Заңсыз көші-қонның жолын кесу Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, оның экономикалық муддесін және қазақстандық азаматтардың мүддесін қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.
Қазақстандағы көші-қон бақылауының қазіргі жүйесі заңсыз көші-қонның қалыптасқан жағдайына сай емес. Сондықтан көші-қон процестерін баскаруды ұйымдастыру кезінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындауы, адам құқықтарын іске асыру және мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау, соның ішінде онын қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын негізге алу қажет.
Көшіп келушілердің, бірінші кезекте заңсыз көшіп келушілердің ағанына байланысты Қазақстан үшін жаңа проблемалар мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде күш-жігерін үйлестіруді талап етеді.
Қазақстанға заңсыз келген және оның аумағыңда тұратын көшіп келушілер өздеріңің диаспоралары мен қауымдастығы тарапынан көмек алады, сол арқылы өздерінің мақсатына жету жөніндегі іс-қимылдарға мейлінше ықшам және әзір болып келеді.
Заңсыз көшіп келуді болдырмау және оның жолын кесу үшін осы проблеманы шешуге кешенді көзқарас және атқарушы оргаңдардың мынадай бағыттар бойынша бірлескен іс-қимылы негіз болуға тиіс:
көшіп келуді бақылаудың пәрменді бірыңғай жүйесін жасау процесін жседелдету;
бір жағынан, көшіп-қонушылардың заңнамалық құкықтарын қорғауды көздейтін көші-қон зандарын жетілдіру, екінші Жағынан, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бүзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шаралар қолдану, соның ішінде және оларды жер аударуды да жүзеге асыру;
босқындар деп танылған адамдардың елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне тезірек бітеқайнасып кетуі үшін жағдайлар жасау;
белгілі бір құқықтық мәртебесі жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ушін уақытша орналастырылатын арнаулы орталықтар желісін құру;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің әрқайсысымен шарттық процесті жаңдандыру және Достастық шеңберінде ішкі және сыртқы шекаралардағы, заңсыз көшіп келуге қарсы күрестегі жағдай үшін міндеттемелер мен жауапкершілік нақты белгіленген тиісті келісімдерді жасасу;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларының шегінде жергілікті атқарушы органдардың өздеріне бағынышты аумақтарға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың болу нормалары мен ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру;
шетелдіктердін жене азаматтығы жоқ адамдардың келу, болу және кету мәселелеріне байланысты мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру және олардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту;
мемлекет ауқымында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, олардың саны, орналастырылған жері, олардан этникалық немесе басқа негізде диаспоралар мен қауымдардың құрылуы туралы тұрақты ақпарат алып отыруға мумкіндік беретін бірыңғай есепке алу жүйесін қалыптастыру (көші-қон ақпарат орталығы).