Көші-қон ахуалын бағалау Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары



бет2/9
Дата10.01.2023
өлшемі28,95 Kb.
#60779
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Көші-қон ахуалын бағалау

Қазақстанның халық көші-қоны саласындағы ерекшелігі мемлекет дамуының тарихи ерекшеліктерінен туындаған көп ұлтты адамдар қауымдастығының орнығуы болып табылады. Мәселен, 1968 жылға дейін республика үшін халықтың көші-қонының онды сальдосы тән болды, яғни, елімізге келушілердің саны одан кетушілердің санынан едәуір көп болды. Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-1969 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республикадағы халықтың көші-қон өсімі тиісінше 12 және 5 адам болды.


Алайда, 1968 жылдан бастап қазіргі кезге дейін республиканың көші-қон процесінде кері ахуал қалыптасты, яғни елге халықтың келуінен гөрі кетуі неғұрлым жедел қарқында. Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республика халқының көші-қон есебінен кемуі тиісінше 5 және 7 адамды құрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуымен, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының трансформациялық процестерінің басталуымен жөне басқа да көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сияқты Қазақстаңда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкіндігінің кеңеюімен көші-қонның теріс сальдосының өсу үрдісі қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде көші-қонның теріс сальдосы халықтың осы кезендегі табиғи өсімін толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990 жылдарда табиғи өсім, туу санының күрт азайып кетуі және 1980 жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебінен 2 есеге дерлік азайды), сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кетті.
Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы мынадай негізгі процестермен сипатталады:
1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға жіберілген, сталиндік режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған жерлерді игеруге жіберілген орыс тілді бөлігі өкілдерінің және әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет көрсететін контингенттің кетуі басым;
2. Көшіп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай жағдайлардан:
өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниетінен;
әскери жанжалдар салдарынан;
тарихи отанына оралу ниетінен туындап отыр.
3. Ішкі көші-қонда:
аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесінде ауылдық елді мекендерден халықтың көшіп кетуі;
қаланы ұстап тұған кәсіпорындар мен өндеу кешендерінің тоқтап қалуы салдарынан шағын және орташа қалалардан- кетуі;
экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал өңірінен халықтың көшіп кетуі.
4. Қазақстан Республикасының геосаяси орналасу жағдайынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен шекаралардың ашықтығынан, достастық елдерінің біріңғай келісілген саясаты болмауынан және заңдық базаның жетілмеуінен туындаған заңсыз көші-қон.
5. Ішкі еңбек рыногында өзіміздің еңбек ресурстары асып-артылып жатқан кезде шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты еңбек көші-қоны.
6. Бірқатар мемлекеттердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан босқындардың болуы.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның босқындар мәртебесі туралы 1959 жылғы Конвенциясына және оған 1967 жылғы Хаттамаға қосылуы босқын мәртебесін алудан үміттенетін адамдарды қабылдау жөнінде белгілі дәрежеде міндеттеме жүктейді.
Көші-қон проблемаларын шешу Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтану перспективаларымен айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет