Көші-қон ахуалын бағалау Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары


Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары



бет3/9
Дата10.01.2023
өлшемі28,95 Kb.
#60779
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат

Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары
Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:
көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;
көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;
жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;
Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;
жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.


Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары

Көші-қон ахуалының қазіргі кездегі жағдайына және даму перспективасына талдау жасау: біріншіден, көші-қон проблемаларын шешудегі басымдықтарды; екіншіден, өтпелі кезенде оларды шешудің негізгі бағыттарын, тетіктерін және көші-қон процестерін реттеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және оны ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен елдің тұрақты дамуы кезеңіне іске асыруды айқындауға мүмкіндік береді.


Көші-қон саясатының неғұрлым елеулі басымдықтары ретінде:
өтпелі кезеңнің мәселелерін шешу үшін:
оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жеріне олардың бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
мәжбүрлі көші-қон, соның ішінде заңсыз көші-қон ағыны мен одан туындайтын теріс салдарлардың алдын алу және жолын кесу;
босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек бітеқайнасып кегуі және олардың өздері шыққан мемлекетке ерікті түрде қайтып оралуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құру және дамыту;
эмиграция процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішіңде республиканың интеллектуалдық әлеуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу;
ішкі және сыртқы еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету;
ұзақ мерзімдік перспективада:
әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды жасау және соның негізінде көші-қон ағанын қайта бағдарлау;
Қазақстанның геосаяси жағынан маңызды аймақтарында халық санының сақталуына және одан әрі қалыптасуына жағдайлар жасау;
халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркениетті ықпалдасуын қамтамасыз ету, қазақстандық эмигранттар арасынан білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыру;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бакылау ісінің бірыңғай жүйесін енгізу және жүзеге асыру жолымен көшіп келу процестерінің бақылануын қамтамасыз ету;
шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет