Көші-қон ахуалын бағалау Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары



бет6/9
Дата10.01.2023
өлшемі28,95 Kb.
#60779
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат

Еңбек көші-қонын реттеу.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалануға бақылау жасауды, отандық еңбек рыногын қоргауды, бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының аумағына келіп жатқан еңбекші көшіп-қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушілердің шетелдік қызметкерлерді нысаналы пайдалану, еңбек келісім-шарттары талаптарын сақтауын қамти отырып, еңбек көші-қоны проблемаларын шешуде өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыруы қажет. Заңсыз еңбек көші-қонына қарсы күрес жөніңдегі шараларды жүзеге асыру және шетелдік қызметкерлердің жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстаннан уақытылы кетуіне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдіктерді жер аударуды бақылауды ұйымдастыру.


Еліміздің өндіргіш күштерін трансформациялау күтілуде, бұл орайда батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтар басым дамуға ис болады. Орталық аймақта тау-кен өндіру және қайта өндеу салалары бойынша мамандандырылған қалалар мен поселкелер басым даму бағытын сақтайды.
Ауыл халқы жердің табиғи құнарлылығы төмен аймақтардан жерінің қадастрлық бағасы 60-90 балдан төмен емес, құнарлылығы жоғары аймақтарға қоныс аударатын болады.
Ауыл шаруашылығында табиғи-климаттық жағдайы қолайлы аймақтарда жаңа жұмыс орындарының пайда болуы күтілуде және керісінше, жерінің кадастрлық бағасы 50 балдан төмен аймақтардан ауыл шаруашылығы өндірісінің ықшамдалу процесі және жұмыс орнының азаюы салдары ретінде халықтың көшіп кетуі орын алады.
Халықты қоныстандыру саясаты адамдарды өндірісі тиімсіз аймақтардан тірішілік ету және жұмыс істеу үшін қолайлы аймақтарға көшіруге жағдай жасайтын белсенді шараларды көздейді.
Еңбекке қабілетті халықтың ауылдан қалаға қазіргі жүріп жатқан көші-қоны реттеліп, жаңа тепе-тендікпен қалыптастырылады, бұл орайда шамамен халықтың 25%-ы ауылда тұрып қалатын болады.
Жаңа жұмыс орындары халықтың экономикалық белсенді тобының көші-қон толқынын туғызады. Халықтың көші-қоны өндірістік қуаттарды орналастаруға сәйкес және жұмыс орнын ашу ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.
Халықтың еңбекке қабілетті бөлігі жері тиімді пайдаланытын және инфрақұрылымы дамыған аймақтарға қоныс аударатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет