Көші-қон ахуалын бағалау Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары



бет7/9
Дата10.01.2023
өлшемі28,95 Kb.
#60779
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ұзақ мерзімді болашаққа

1. Бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы көші-қон ағынын қайта бағдарлау негізінде халықты орналастыру.


Елімізде әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дұрысталуына қарай, көші-қонның ауылдан қалаға бет алған дәстүрлі бағытымен қатар, халықтың оңтүстік аймақтардан солтүстікке қоныс аударуына ұласатын көші-қонның жаңа бағыты пайда болуы мүмкін.
Егер көші-конның қаладан ауылға бет алуы ауыл экономикасы салаларының жедел дамуына, ішкі рынокта азық-түлік тауарларының жеткілікті болу принципінің сақталуы жағдайында еңбек өнімділігін арттыруға негізделсе, ауылдан калаға бет алған көші-қон қазақстан қоғамының ұзақ мерзімдік мүддесіне сай келеді.
Мемлекет орталық, және жергілікті атқарушы органдар арқылы инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамытудағы жауапкершілікті өз мойнына алады. Жеке меншік сектордың бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындарына жұмыс күшін тарту, қызметкерлерді алу, оларды көшіру және тұрмыс пен еңбектің қолайсыз жағдайларының өтемі ретіндегі жеңілдіктер барлық түрлерін беру көсіпорын есебінен жүзеге асырылатын болады.
2. Халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркенистті ыкпалдасуын қамтамасыз ету, эмигранттар арасынан білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыру.
Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық шарттар енгізген шектеулер шеңберінде өзінің экономикалық мүдделерін, ішкі еңбек рыногын қоса, қорғау мақсатында сыртқы көші-қонды реттеуді жүзеге асыратын болады.
Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде Қазақстан Республикасы өзінің геосаяси және экономикалық мүдделерін басшылыққа ала отырып, жоғары білікті, бағалы еңбекші көшіп-қонушыларды және ішкі еңбек рыногында жеткіліксіз болып отырған кәсіптер мен мамандық иелерін бірінші кезекте қабылдауды жүзеге асыратын болады.
Бұрын шет елге тұрақты тұру үшін немесе еңбек келісім-шартымен кетіп қалған отандастарымыздың, бірінші кезекте ғалым, жоғары білікті мамандардың басқа да санаттарының, кәсіпкерлердің - әлеуетті инвесторлардың Қазақстанға қайтып оралуын ынталандыру маңызды міңдет болып табылады.
3. Қазақстан аумағында көшіп келу процестерін бақылауды қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
көші-қонды бақылау қосындарын және көші-қон инспекциясын қоса, көші-қон органдарының қызметін дамыту және жетілдіру арқылы бірыңғай көші-қон бақылауын енгізу және жүзеге асыру;
баспана іздеген адамдарды қабылдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау;
тезірек бітеқайнасып кету жөніндегі арнаулы бағдарламаны әзірлеу жөне республиканың мүддесі үшін көшіп-қонушылардың интеллектуалдық және еңбек әлеуетін пайдалану үшін жағдай жасау.
4. Шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара карым-катынасты қолдау және дамыту.
Перспективада әртүрлі елдерде, ең, алдымен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында Қазакстанмен этникалық тамырлары байланысты жеткілікті дәрежеде көптеген диаспора тірішілік ететін болады. Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсетілген мемлекеттермен өзара тиімді саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды басым дамыту саясатын жүргізіп, мынадай шаралар кешенін жүзеге асыратын болады:
туыстық карым-қатынастарға жәрдемдесу, шекарадан өту және Қазақстан аумағында болу рәсімдерін онтайландыру;
еңбек қызметін және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, оқуға, азаматтық және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алуға басымдықпен қол жеткізу бөлігінде өзге шетелдіктердің алдында шетелдік отандастарымыз үшін пұрсаттылықты қамтамасыз ету;
шекара маңындағы ынтымақтастықты, соның ішінде бірлескен экономикалық және мәдени жобаларды жүзеге асыруды дамыту.
5. Босқын деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек бітеқайнасып кету жағдайын қамтамасыз ету.
Қазақстанда қалыптасқан нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, нарықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты босқын деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кету тетігін жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет