.
3. Мәжбурлі көшіп-конушылардың және босқындардын, өздерінің шыкқан мемлекетіне өз еркімен қайта оралуы көші-қон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оны жүзеге асыру мыналарды көздейді:
әрбір жеке адамға дара көзқарас;
өзінің тұрақты тұратын жеріне кайта оралуға мүдделі адамның ерікті турде білдірген тілегінің болуы;
қайта оралу процесіне мемлекеттің қатысуы;
кемсітушілікке жол бермеу және адам құқықтарын сақтау, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді ескеру;
қайтьш оралатын аймақтағы ахуал туралы бәрін қамтыған және объективті ақпараттың болуы. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мұндай ақпараттарды, соның ішінде тәуелсіз көздерден алуға ықпал жасауы тиіс. Адам құқықтарын сақтау және жеке бастың қауіпсіздігі саласындаға жағдайға байқау жургізетін халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет