Көшпенділер 3



Pdf көрінісі
бет24/32
Дата27.01.2017
өлшемі2,05 Mb.
#2789
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Әдеби KZ 

жайлауларына  қарай  өткен  қол  туралы  Кенесарыға  хабар  бермек  түгіл,  көп 

солдат  қайта  оралып  осы  ауылда  тынығып  жатқандарында  «солдаттарды 

көрген  жоқпыз»  деп  бұларды  алдайды.  Артынан  анығын  естіген  Кенесары 

қаһарына  мініп,  бес  жүз  сыпайын  өзі  бастап  келіп,  осы  ауылды  шабады. 

«Бұларың  не,  әй?»  —  деп  үйден  жүгіріп  шыққан  әлгі  бала  жігіт,  ат  қағып  кетіп 

өледі. Ал Кенесары орасан қатігездік істейді. Ауылдың бас көтерер сегіз ақсақал 

билерін ат бауырынан өткізіп ұрып өлтіреді. Бар малдары мен отызға таяу қыз-

келіншектерін, елуге жуық жігіттерін байлап-матап алып кеше өзінің ордасына 

жүріп  кетеді.  Кектескен  сұлтан,  Ағыбай  басқарған  екі  жүз  сыпайына  ауылдың 

қалған  қатын-қалашын,  шал-кемпірін  тегіс  осы  арадан  көшіріп  өзінің 

қарамағына  айдап  әкелуді  бұйырады.  Үйлерін  жығып,  жұрттың  көшуге 

ыңғайланып жатқаны осы бұйрықты орындау әрекеті болып шығады. 

 

Есіркегеннің  жүрегі  тағы  да  удай  ашып  кетті.  Оның  көз  алдына  жаңағы 



қараша  үйдегі  сурет  елестей  қалды.  Хиуа,  Қоқан  хандарынан,  патша 

жендеттерінен  шабылып,  қан  жылаған  халқын  көріп  жүрегі  бір    өртенсе,  қаны 

бір қазақтан қан қақсаған халқын тағы көріп, жүрегі екі өртенді. 

 

— Кенекеңе хабар бермеген ел билеген ақсақалдар делік, — деді ол даусы 



кенет  дірілдеп  кетіп,  —  оларды  жазалау  бір  ретте  дұрыс  та  шығар.  Бірақ, 

осыншама зар жылатар өзге қарапайым жұрттың қандай жазығы бар?.. 

 

—  Кенекең  олай  ойламайды,  —  деді  Ағыбай  төмен  қарап.  —  Бауырлас 



қазағын  қыруға  өтіп  бара  жатқан  «кәрі  қылышты»  көре  тұра  бүкіл  ауылдан 

хабар  берер  бір  еркек  кіндікті  шықпағанына  сенгісі  келмейді.  Бүкіл  ауылды 

өзіне қас көреді. Сондықтан Кәрібай қарттың өшін Ахмет правительдің нағашы 

жұртынан алып отыр. Мен бұларды осылай шапсам, өзге жұрт кәрімнен қорқып 

екіншілей мұндай іс істемейді дейді. 


306 

Әдеби KZ 

 

—  Сонда  қайда  барса  да  қырылатын  бір  қазақ  екенін  Кенекең  ойламағаны 



ма? Бұл ел қамын ақылға салар кемеңгердің ісі ме? 

 

— Кенекең жау қазақтың қырылғанын жау солдаттардың қырылғанымен тең 



көреді. 

 

— Өзіңіз де солай ойлайсыз ба? 



 

—  Өз  басым  қан  майданда  бетпе-бет  келмесе  қарапайым  елге  қамшы 

көтеріп  көргем  жоқ.  Ал  бай  тұқымы  мен  төре  тұқымына  деген  мәңгілік  өшпес 

өшім бар. 

 

— Кенекең де төре тұқымы емес пе? Оған да өшіңіз бар ма? 



 

— Ж-оқ, — деді Ағыбай сөзін созып. — Кенекең ел қамын ойлаған адам, оны 

төре тұқымы деп санауға болмайды. Ол жалпы қазақтың жоқтаушысы. 

 

—  Жоқтаушысы  болса  мына  жазығы  жоқ  жұртқа  істеп  отырған  қиянатына 



жол  болсын!  —  Есіркегеннің  көз  алдына  тағы  да  қараша  үйдегі  сурет  елестеп 

кетті. 


 

Ағыбай тұнжырай қалды. Өзіне ермеген елге деген Кенесарының қаталдығы 

бұған да, Байтабынға да бататын. Бірақ серіктікке опалы батыр «ісі қиындалып 

тұрғанында ала ауыздық көрсетуім сөкет болар» деп сұлтанның қай қылығына 

болса да көніп баққан. Ал Байтабын сырын білдіріп алған. Мұндайды кешпейтін  

Кенесарының  қатыгездігі  өзіне  аян.  Ағыбай  жас  батыр  үшін  қобалжуда  еді. 

Есіркегеннің сөзі бітеу жарасының дәл үстінен басты. 

 

— Шырағым, — деді ол кенет күрсініп, — сен бір қиын сыр қозғадың ғой... 



 

— Баланың сөзі дұрыс, хабар бермедіңдер деп бұл ауылға біздің істегеніміз 

қатыгездік, — деді бір бүйірден сәл қоңырқай дауыс, — мүмкін хабар бергілері 

келген де болар, бірақ қорыққан шығар? Кенекеңнен өлді не, өз билерінен өлді 

не, ажалдың аты ажал, кімге болса да қорқынышты. 


307 

Әдеби KZ 

 

Есіркеген  дауыс  шыққан  жаққа  жалт  қарады.  Ол  енді  ғана  сол  жағындағы 



көгілдір  көзді  ақ  сары  жігітті  көрді.  Киімі  қазақша  болғанмен  түрі  орысқа  тым 

ұқсас. Бұл Жүсіп-Иосиф Гербурт еді. 

 

Есіркеген  Кенесары  әскерінде  қазақтан  басқа  орыс,  башқұрт,  татар  секілді 



бөтен  ұлттың  адамдары  да  бар  деген  сөзге  бұрыннан  қанық  болатын. 

Сондықтан ол: 

 

 — Сіз орыссыз ба? — деп сұрады таза орыс тілімен.  



 

Ауыл жігітінің орысша таза сөйлегеніне енді Иосиф Гербурт таңданды. 

 

— Орыспен бауырлас ұлттанмын, — деді ол күлімсірей. 



 

— Ғафу етіңіз, — деді Есіркеген өзін өзі ұстай алмай, — егер құпия болмаса, 

қазақ арасында қайдан жүрсіз? әлде тұтқын болып қолға түстіңіз бе? 

 

Гербурт жымия күлімсіреді. 



 

—  Жоқ.  Мені  қазақ  арасына  өз  ұлтымдағыдай  ұлттық  бостандық  арманы 

әкелді. 

 

 Үй іші қазақ жігітінің Жүсіппен басқа тілде сөйлеп кеткеніне аң-таң. Ағыбай 



ішінен: «Бәсе, Масан қарттың орысша оқып жатқан бір немересі бар деуші еді, 

мынау  сол  болды.  Дәу  де  болса  тегін  жүрген  жоқ,  ұстап  алып  өзін  Кенекеңе 

алып  барайын  ба?»  —  деді  ол  бір  реттен,  бірақ  бұл  ойынан  тез  қайтты.  «Жоқ, 

жоқ,  өйтуім  ағаттық  болар.  Жұрт  сыйлайтын  Масанның  немересін  ұстағаннан 

жақсы ат алмаспын. Алдынан жарылқасын, қоя берейін», — деп шешті. 

 

Ағыбай босатқанмен Есіркеген бірден жүріп кетпеді. Жаңағы орыс пішіндес 



жігітпен  тілдескісі  келді.  Иосиф  Гербурт  та  мұнымен  сөйлесуге  құмар  екен. 

Жолаушылар ас ішіп отырғандарында өзі келіп Есіркегенді ертіп, ауыл сыртына 

шығып кетті. Ұзақ сөйлесті. Бірімен бірі әбден танысты. Тек Иосиф Гербурт өзінің 

кім  екенін  айтқан  жоқ,  бірақ  қазақ  елінің  шын  досы  екенін  жасырмады. 

Есіркегеннің жолай көргенін естігенде, оның қам көңілін жұбатып: 

 


308 

Әдеби KZ 

 

— Қазақ халқының өзін өзі сақтап қалуда жалғыз ғана жолы бар. Ол Россияға 



қосылу,  —  деді.  —  Сенің  көргенің  Россия  патшасының  отаршылық  саясатын 

жүзеге  асыруға  шыққан  генералдардың  ісі.  Россияда  тек  қана  ақ  патша 

генералдары  емес,  сол  ақ  патшадан  зорлық,  зомбылық  көрген  қазақ  халқы 

секілді  ұлы  орыс  халқы  бар.  Түбі  сол  халықтың  дегені  болады.  Ал  ол  халық 

бостандыққа ұмтылуда. Сондықтан Россия жұртымен бірігу бұл үлкен прогрестік 

жол. 


 

Есіркеген кенет Гербуртке бұрыла қарады. 

 

— Осы айтқандарыңызды Кенесарыға айтып көрдіңіз бе? Ол не дейді? 



 

— Шет жағалап айтып көрдім. Мен оны алғашқыда шын ұлт күресінің көсемі 

ме  деп  ұғып  едім.  Сондай  ойда  келіп  қосылғам.  Бірақ  сұлтанның  ісі  де,  өзі  де 

маған күннен-күнге жұмбаққа айналып барады... Шамам келсе тағы да бір рет 

сөйлесем,  орынсыз  қан  төгудің  қате  жол  екенін  түсіндірем..  Ал  алда-жалда 

айтқанымды ұғар болмаса, амал не, жолымыз екі айырылады.... 

 

Есіркегендер Ағыбай көші қозғалардан бұрын жүріп кетті. 



 

Гербурт сөзі көкейіне қонғандай болғанмен де, көз алдынан Қоқан мен Хиуа 

хандарының барымталаған, ақ патшаның жендеттері талаған, Кенесары шапқан 

үш  ауылдың  қан  жылаған  суреттері  кетпей  қойды.  Хиуа,  Қоқан,  Россия  ақ 

патшасы,  қазақ  сұлтаны  —  төртеуі  төрт  жақтан  қанды  шоқпарларын  басына 

ойнатқан  сорлы  халқының  құрып  кетуге  таяу  тұрған  тағдырын  ойлағанда,  өн 

бойы өртеніп, көкірегі қарс айрыла қайғы билеп, өзін өзі ұстай алмай толықсып 

ат  үстінен  құлап  кете  жаздайды.  «Бұл  дағдарыстан  құтылар  қандай  жол  бар? 

Кім қолын береді? Бағанағы жігіт орыс халқы дейді. Бірақ сол орыс халқы, сол 

жігіттің өзі айтқанындай, теңдікке жетіп қол ұшын бергенінше, көрінген жендет 

топтар  Кәрібай  шалдың  аулындай  шаба  берсе  сорлы  қазақтың  несі  қалады? 

Жарық күнге жеткенше жалыны, түгіл, шоғы да сөніп бітпей ме?» 



309 

Әдеби KZ 

 

Осындай  ауыр  оймен  Орынборға  жеткен  Есіркеген,  Кенесарыға  қосылып  



кеткен өз руының бір жігітінен Күмістің генерал Генстің үйінде екенін естіді. 

 

— Бұл жанаралдың өзі қызық адам көрінеді, — деді әлгі жігіт, — солдаттары 



ауылды  шабады,  ал  өзі  жетім  қалған  қазақ  балаларын  үйінде  асырап 

тәрбиелейді. Күміс солардың бақташысы. 

 

Бұл  жігіт  Таймастың  Алтыншашқа  жіберген  құпия  адамы  болатын,  Генстің 



үйін жақсы біледі екен, Есіркегенге жол сілтеп жіберді. 

 

Есіркеген  келгенде Күміс үйде жоқ  екен.  Алтыншаш  екеуі жетім  балаларды 



ертіп қала шетіндегі орманға серуенге кетіпті. Жас жігітті генералдың өзі қарсы 

алды. Бұның Петербургке оқуға бара жатқанын естіп, тіпті еркін, ашық сөйлесті. 

 

—  Оқы.  Білім  алып  тезірек  қайт,  —  деді  ол  бір  сөзінде  Есіркегенге,  — 



сендердей көзі ашық азаматын күтіп отырған елдерің бар. 

 

—  Петербург  бізді  кім  етіп  дайындайтынына  кімнің  көзі  жеткен,  —  деді 



Есіркеген  генералдың  жылы  сөзі  көңілін  тебірентіп,  —  мүмкін  менен  де 

войсковой старшина Лебедев секілді орыстың бір қаншелек офицерін істер...  

 

—  Жоқ,  сен  ондай  жолға  түспе,  —  деді  шын  ойымен  генерал  Генс,  — 



Петербургте  демократшыл,  ақыл  ой  иесі  кісілер  көп.  Соларға  жақындай  біл. 

Олар сені қанды жолға салмайды... 

 

Есіркеген  аң-таң.  Орыс  генералы.  Айтып  отырғаны  патша  генералына  жат 



ойлар. Оның есіне бағанағы жігіттің «бұл жанаралдың өзі қызық адам...» деген 

сөзі  түсті.  «Рас  қызық  адам  болуы  керек...  Бір  ретте  шын ақ  жүрек  жан...  Әлде 

менімен  жай  қалжыңдасып  отыр  ма?  Солай  секілді...  Ақ  жүрек  адам  болса, 

Кәрібай  шалдың  аулын  неге  шаптырды?  Сондағы  жазықсыз  төгілген  қанда 

мұның да үлесі бар емес пе?!» 


310 

Әдеби KZ 

 

Кәрібай  шалдың  аулындағы  көрініс  көз  алдына  елестеп  кеткенде  Есіркеген  



өзін өзі ұстай алмады. Болған уақиғаны генералға тегіс айтып беріп, «бұған кім 

айыпты?» дегендей Генстің бетіне қарады. 

 

Генерал үн-түнсіз ұзақ отырды да, әлден уақытта барып: 



 

— Мексика, Перу жерлерін испандықтардың қалай билеп алғанын естігенің 

бар  ма?  —  деді.  Конкистадорлар  жергілікті  жұрттың  бірін  қалдырмай  қырмақ 

болған. Тіпті қазіргі Америка, Англия отаршылдарының саясатын алсақ онда да 

сол  қиянат.  Бұлар  да  бір  индеец,  бір  негр  қалдырмай  дүниеден  жоқ  етуге 

дайын...  Индеец  пен  негрді  біржолата  құртып  жіберуге  тек  қара  жұмысқа, 

плантацияларға  тегін  пайдаланатын  күш  керек...  сондықтан  ғана  оларды  құл 

ретінде  резервацияларда  амалсыз  ұстауда...  Егер  орыстың  Горчаков,  Скоблев 

секілді генералдарына салсаң осынау кең далада бірде-бір қазақ қалдырмауға 

бар.  Бірақ  бұлар  орыс  халқы  емес,  орыс  халқы  түгіл  саналы  оқығандарына  да 

жатпайды,  бұлар  Николай  Палкин  секілді  отаршыл  патшаның  ауыр  күржілері. 

Қазақ  басына  төнген  осындай  ауыр  күржілерді  біз  шамамыз  келгенше 

жеңілдетуге тырысудамыз. Бірақ бірден бар ойыңды іске асыра алмайсың, — ол 

сәл тоқтап қайта сөйледі. — әзірге біз азбыз, олар көп. Халық әлі оянбай жатыр. 

Сондықтан  мұндай  үлкен  күресте  жаңағы  сен  айтқандай  уақиғалар  болып 

тұрады.  Бірақ  қазақта  мақал  бар  ғой:  «Битке  өкпелеп,  тоныңды  отқа  салма» 

деген, ақ патшаға өкпелеймін деп орыстың демократшыл адамдарынан безуге 

болмайды.  Сен  де  безбе,  өйткені  олар  қазақ  секілді  кішкентай  ұлттың  үлкен 

қайғысына ортақ. 

 

Есіркеген генерал сөзінен үлкен әсер алса да үндемеді, ауыр жарасына шипа 



тапқандай, тыңдаған үстіне тыңдай бергісі келді. 

 

— Түбі, — деді генерал Генс, — қазақ халқы орыс халқымен достасады... Ал 



оған  дейін  патша  ағзамның  дегені  болады.  Қазақ  жерінде  оның  отаршылық 

311 

Әдеби KZ 

саясаты  әрі  кеткенде  енді  бір  жиырма  жылдың  ішінде  аяқталады.  Күш  қазір 

Россия  патшасының  жағында.  Россия  отаршылық  саясаты  дегеніне  жетпей 

тоқтамайды.  Ал  өз  мақсатына  жету  үшін  ақ  патша  аянбай  қан  төгуге  бар. 

Сондықтан осы жиырма жылдың ішінде қан неғұрлым аз төгілсе, соғұрлым бұл 

қиянат  қазақ  халқына  жеңіл  түседі.  Бірақ  мұны  басы  Кенесары  боп  ұқпайды. 

Олардың қимылы пілге үрген қанден күшікпен тең... 

 

Дәл  осы  кезде  Алтыншаш  пен  Күміс  келіп  сөз  бөлініп  кетті,  бірақ  Генстің 



айтқандары Есіркегеннің жүрегінде құран сөзіндей жатталып қалды. 

 

Күміс Есіркегенді туған ағасын көргендей көзінен жасы парлап, құшағын жая 



амандасты. 

 

Амал  не,  ұзақ  сөйлесуге  мүмкіншіліктері  болмады.  Есіркеген  ертеңіне 



Петебургке  жедел  баратын  жәмшіктермен  бірге  жүріп  кетті.  Тіл  ұшында 

айтылмаған сыр, көңілде шешілмеген жұмбақтар кете барды. 

 

   


 

 


312 

Әдеби KZ 

ІІІ 

 

 



Бір  мың  сегіз  жүз  қырық  бірінші,  қазақша  Сиыр  жылы,  қыркүйектің  жетісі 

күні,  Алашаханның  бейітінің  басында  үш  жүздің  ақсақал,  билері  жиналып 

Кенесарыны  ақ  кигізге  салып,  хан  көтерді.  Бұл  кезде  Иосиф  Гербурт-Жүсіп 

Торғайда  еді.  Кенесары  хан  болды  дегенді  естігеннен-ақ  Жүсіп  қатты  ренжіді. 

Қазақ елінің патша отаршылық саясатына қарсы күресін Кенесары өз арманына 

жетуге  пайдаланғанын  енді  түсініп,  көтерілістің  келешегіне  қауіптене  қарады. 

«Кенесарының  хан  болуы,  оның  өз  арманына  жеткен  жері,  бірақ  бұл  халық 

ереуілінің  біткен жері.  Енді жұрт  өзінің бостандығы,  жері  үшін  емес,  Кенесары 

көтерген жасыл тулы хандықты қорғаймын деп алысуға мәжбүр болады. Бұдан 

әрі  соңынан  ерген  ел  күннен-күнге  азая  түседі.  Ақырында  көкейкесті  тілегіне  

жете  алмайтынын  ұққан  халық  одан  біржолата  безеді.  Бұқара  жұртқа  бұдан 

былай  қарай  Кенесарыға  еріп  қырылғанша,  жан  сақтау  үшін  Россия 

империясының  қол  астына  кірген  жөн.  Бәрібір  Россия  империясы  Кенесарыны 

хан  етіп    қоймайды.  Ертең  қалың  қолмен  шабады.  Халық  мұны  неғұрлым  тез 

түсінсе,  оған  Россия  патшалығына  соғұрлым  бағыну  тиімді.  Бірақ  осыны  халық 

тез  түсінер  ме».  Халық  көтерілісінің  түбі  барып  феодалдық,  хандық  тартысқа 

айналғанын  көрген  Иосиф  Гербурт-Жүсіп  енді  Кенесары  ордасынан  кетпек 

болды.  Бірақ  он  жыл  өмірі  өткен,  жанындай  жақсы  көрген  қазақ  елін  басына 

қатерлі  күн  туған  кезде  тастап  кетудің  ретін  таба  алмады. «Хан  болып  шыққан 

биігі  —  құлаған  құзы  екенін  Кенесарының  өзі  түсінбеген  күнде  де  оның 

жанында  Таймас,  Сидақ  қожа  секілді  ақылды  адамдар  бар  емес  пе,  олар  неге 

түсінбейді?  Ең  болмаса  солармен  сөйлесейін,  соңдарынан  елін,  жерін  қорғап 

ерген  қалың  бұқара  Кенесарының  алдағанына  көзі  жеткенде  бұлардан  қол 

үзетінін айтайын. Мүмкін ақыл айтар төреге», — деді ол ішінен. 



313 

Әдеби KZ 

 

Бірақ  Жүсіп  екі  жағдайды  еске  алмады.  Бірі  Кенесары  бес  жыл  ұрыс-



айқастың  ішінде,  өз  маңына  тар  жол,  тайғақ  кешу  күн  туса  тастап  кетпейтін, 

әйгілі  батырлардан,  төре  тұқымы  туған-туысқандарынан  табанды  серіктер 

жинап,  оларды  жұмылған  жұмырықтай,  тастай  етіп  ұстай  білді,  Бұл  батыр, 

сұлтан,  билердің  әрқайсысының  соңында  аз  болсын,  көп  болсын  жеке  ауылы, 

руы бар. Рушылық әбден қанына сіңген қазақ батыры, биі қайда бастаса сонда 

барады. Кенесарының қасында мұндай серіктері бар деген сөз — елі бар деген 

сөзбен теңдес. Хандыққа, мансапқа, баққа таласатын адамдардың ең алдымен 

маңайына  өзін  сатпайтын  табанды  кісілерді  жинап  алуы  ежелгі  әдеттері. 

Мұндай тіректерсіз қандай ақылды қайраткер болса да ойлаған мақсатына жете 

алмайды.  Кенесары  да  бұл  әдісті  жақсы  пайдалана  білген  адам.  Оның  бір 

мықтылығының  өзі  де  осында  еді.  «Тек  Байтабын  батыр  ғана  ши  шығарғалы 

жүр  ме,  қалай  дейді  ішінен  сұлтан,  егер  көзім  шын  жетсе...»  Екіншісі:  бұрын 

басқа  үлгіде  мемлекет  болып  көрмеген,  әлі  де  феодалдық,  рушылық  сатыда 

жүрген  қазақ  еліне  хандық  деген  ұғым  —  жеке  ел  болып,  өзінің  жерін, 

еркіншілігін сақтау деген ұғыммен бір. Қалың бұқараға хан сайлау деген ұғым, 

оның  жеке  ел  болып  көсемімізді  сайладық  деген  ұғыммен  ұштасып  жатады. 

Осындай  түсініктегі  қалың  бұқара,  алғашқы  кезде  өзінің  Россия  патшасының 

отаршылық  саясатына  қарсы  бас  көтерген  қимылын  ақырында  кеп 

бостандықтары  үшін  емес,  Кенесарының  хандығы  үшін  күресіне  айналып 

кеткенін  аңғармады.  Шынында  да  Россия  патшалығына  бағындым  деп  бітім 

істей  тұрып  Кенесарының  өзін  хан  көтертуі,  ел  қамын  емес,  өз  қамын  ойлауы 

еді.  Бұл  баққұмар  сұлтанның  ғана  трагедиясы  емес,  бостандықты  көксеп 

алданған  халықтың  да  трагедиясы  еді.  Осы  трагедиясын  түсінбеген  ел 

Кенесарының  соңына  еріп  тағы  да  бес  жыл  күресті,  ақырында  қанға  батып 

қырылды... 


314 

Әдеби KZ 

 

Кенесары  қозғалысының  енді  халыққа  қаншалық  қауіпті  екенін  түсінген 



Гербурт-Жүсіп  Қасым  баласының  қандай  күшті  адам  екенін  де  енді  ғана  ұқты. 

«Тарихтың  әр  сатысында,  халық  арманының  бір  тоғысқан  түйінді  кездерінде 

осындай  адамдар  туады.  Олар  өздерінің  мақсаттарына  жету  үшін  халықты  да, 

тарихты  да,  бәрін  де  пайдалана  біледі.  Бұларда  да  құр  ғана  қаныпезерлік, 

адамды аямастық қана емес, ақыл да, амал да мол келеді. Кенесары да соның 

бірі. Егер осындай адам миллиондаған халқы бар үлкен елге жаратылса қайтер 

еді?  Азғантай  қазақ  халқын  қанша  қанға  батырса,  үлкен  елді  де  сонша  қанға 

батырар еді. Онда Кенесары қозғалысы кішкентай ел емес, үлкен ел трагедиясы  

болар  еді.  Халқының  кішкентайлығынан  бұл  елдің  үлкен  трагедиясы  өзге 

жұрттың  көзіне  кішкентай  трагедия  болып  көрінеді.  Сондықтан  да  кейде 

«Европа  хабаршысында»  ғана  қазақ  қозғалысы  туралы  қысқа-қысқа  хабарлар 

шығады.  Россияның  шығыс  бұрышында  қандай  айқастар  болып  жатқанын 

Европа  елдері  тіпті  білмейді.  Ал  түсінген  адамға  бұл  —  кішкентай  елдің 

трагедиясы.  Қазақ  жеріне  енді  бұрынғыдан  да  үлкен  қайғы  келді.  Ол  қайғы 

көзден  жас,    жүректен  қан  боп  ағады.  Кенесары  жұртты  Россия  отаршылдық 

саясатына қарсы көтеріп, ақырында өзі хан болды. Енді сол тағымнан түспеймін 

деп халықты ажалға қарсы айдап салады. Ал оны әлі күнге дейін елінің қамын 

ойлаған  кемеңгер  деп  түсінетін  жұрт  мұның  соңынан  тағы  ере  түседі.  Мұндай 

жағдайды  тарихта  жалғыз  Кенесары  пайдалана  білген  бе?  Жоқ,  бұл  талай 

қаһармандардың қайғылы үлесі. Наполеон да жаһанкездік ісін осылай бастаған 

жоқ  па  еді.  Франция  халқының  революциялық  рухын  пайдаланып, 

Бурбондарды  құртты,  роялистерді  Франция  жерінен  қуды.  Бұдан  артық  сол 

кезде  революциялық  іс  болар  ма?  Бірақ  артынан  өзі  император  болды.  Өзіне 

жол  ашқан  революцияны  өз  қолымен  тұншықтырды.  Кенесары  да  сөйтеді. 

Ертең  қазақ  жеріне  шын  мағынада  хан  бола  қалса,  Горчаков  пен 


315 

Әдеби KZ 

Қоңырқұлжаның  қазақ  халқына  істегенін  бұ  да  істейді.  Сонда  Кенесарының 

қозғалысы қандай қозғалыс? Россиядан қазақты бөліп алып, феодалдық хандық 

құру үшін күрескен халық тілегіне сәйкес емес кертартпа қозғалыс. Бұдан қазақ 

еліне  келер  пайда  жоқ.  Одан  да  қазақ  бұқарасына  Россия  империясының  қол 

астына кіру керек. Россия қол астына кіру деген сөз — орыс халқымен бір болу 

деген сөз. Келешегі де, қайғысы да, қуанышы да бір. Патша қысымшылығына да 

қарсы тізе қосып бірге күресе алады. Мәдениетке де бірге жетеді. Ал Кенесары 

болса өзінің феодалдық-хандық бөлшектенуімен қазақ елін орыс халқынан ұзақ 

уақытқа  бөлгелі  тұр.  Жоқ,  бұл  жағдайда  санасы  бар  азаматтармен  сөйлесу 

керек. Ел басына келгелі тұрған апатқа араша түсу керек».   

 

Бірақ  Гербурт-Жүсіп  Таймаспен  де,  әбілғазымен  де,  Сидақ  қожамен  де  тез 



кездесе  алмады.  Жоқ  жерден  Кенесарының  өзімен  сөйлесуге  мәжбүр  болды. 

Бұлар  бір  мың  сегіз  жүз  қырық  екінші,  Барыс  жылының  көктемінде  кездесті. 

Кенесары өткен жылғы қара суық күзде Перовскийдің жарлығы бойынша Қоқан 

жерінен  қайтып  келген  соң,  жылдағы  әдеті  бойынша  қалың  әскерін  елді-еліне 

таратты. Өзі азғантай төлеңгіт аулы мен төрт жылдан бері бауыр басқан Торғай 

өзенінің  жоғарғы  сағасындағы  қыстауында  қысты  тыныш  өткізіп  шықты. 

Перовский  мен  Генске  өкпелегендіктен  қыс  ішінде  олармен  хабарласа  қоюды 

да  жөн  көрмеген.  Бірақ  осы  Барыс  жылының  басында  Орынборда  Генстің 

үйінде жетім балаларға тәрбиеші болып жүрген Алтыншашқа жолығып қайтқан 

Байтабын суық хабар әкелді. Патша ағзам жақында Перовскийді орнынан алып 

Орынбор  әскери  губернаторы  етіп  генерал  Обручевті  тағайындапты-мыс. 

Байтабын; «Сірә, Генсті де босататын көрінеді, ісін тексеруге жіберіпті»,  — деп 

келген. Бұл хабарды естісімен қыстан тыныш шығуға айналған Кенесары түсінен 

шошып  оянған  адамдай  қобалжи  бастаған.  Қарамағындағы  рулардың 

басшыларына  ат  шаптырып  «әскерлерін  жылдағыдан  гөрі  ертерек,  қар 


316 

Әдеби KZ 

кетісімен,  көк  шығуға  қарамай-ақ,  Қара  Кеңгірдегі  Алашахан  моласының 

жанына  жеткізсін»,  —  деп  хабарландырған.  Өзі  де  сұрапыл  соғарын  сезген 

шағаладай  әлденеге  мазасы  кетіп,  біртүрлі  тынышсыздана  түскен.  Өйткені 

бұлармен тіл тауып, бітімге келгелі отырған Перовскийді патша ағзамның тегін 

түсірмегенін сезген... Және  астыртын Орынборға жіберген кісі арқылы, Генстің 

үйінде  анда-санда  бас  қосатын  офицерлердің  сөздерінен  «Обручевтің 

Кенесарыға  сенбейтінін»  Алтыншаш  та  хабарлаған.  Бұрын  Перовскийдің  тәк-

тәгімен  әзер  жүрген  Горчаковтың  енді  бұған  шабуыл  жасайтынын  Кенесары 

бірден ұққан. 

 

Осындай  қобалжуда  көкек  айы  өте  бастаған  кезде,  Кенесары  азырақ  бой 



сергітіп  қайтайын  деп  қасына  өзінің  батырларын  ертіп  Ақсақал  төбедегі  тоқал 

әйелі  қыстауының  маңындағы  қалың  жыңғылды  қыратқа  аң  аулауға  шыққан. 

Бұлар  жоқта,  Батыс  Сібір  генерал-губернаторы  жіберген  есауыл  Сотников 

басқарған  әскер  Қара  Торғайда  отырған  Күнімжан  аулын  шабады.  Біраз  малы 

мен екі баласын қоса, Күнімжанның өзін бас етіп, он адамды ұстап алып кетеді. 

 

Бұны естіген сұлтан аңнан қайтып келіп, Күнімжанның аулын кім шапқанын 



біле  алмай  әуре  болып  жүргенде,  арасында  он  күн  салмай,  есауыл  Сотников 

енді  Ақсақал  төбедегі  Кенесары  тоқалы  мен  Есенгелді,  Саржан  ауылдарына 

тиеді. Абайсыз отырған елді қанға бояп, жүзге таяу адамды шауып өлтіріп, мың 

түйе, үш мың бес жүз жылқы, он мың қоймен бірге жиырма бес адамды тұтқын 

етіп айдап әкетеді. 

 

Горчаковтың  бұл  қылығына  Кенесары  бұлқан-талқан  болып  ашуланады, 



өзіңе  кісі  қыру  керек  болса,  мен  де  көрсетейін  деп  атқа  мінеді.  Міне  осылай 

ызаға  әзер  шыдап  жүрген  күндердің  бірінде,  ордада  қағаз  жазып  отырған 

Жүсіпке: 


317 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет