Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет25/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Әдеби KZ 

 

—  Ертең  сарбаздарымыз  бас  қосамыз  деп  уәделескен  Алашаханның 



моласына жүреміз, барасың ба? — деді. 

 

—  Барамын,  —  деп  жауап  берді  қанды  оқиғалардың  таяп  келе  жатқанын 



онсыз да сезіп жүрген Жүсіп ойланбастан. 

 

Ертеңіне  өзін  қорғайтын  Батырмұрат  басқарған  жасағымен  Кенесары 



Алашахан  зираты  тұрған  Қара  Кеңгірге  бет  алды.  Өзге  батырларына  да  тез 

жетсін  деп  хабар  берді.  Бұл  көкек  айының  аяқ  кезі  еді.  Жер  жаңа  кеуіп,  көгал 

шөп  жылдағысынан ерте ду ете қалған. Арқадағы әлі бекініс салынып, мылтық 

дауысы  аң-құсын  үркітпеген  Арғынаты,  Ұлытау,  Кішітау,  Айыртаулар  алыстан 

мұнарлана  көрініп,  қиялыңды  тербеткендей.  Оның  үстіне  кең  дала  биыл  өте-

мөте  көркем  еді.  Жел  соқса  құлпыра  түскен  шалғын.  Иісі  жұпардай  аңқиды. 

Бетіңнен  сүйген  көктем  желі.  Ойында  да,  қырында  да,  көлінде  де,  шөлінде  де 

сыңсыған  құс...  Табиғаттың  осыншама  сұлу  суретін  көріп  мас  болғандайсың. 

Қиялың көктем желіндей сар далаңды шарлай кезеді. 

 

Кенесары  осы  ғаламат  жерден  расымен  айрылам  ба  дегендей  жан-жағына 



қайғыра  қарап  келе  жатты.  Екі  баласы  мен  Күнімжаннан  айырылғаннан  бері 

тіпті өзгеріп кеткен. Бөлтіріктерінен айрылған бөрідей әбден қанкөзденіп алған. 

Жұртпен  де  тіс  жарып  сөйлеспейді.  Бар  зәрін  ішіне  сақтап  бетінен  қан-сөлі 

қашып, ақ сары жүзі сұрлана түскен. Қимылы, жан-жағына қадала көз тастаған 

келбеті, қайғыдан гөрі Кенесарының жүрегін ашу-ыза, кек билегендей. 

 

Кенесарының  жанындай  жақсы  көретін  әйелі  мен  балаларынан 



айрылғанынан да басқа жүрегін өртеген күйігі бар. Жүсіп оны да біледі. Ол күйік 

—  сұлтанның  Арқа  мен  Кіші  жүздің  ел  билеген  кейбір  би,  ақсақалдарын  өзіне   

ерте алмағанынан туған күйік. 

 

Орынбор 



әскери 

губернаторының 

қарамағындағы 

орыс 


станица, 

бекіністеріне  тимегенмен  Кенесары  ереуіліне  қосылмаған  ауылдарды  шауып, 



318 

Әдеби KZ 

малдарын айдап алуды тоқтатпаған. Ондағы ойы ақылға көніп соңынан ермеген 

жұртты  талаумен,  сойылмен  қорқытып  ергізу  болатын.  «Өз  еркімен  теңдігін, 

жерін  бермеген  қазақ  ауылдарын  орыс  генералдары  солдат  шығарып,  қырып-

жойып,  қорқытып  тартып  алғанда,  біз  неге  сөйтпейміз»,  —  деп  ойлайтын  ол. 

Кенесары  осы  қорқытуды  өзінің  ел  билеудегі  бір  ыңғайлы  құралына 

айналдырған.  «Қорқа-қорқа  батыр  болдық»  дегендей,  сойылы  тым  батқан 

жұрттың түбі өзіне жауға айналатынын ол ескермейтін. Ескергісі де келмейтін . 

 

Кенесарыға  ермей  жүрген  ел  билеген  адамдардың  бірі  Орта  жүздің  биі 



Жаңбыршының Балғожасы еді. Ол өзіне жақын жерде салынып жатқан Торғай 

бекінісіндегі солдаттарға арқа сүйеп, сұлтанның бірігейік деген сөзіне тіпті құлақ 

ілмей қойған. Осыған ызаланған Кенесары өткен жылы биді әдейі қорлағандай 

аулына  қарындасы  Бопай  батырмен  үш  жүз  сыпай  жіберіп,  Балғожаның  бар 

малын  айдатып  алған.  Малын  қайтарып  берсем  Балғожа  енді  соңыма  ерер 

деген Кенесары биыл оған кісі салған. Хатшысы Сидақ қожаны шақыртып алып, 

бір жағы бұйрық, бір жағы өтініші етіп оған өлеңмен хат жаздырған. 

 

Кенесары  хатында  Балғожаны  мақтай,  түбі  жеріңді,  еліңді  орыс  патшасы 



алады деп қорқыта келіп: 

 

 



...Арғын, Қыпшақ ағасы! 

Жыртылмасын, жарқыным, 

Еліміздің жағасы. 

Қанғандай-ақ болды ғой 

Бұл қазақтың таласы, 

Ойда Қоқан, қырда орыс, 

әкім болды қаласы. 

Кімнен таяқ жегендей 



319 

Әдеби KZ 

Біздің қазақ баласы. 

Быт-шыт болып жүргені — 

Аузының аласы. 

Тізгін берсе Кенеге, 

Қанат қосса жебеге, 

Қырмақ түгіл жауыңды 

Дал қылмасқа немене! — 

 

деп өзіне қосылуға шақырған. 



 

Бірақ күш Кенесарыда емес, мол әскерлі ақ патшада екенін білетін Балғожа 

Кенесарыға  қосылғысы  келмейді.  Аулын  еркек  емес,  қатын  Бопай  шапқанына 

ызаланған  би,  тоналған  малын  садақа  қылып,  Кенесарыға  улы  тілді  өлеңмен 

ашулы жауап қайтарған. Ол жауабының бір жерінде: 

 

 



Қапияда кенеттен, 

Орға түсер боларсың, 

Қайтып шықпақ зор болар. 

Сенің, сұлтан, дұшпаның 

Жалғыз орыс емес-ті,   

Қайда барсаң алдыңда 

Құрулы тұрған тор болар. 

Райыңнан қайтпасаң, 

Түбінде әділ басың қор болар. 

Былай барсаң Қоқан бар, 

Қоқаңдаған әкең бар. 

Былай барсаң Үйсін бар, 



320 

Әдеби KZ 

Үйсін толған байсын бар, 

Жүрекке түскен түйсін бар. 

Былай барсаң Бұқар бар, 

Жайын болып жұтарлар, 

Тау жайлаған қырғыз бар! 

Жүрекке түскен бір мұз бар, 

Артыңда қалған орыс бар, 

Байғұс-ау, мұнда саған қайда қоныс бар!.. 

 

— деп Кенесарыға сен түбінде қор болып өлесің деп қорқытқан. 



 

Қатеңді  досыңнан  қасың  көреген.  Бұл  хат  Кенесарының  ең  жаралы  жеріне 

тиген. Сұлтан бар сұмдық салмағын салғалы тұрған жан-жағын қоршаған жауы 

барын Балғожа бисіз де білетін. Кенесары бұған ашуланған жоқ. Жауының  көп 

екеніне  көне  тұра,  бәріне  жалғыз  өзі  қарсы  шыққан  жоқ  па?  «Не  ойлаған 

арманға жету, немесе сол жолда құрбан болу!» — Сұлтанда бөтен шешім жоқ. 

Оны  ашуландырған,  ызаландырған  —  ел  ағасы  деген  Балғожа  би  сияқты 

адамдардың  Кенесарының  осындай  қиын  жағдайында,  қол  ұшын  бермегені, 

Кене ханға бас иіп, Абылайдың ақ туын көтерісудің орнына, іргесін мүлде аулақ 

салып, Россия патшалығына бет бұрып кетуі. 

 

«Жарайды, менің жанымды түбі орыс, Қоқан, қырғыз біреуі алады екен ғой. 



Балғожа  би,  сен  соны  дәтке  қуат  етіп  қуанады  екенсің,  оған  дейін  мен  сенің 

жаныңды алайын!» деп Кенесары сол күні түнде бидің аулын қайта шауып, өзін 

ат  құйрығына  байлап  өлтіруге  бес  жүз  сарбазымен  Жанайдар  батырды 

аттандырды. 

 

Бірақ Жанайдар батыр сұлтанның арманын орындай алмады. Жорыққа кетіп 



бара  жатып,  жолай  қыз  күнінен  көңілдес  Бопай  аулына  бір  түн  түнеп,  дер 

321 

Әдеби KZ 

кезінде  бидің  аулына  жете  алмады.  Кенесары  ордасымен  жасырын  хабардар 

болып  отырған  Балғожа  аулына  Жанайдар  батырдың  шыққанын  естіп, 

қарамағындағы  бес  жүз  үйді  ертіп  көтеріле  көшіп,  Ор  қаласының  ар  жағына 

қашты. Бидің жұртын сипап қалған Жанайдар батыр өзіне қарсы шыққан Ахмет 

сұлтан-правительдің солдаттарымен атысып, одан соң Сырға қарай көшіп келе 

жатқан Күкір бидің аулын шауып, көп малын олжа етіп қайтты. 

 

Балғожадан айрылып қалуының шын себебін білмейтін Кенесары Жанайдар 



батырдың бұл олжасына да риза болды. Бірақ жазған хат Кенесарының есінен 

шықпай-ақ қойды. 

 

Сұлтанның  соңғы  кезде  тым  тұнжырап  кетуіне  себеп  болған  осы  хат  екенін  



Жүсіп-Гербурт те жақсы білетін. 

 

Бұлар  Алашахан  моласы  тұрған  Кеңгір  өзенінің  жазық  беткейіне  жеткенде 



басқа  жақтың  батырлары  әлі  келмеген  екен.  Кенесары  шатырларын  тігіп, 

сарбаздарды  осы  жерде  күтпек  болды.  Арада  үш-төрт  күн  өтті.  Азық-түлігін 

түйеге  теңдеп,  әскерлерін  соңдарынан  шұбатып  батырлар  да  келе  бастады. 

Торғайдан  Иман  батыр,  Елек  пен  Ырғыздың  ортасын  жайлаған  Табыннан 

Жоламан  батыр,  өзінің  үзеңгілес  серіктері  Ағыбай,  Бұқарбай,  Жеке  батыр, 

Құдайменді  батырлар  алдымен  жетті.  Көп  кешікпей  Жанайдар  мен  Бопай  да 

келді. Бірақ Кенесары әлі ешкіммен тіс жарып сөйлескен емес. Жайшылықтағы 

ақылгөйлері,  соғыс  ісінде  кеңес  беретін  қанды  көйлек  серіктері  Таймас  пен 

әбілғазы  да  тіл  қатпай  қойды.  Екі  көзі  қанталап,  жұқа  ернін  тістеніп,  жалғыз 

сергелдеңге  түсуіне  қарағанда  ол  енді  бір  батыл  шешімге  келген  жан  секілді. 

Сол шешімін орындауға тек ыңғайын күтіп іштен тынғандай. 

 

Кенесары жасақтарының  бас  қосар  жері  Алашахан  бейітінің  жаны.  Бұл  ара, 



үш жүздің қазақтарына тең орталық. Есіл, Нұра бойын жайлаған Орта жүзге де, 

Елек,  Жайық  жағасындағы  Кіші  жүзге  де,  Балқаш  пен  Сыр,  Жетісуды  мекен 



322 

Әдеби KZ 

еткен  Ұлы  жүзге  де  жер  кіндігі.  Оның  үстіне  Алашаханды  қазақ  өзінің  ең 

алғашқы  ханы  деп  білетін.  Сол  себептен  Кенесары  Абылай  атасының  сүйегі 

жатқан  Түркістан  көп  руға  қашық  болғандықтан,  еліміздің  хандық  туын  тіккен 

ортасы еді ғой деп ырым көріп әдейі осы араны қалап алған. 

 

Алашаханның  моласы  қазақ  елінің  ең  алғашқы  хандық  туын  тіккен  он 



төртінші ғасырдың аса бір көрнекті ескерткіші. Жасыл төккен жазық далада көк 

отаудай  алыстан  көзге  түседі.  Бұл  —  тана  көзденген  өрнекті  құмайт  кірпіштен 

қаланған,  биіктігі  мен  көлденеңі  бірдей,  зәулім  төртпақ  мола.  Үстінде  көгілдір 

сырмен  бояған  үлкен  күмбезі  бар.  Күмбездің  төрт  жағында,  моланың  төрт 

бұрышына  тұрғызылған  ақ  кірпіштен  қаланған  әшекейлі  төрт  шағын  мұнара... 

Күмбездің астына тас баспалдақпен көтеріліп баратын кең далыз. Ал моланың 

өзінің  іші  кең  бөлме.  Ортасында  Алашаханның  қабірі.  Томпиған  қабір 

топырағының үстіне ескі шүберектердің қиқымдары мен жылқының қуарған қу 

бастарын,  аттың  жал  құйрығын  үйіп  тастаған.  Әр  жерінде  ағаш  найзаның  ұшы 

көрінеді. Топырақ үстінде де бірнеше атам-заманғы қарағай найзалар жатыр. 

 

Алашаханның  жанында  тағы  екі  мола  бар.  Бірі  биіктігі  он  құлаштай,  шым 



кірпіштен  құйған  әмбұлақ  ханның  моласы,  одан  әріректе  Алашаханның 

моласына  ұқсаған,  тек  кішірек  Жошы  мазары.  Бұл  үшеуі  де  қазақтың  ең 

алғашқы  хандық  құрған  дәуірінің  мұралары.  Үшеуі  жайында  да  сан  түрлі 

аңыздар бар... 

 

Кенесары қазір осы бейіттердің күнгей жағымен келе жатыр. Соңынан ерген 



ит тәрізді анандай жерден Қараүлектің салбыр бейнесі көрінеді. Сұлтан ашулы. 

Қайда  бара  жатқанын  өзі  де  аңғармайтындай,  қабағын  қарс  жауып  сылбыр 

аяңдайды.  Кенесарының  қазіргі  ашуының  себебі  бар.  Осыдан  он  күн  бұрын 

«Кенесары  көкиығы»  деп  аталатын  биіктің  Қостанай  жағындағы  көл 

жағасындағы  жайлауға  көшкен  Балғожа  бидің  аулына  бір  топ  орыс 


323 

Әдеби KZ 

балықшылары    шықты  дегенді  естіген.  Орынбор  губернаторын  Балғожа  биге 

өшіктіру үшін жансыз барып балықшы орыстарды қырып келіңдер», — деп бір 

топ жігітпен Байтабынды жіберген. Бүгін сол Байтабын қайтып келген. 

 

—  Жарлықты  орындадың  ба?  —  деген  Кенесарының  сұрағына,  Байтабын 



сазара тұрып «жоқ» деп жауап қайырған. 

 

— Неге? — деп Кенесары қайта сұраған. 



 

—  Хан  ием,  —  деген  Байтабын  тізе  бүгіп,  —  Балғожа  биге  жала  жабу  үшін 

жазықсыз балықшыларды бостан-бос қыруға дәтім бармады, кешіріңіз. 

 

Соңғы жылдары Байтабынның өзгере бастағанын Кенесары аңғарып қалған. 



Батырдың  өзі  де  мұнысын  жасырмаған.  Дегеніне  көнбеген  бір  ауылды 

шапқаннан кейін сұлтанның өзіне де орынсыз қан төгудің керексіздігін айтқан. 

Кенесары іштей кектенсе де «өз еліне жаны ашығаны-ау» деген де қойған. «Ал 

бұл жолғысы не? Кімге жаны ашығаны?» Бағана көп жылдан бері еңбегі сіңген 

батырына  «бұйрығымды  орындамағаныңды  бір  жолға  кешірдім»,  —  деп  сыр 

бермесе де, қазір оңашада ашуға шыдай алмай келе жатыр. «Жоқ, жоқ, — деді 

ол  бір  кезде,  —  тағы  да  бір  сынап  көрем.  Егер  Кіші  жүзім  деп  жауымды 

наркескендей  алып  түспесең  өз  обалың  өзіңе».  Осындай  шешімге  тоқтаған 

Кенесары сәл басылайын деді. Ол енді жан-жағына ойлана қарады. «Бағана осы 

жаққа Жүсіп кетіп бара жатыр еді ғой? Қайда екен?» Сұлтан енді кілт бұрылып 

теріскей жаққа қарай аяңдады. 

 

Ал  Гербурт-Жүсіп  қолы  бос  уақытта  осы  Алашаханның  моласының  жанына 



келіп отыруды жақсы көретін. Оған осы айбарлы мола бір ғажайып асыл мүлік 

болып  көрінетін.  Моланың  оқ-дәрі  бұза  алмайтын  кірпіштерінің  қандай  құм-

топырақтан  құйылғанын,  бес  жүз  жылдан  бері  алғашқы  күндегісіндей  түсін  әлі 

жоғалтпай тұрған күмбез сырының неден жасалғанын түсіне алмай таң қалатын. 



324 

Әдеби KZ 

Көшпелі  елдің  жүздеген  жылдар  бойы  сар  даланың  желі  мен  жаңбырына 

шыдап келген осындай әсем ескерткіштер жасағанына мәз болатын. 

 

Жүсіп бүгін де осы мазарға келген. Бір төбешіктің басына отырып алып, өлең 



жазуға кірісті. Тағдыр жазып, сонау қадірлі Польшасына қайтар болса Алашахан 

моласы да есте қалсын... 

 

 

Көз жетпейтін жасыл дала



Көргені азап, қиянат... 

Ортасында ақ шағала, 

Тұр күмбезді бір зират... 

 

 



Өлең шумақтары асау өзеннің көк толқынындай бірінен соң бірі туып, бірін 

бірі  баса-көктей,  жер  кемеріне  сыймаған  дариядай  Жүсіптің  де  тар  кеудесіне 

сыяр емес. Біресе қиял оны ұшқыр қанатына отырғызып ап ақша бұлттар жүзген 

көгілдір  аспаннан  да  жоғары  ала  жөнеледі.  Біресе  тынық  су  бетінде  ақырын 

тербелген қайықтай жан сезімі сәл тыныштала қалады да, кенет дауыл ұрғандай 

астан-кестен  боп  жүрегін  ашу  кернейді.  Жүсіп  бар  әлемді  ұмытқан:  өзінің 

қайғылы  халін  де,  Кенесары  ереуілін  де,  қымбатты  Польшасын  да  тек  өлең 

дүниесіне,  шабыт  дүниесіне  кіріп  кеткен.  Осындай  халде  отырғанында  кенет 

біреу  иығына  қолын  салды.  Жалт  қараса  Кенесары  екен.  Анандай  жерде 

Қараүлек тұр. Жүсіп шошынайын деді. «Не жазып қалдым?» Енді өлең дүниесі 

де, қиял, шабыт, әсем сәнді сезім әлемі де бірден ғайып болды. 

 

— Қорықпай-ақ қой, — деді оның ойын түсіне қалған Кенесары, — сенің еш 



күнәң жоқ, — сөйтті де Қараүлекке «кет» дегендей қолымен ишарат етті. Анау 

бөтен жаққа көңілі ауған жайылып жүрген атан түйедей аспай-саспай бұрылып, 



325 

Әдеби KZ 

шатырға  қарай  балпаң-балпаң  басып  жүре  берді.  —  Сені  көрген  соң  әдейі 

бұрылдым. Сөйлесейін деп едім... Шыныңды айтшы, туған еліңді сағындың ба? 

 

Жүсіп шынын айтты. 



 

— Сағындым. Әттең алыс, қашып кетер едім... 

 

—  Қашып  кетер  едім?  Бұрын  бұндай  сөз  айтпайтын  едің  ғой,  әлде  біздің 



көтерілісіміз  сені  қызықтырмайын  деді  ме?  Өзімнің  туған  жерімде  қалған 

арманымды сендерден таптым деп едің ғой. Сол сөзің әлі есімде. 

 

— Ол сөзді мен қазақ елі өзінің еркіндігі үшін күресіп жүрген кезде айтқам. 



Польша  бұқарасы  Россия  патшасының  отаршылық  ісіне  қандай  қарсы  болса, 

мен  келіп  қосылған  шақта  қазақ  халқы  да  сондай  қарсы  еді.  Сендердің 

күрестерің  маған  ұнаған.  Польшада  қалған  арманымды,  осында  тапқандай 

болғам. Ал қазір... 

 

— Иә, қазір?.. Әлде сен бізді түскен жолымыздан адасты деп ойлайсың ба? 



 

Жүсіп  не  болса  да  шынын  айтуды  мақұл  көрді.  «Мүмкін  менің  сөзім  ой 

салар», — деді ол ішінен. 

 

—  Иә,  Кенеке,  —  деді  Жүсіп  тікелей  қарап,  —  сен  өзіңді  хан  етіп  ақ  кигізге 



көтерткізгеннен  бері,  ұстаған  жолың  да,  алдағы  мақсатың  да  басқаша...  Сенің 

күресің  енді  байлардың  үстемдігін  қорғайтын  хандықты  сақтау  күресіне 

айналып барады. Бұдан қалың бұқараға келер қандай пайда бар? Кедей жұртқа 

өз  ханына  бағынды  не,  орыс  патшасына  бағынды  не,  бәрібір  емес  пе?  Бұрын 

өзінің күн көрісі болған шұрайлы жерін, балықты көлін орыстың князь, генерал, 

графтарынан қорғап, қолына сойыл алған ереуіл бір басқа да, Абылай заманын 

көксеп,  қазақты  орыстан  бөліп  алып,  қанын  жеке  сорамыз  деген  сұлтан,  би, 

ақсақал,  хан  үшін  күресу  бір  басқа.  Бұл  күрес  тіпті  зиянды,  ол  орыс  пен  қазақ 

халқының жақындасуына бөгет болады! Ал екі бейнетқор халықтың бірігуінде, 

жақындасуында олардың бар болашағы, бар алдағы жарық күні тұр. 



326 

Әдеби KZ 

 

Жайшылықта  сөзге  сараң,  ұстамды  Кенесары  кенет  бұлқан-талқан  боп 



ашулана қалды. 

 

—  Қаны  басқаның  —  жаны  басқа  деген  осы.  Абылай  атамның  жолын  қуып 



арпалысқа шыққанымда орыс пен қазақты біріктіру үшін шықты дейсің бе? Жоқ, 

Жүсіп, Россия — дария, біз кішкентай ғана мөлдір бұлақпыз. Мөлдір бұлақ суы 

дарияға  құйғанда  несі  қалады?  Дария  суы  ащы  болса,  бұлақ  суы  да  ащы 

болады,  дария  суы  тұщы  болса,  бұлақ  суы  да  тұщы  болады.  Бұлақтың  бар 

болашағы тек дарияның ғана еркінде қалады. Менің күткенім сондай өмір ме? 

Жоқ, бұлақ дария болмай-ақ өз бетімен аға берсін дедім. Біз Россия патшасына 

бағынсақ ел деген аттан айырыламыз. Жоқ, қазақ бұрын Абылайханға бағынса, 

енді оның немересі Кене ханға бағынады. Өзім билеймін... 

 

—  Қалай  билейсің?  Жерінен,  суынан  айырылған  жұрт  ертең  қайтара 



алмайтынына көзі анық жеткен күні, сенің соңыңнан еруді қояды, Кенесарының 

хандығын сақтаймын деп бостан-бос қырыла бере ме? 

 

Кенесары кенет шабатын барыстай жиырыла қалды, шегір көздері қанталап, 



оң қолы беліндегі наркескеннің сабын кенет қыса ұстады. 

 

—  Сенің  дос  екеніңді  білмесем...  —  деді  ол  ентіге  сөйлеп,  сөйтті  де  қолын 



наркескеннің  сабынан  қайта  алды,  —  еліңді  қалай  билейсің  дейсің  бе?  Россия 

патшасы  бізді  қалай  билемек  болды?  Зеңбіректің  оғыменен,  жалаңаш 

қылыштың  жүзімен  емес  пе?  Мен  де  сөйтем.  Дегеніме  көнбеген  елді  аттың 

сауырына,  қамшының  бауырына  аламын. Кімде-кім  айтқаныма  көнбейді  екен, 

Кенесарының жасыл туының астында жүргісі келмейді екен — ол менің жауым. 

Россия губернаторы қандай қасым болса, о да менің сондай қасым. Не оларды 

өз дегеніме жүргізем, не біржолата қырып, жоқ етем. Екі шешім болуы мүмкін 

емес.  Жауын  өзі  аяған  өзі  мерт  болады.  Бұрын  жұртты  жер-суыңды  алып 

беремін  деп  ертсем,  енді  хандығыңды  қорғаймын  деп  ертемін.  Күшпенен 


327 

Әдеби KZ 

қорқытып ертемін! Дәл осы айтқанымды ертең Жаппас руынан бастаймын. Бір 

үйін  бос  тастамай  түндігін  қылышпен  турап,  тайлы-таяғына  дейін  қалдырмай 

айдап алам! 

 

Қыс  Сырды  мекендеп,  жаз  Торғай  бойын  жайлап  көшіп  жүретін  Жаппас 



руының  билері  Көбектің  Алтыбайы  мен  Төлегеннің  Жаңғабылы  көптен  бері 

Кенесарыға  екі  жүзділік  көрсетіп  келген.  Қолдан  келер  қуат  жоқ,  іш  қазандай 

қайнайды,  сондықтан  амалсыз  жүрген.  Доспыз  деп  ауыздары  айтқанмен,  іс 

жүзінде  қастықтарын  көрсете  берген.  Ел  басын  біріктірем  деген  Кенесары  бұл 

билердің өз руларында ықпалды екенін еске алып жеңіл-желпі күнәләрін кеше 

салатын.  Ал  бұл  билер  ауылдары  Сыр  бойын  жайлап,  Торғайды  қыстайтын. 

Жылқысын  Мұғажар  тауының  ығына  тебінге  айдап,  қойларын  Орынбор 

шекарасында  казак-орыс  жерінде  ұстайтын.  Кенесары  Торғайға  көшіп  келгелі, 

жайылымымыз  тарылды  деп  екеуі  бірдей  наразы  болатын.  Кейде  зекет  те 

төлемей  қоятын.  Осыдан  барып  Кенесары  мен  билер  арасында  қырбайлық 

күшейе түскен еді. Оның үстіне биыл Торғайды қыстап қалған Алтыбай аулының 

он  шақты жігіті жер  білмейтін  Сотников  жасағына жол  көрсетіп,  Күнімжан  мен 

Ақсақал  төбедегі  Кенесары  ауылдарын  шабуға  қатынасқан.  Бұны  естіген 

Кенесары билерге өшігуде. Сұлтанның қазіргі кіжінуі сол өштіктің салдары. 

 

— Жаппас ауылдарының қандай жазығы бар? — деді Жүсіп Кенесарыны тым 



ашуландырып алмайын дегендей, қаймыға  сөйлеп, — жазығы жазғы жайлауын 

Арқадан көшіп келген елдердің жайлағаны ма? 

 

—  Ал  Арқа  елдерінің  қандай  жазығы  бар?  Жерін  орыс  губернаторлары 



тартып  алғаны  ма?  Күнімжан  ханша  мен  Ақсақал  төбедегі  аулымды  шапқан 

Сотников  жасауылдың  әскерін  кім  басқарып  келді?  Жаппас  жігіттері  екенін 

білмейсің бе? 


328 

Әдеби KZ 

 

—  Басқарып  келген  бір  он  шақты  жігіт  шығар.  Ал  қатын-қалаш,  басқа 



жұрттың қандай күнәсі бар? 

 

—  Өзгесі  күнәсіз  болса  күнәкарларын  өздері  неге  жазаламайды?  Бәрі 



Алтыбай бидің адамдары. Серкесі қайда бастаса, жұрты соңынан ереді. 

 

— Онда Алтыбайдың көзін жой. Өзге жұртқа тиюдің қандай қажеті бар. 



 

—  Алтыбайдың  да  Алтыбай  болып  отырғаны  соңынан  ерер  елі  болған  соң 

емес пе? Егер соңынан ерер жұрты жоқ болсыншы, көрейін мен оны! 

 

—  Сондықтан  жазықсыз  елді  құрту  керек  пе?  Одан  да  Алтыбайдың  өзінен  



алу керек өшті. 

 

—  Жоқ,  елі  де  жазықты.  Жазықсыз  болмаса,  Алтыбайдың  соңынан  неге 



ереді? 

 

—  Мүмкін  қорыққанынан  еретін  шығар?  Айтқаныма  көнгісі  келмейтін  елді 



дегеніме қорқытып жүргізем деп сіз де айтып тұрған жоқсыз ба? Қайдан білесіз, 

Жаппас  руының  қарашысы  сізге  ергісі  келетін  шығар,  тек  Алтыбайдан 

қорыққасын, амалсыз оның дегенінен шықпай отырған болар. 

 

— Алтыбайдан қорқып Жаппас Кенесарыға қосылмай отыр дейсің бе? Сенің 



айтқаныңды  дұрыс  делік...  Шынында  да  қазақ  қорыққанын  сыйлайды.  Бүгін 

Жаппас руын шапсам, ертең Шекті өзі келіп қосылады. 

 

—  Онда  Жаңбыршы  ұлы  Балғожа  би  неге  келіп  қосылмады?  Сіз  ол  ауылды 



бір емес, екі рет шаптыңыз ғой. 

 

— Балғожа би қорқау қасқыр секілді қорқақ. Ол орыстан қорқып отыр, содан 



маған қосылғысы келмейді. Жалпы алғанда қара қазақ — қорқақ жұрт, Балғожа 

би де қарадан шыққан. 

 

 — Кене хан, бұныңыз қате секілді. Мен көрген қазақ батыр халық. Қорқытып 



соңымнан ертемін деп жүргеніңізде оларды өзіңізден қашырып алмаңыз. 

329 

Әдеби KZ 

 

Кенесары кенет тұнжырап кетті. Шықшыттағы күре тамыры бүлкілдей ойнап, 



демін әзер-әзер алды. 

 

 — Сен Таймастан да, әбілғазыдан да ақылды екенсің, — деді Кенесары сәл 



булыға  сөйлеп,  —  бірақ  енді  халықты  қорқытып  қосудан  басқа  қандай    жол 

қалды? Биыл жиналатын он мың әскермен Россия патшасы түгіл, Қоқан ханын 

жеңе  алмайсың.  Қоқанның  өзіндегі  таңдаулы  галабатыр  әскерін  былай 

қойғанда  бір  ғана  Эрмазар  қорғанында  он  екі  мың  жауынгері  бар...  Оған 

Наманған,  Андижан,  Ош,  Тақты  Сүлеймен,  Шархия,  Ангара,  Құрама,  Ходжент, 

Ұратөбе,  Ташкент  әскерлерін  қосып  көр.  Біздің  Сыр  бойындағы  жұртпенен  бас 

қосқандағы  күшіміз  жетері  бар  болғаны  Ташкент.  Бұның  өзіне  де  рұқсат  беріп 

отыр  ма,  өзіңе  белгілі.  Орынбор  бастықтары  мені  Аллақұл  ханнан  он  бес 

мылтық, бір арғымақ алды деп кінәлап еді. Ол өліп еді оның баласы Рахманқұл 

ханнан ер-тоқымы алтындатқан үш арғымақ, үш қылыш, он екі мылтық, екі бас 

қорғасын  сыйлық  келді.  Маған  жіберілген  тарту-таралғыға  қарап  Орынбор 

бастықтары  мені  Хиуа  ханын  жақтамақ  болып  жүр  дейтін  көрінеді.  Хиуа 

мылтықтары жақсы, үш жүз қадам жердегі құсты құтқармайды. Ал «Көктолғай» 

секілді  ақалтеке  арғымақтары  тек  жауға  мінуге  жаратылған.  Бірақ  жұрт 

Кенесарының кім екенін білмейді. Мен Хиуа ханының жұмсауына жүруден көрі, 

Хиуа  ханының  өзімнің  жұмсауымда  жүргенін  жақсы  көретін  адаммын.  Хиуаға  

ұзын  ырға  сенім  білдірген  болсам,  оның  маған  сеніп  Бұқар  ханымен  өштесе 

түссін дегенім. Қазаққа Бұқардың да, Хиуаның да, Қоқанның да күшейгені керек 

емес. Үш қасқыр бірін бірі таласын, мүмкін үшеуі бірдей әлсіреген кезде бізге де 

пайда  түсер?  Енді  өзің  ойлашы,  он  бес  мың  салт  атты  сарбазбен  Россия 

патшасын  да,  Қоқан  ханын  да  жеңе  алмайсың.  Ал  Орынбормен  қан  төгіспей 

бітімге  келеміз  деген  ниеттің  неге  апарып  соққанын  өзің  де  көріп  отырсың. 

Күнімжан  мен  екі  баламнан  айырылғаннан  басқа  не  таптым?  Енді  не  істеу 


330 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет